Accessibility links

Қазақстанның жас спортшылары


Жазира Жаппарқұл Париждегі ересектер арасындағы әлем чемпионатында. Франция, 2011 жыл.

Жазира Жаппарқұл Париждегі ересектер арасындағы әлем чемпионатында. Франция, 2011 жыл.

Жасы 20-ға толмаған спортшыларының арасында әлемдік және құрлықтық жарыстарда талай рет жеңіске жеткендері де бар.

16 жастағы ауыр атлет Надежда Ногай жасөпірімдер арасында үш рет әлем чемпионы атанса, 19 жастағы велоспортшы Андрей Луценко жастар арасындағы әлем біріншілігінде алтын алды.

НАДЕЖДА НОГАЙ

16 жастағы Надежда Ногай екі жылдан бері ауыр атлетикамен айналысады. Ол әлемдік жарыстардағы алғашқы жеңісіне 2011 жылы жетті. Перу астанасы Лима қаласында өткен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 69 килограмнан жоғары салмақта жарысқа қатысып, 272 килограмды көтерді. Кейін Қазақстан құрамасының бас бапкерлері Ногайды 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатына апарған. Спортшы Малайзияда өткен әлем біріншілігінде өзінен төрт жас үлкен атлеттерден озып, тағы да алтын жүлдеге ие болды. Ногайдың Малайзияда көтерген салмағы – 270 килограмм. Ал 2012 жылдың қыркүйек айында Словакияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Надежда Ногай тағы да чемпион атанды.

ЖАЗИРА ЖАППАРҚҰЛ

19 жастағы Жазира Жаппарқұл Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыс ауданында туған. 16 жасында Сингапурде өткен жасөспірімдер арасындағы жазғы олимпиада ойындарында (2010 жылы) чемпион атанды. Осы жетістігінен кейін ұлттық құраманың бас бапкері Алексей Ни жас спортшыны 2011 жылы Парижде өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатына апарды. Небәрі 17 жасында үлкендер арасындағы әлемдік жарысқа қатысқан Жаппарқұл 13-орынды иеленген еді. Ал 2012 жылдың мамыр айында спортшы Гватемалада өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын жүлде алды.

– Қазір 2014 жылы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтетін Жазғы Азия ойындарына дайындалып жатырмын. Жарысқа жеке бапкерім Рашид Төлегенов дайындап жүр. Оған дейін 2013 жылы Астанада ересектер арасында Азия чемпионаты болады – соған да қатыссам деймін. Биыл желтоқсан айында 20 жасқа толамын. Содан кейін түбегейлі ересектер тобына өтемін. Ал негізгі мақсатым – 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін олимпиада ойындарына қатысу, – деді Жазира Жаппарқұл Азаттық тілшісіне.

АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО

20 жастағы велоспортшы Алексей Луценко 2012 жылы қыркүйек айында Голландияда өткен әлем чемпионатында алтын жүлдеге ие болды. Жастар Алексей Луценконың, жастар арасындағы әлем чемпионатын ұтып алған кезі. Голландия, 2012 жыл. (Сурет әлем чемпионатының ресми сайтынан алынған).

Алексей Луценконың, жастар арасындағы әлем чемпионатын ұтып алған кезі. Голландия, 2012 жыл. (Сурет әлем чемпионатының ресми сайтынан алынған).

арасындағы топтық жарысқа қатысқан Луценко Ресей, Испания, Голландия спортшыларын артқа тастады. Ол биыл маусым айында Канадада өткен «Ville Saguenay» веложарысында үшінші орын алды. Велоспортшы 18 жасында жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатын да (2010 жыл) ұтып алған. Жасөспірімдер арасында Сингапурде өткен олимпиада ойындарында төртінші орын алды.

Луценко осы жетістіктерінің арқасында кәсіби «Астана» велокомандасының қатарына қабылданды.

МАҚСАТ АЯЗБАЕВ

20 жастағы Мақсат Аязбаев – 2010 жылы Дубайда (БАӘ) өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Кипрде өткен «Гераскоп турының» екінші орын иегері (2010 жыл). Спортшы бұл жетістіктерінің барлығына 18 Жас велошабандоз Мақсат Аязбаев. (Сурет жеке мұрағаттан алынды)

Жас велошабандоз Мақсат Аязбаев. (Сурет жеке мұрағаттан алынды)

жасында жеткен. Ал биыл жас велоспортшы «Болгария турының» жалпы есептегі жеңімпазы атанды. Он күнге созылған жарысқа барлығы 114 жас спортшы қатысқан еді. Велошабандоз Мақсат Аязбаев Азаттық радиосының тілшісіне:

– Қазір студентпін. Сабағым мен спортты қатар алып жүруге тура келіп тұр. Биыл қыс бойы Эквадорда дайындалдым, кейін Монако қаласында жаттықтым. Сол дайындықтардың арқасында «Болгария турын» еш қиындықсыз ұтып алдым. Енді келер жылы Доминиканда, Малайзияда, Қытайда және Еуропа елдерінде өтетін жарыстарға қатысамыз, – деді.

ЕЛДОС СМЕТОВ

19 жастағы дзюдошы Елдос Сметов – Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі. 60 килограмм салмақта күресетін спортшы 2010 жылы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын алды. Осы жылы Марокко елінде өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті. Ал 2011 жылғы әлемдік сында қола жүлдеге ие болған. 2012 жылы Ташкент (Өзбекстан) қаласында өткен ересектер арасындағы әлем кубогының кезеңінде жеңімпаз атанды. Елдос Сметов - қазір Алматыдағы әскери оқу орнында студент.

ГАЛИНА ВИЩНЕВСКАЯ

18 жастағы Галина Вищневская – биатлоннан 2012 жылы Австрияның Инсбург Биатлоншы Галина Вишневская жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындарында. Австрия, 2012 жыл.

Биатлоншы Галина Вишневская жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындарында. Австрия, 2012 жыл.

қаласында өткен алғашқы жасөспірімдер арасындағы қысқы олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері. 2011 жылы Чехияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында – қола, ал 2012 жылы Финляндияда өткен әлемдік жарыстың күміс жүлдесін иеленген.

Спортшы биыл Қазақстан ұлттық құрамасына қабылданып, ересектер арасындағы жарыстарға қатысады.

ЮЛИЯ ГАЛЫШЕВА

19 жастағы Юлия Галышева – фристайлдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының екі дүркін жеңімпазы және бір рет күміс жүлде алған (2011, 2012). Ол – 2011 жылы Астана мен Алматыда өткен қысқы Азия ойындарының чемпионы (екі алтын медаль). Ересектер арасындағы әлем кубогының кезеңінде екі алтын, бір күміс, үш қола жүлде иеленген. Спортшы 2014 жылы Сочиде өтетін қысқы олимпиада ойындарына дайындалып жатыр. Галышева – фристайл спортындағы ең қиын «үш рет сальто айналу» элементін орындайтын әлемдегі санаулы спортшылардың бірі.

ДЕНИС ТЕН

19 жастағы Денис Тен – мәнерлеп сырғанаудан Азия ойындарының (2011 жыл) Мәнерлеп сырғанаудан Азия ойындарының чемпионы Денис Тен Ванкувер олимпиадасы кезінде.

Мәнерлеп сырғанаудан Азия ойындарының чемпионы Денис Тен Ванкувер олимпиадасы кезінде.

чемпионы. 2009 жылы Беларусьте өткен әлемдік Гран-При жарысының жеңімпазы. 2009 жылы Лос-Анжелес (АҚШ) қаласында өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында сегізінші орын алған.

Денис Тен - 2010 жылы Ванкувер олимпиадасына қатысып, үздік ондыққа енген спортшы.

Мәнерлеп сырғанаушы қазір АҚШ-та жаттығады. Бапкері – америкалық маман Фрэнк Каролл.

Бұл тақырыпты автордың Facebook-тегі жеке парағында да талқылай аласыздар.
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG