Accessibility links

Заманбек Нұрқаділовті еске алуға келгендер оны өлтіргендерді табуды талап етті


Заманбек Нұрқаділовтің зират басындағы мүсіні. Алматы, 12 қараша 2011 жыл.

Заманбек Нұрқаділовтің зират басындағы мүсіні. Алматы, 12 қараша 2011 жыл.

Қарашаның 12-сі күні Алматыда жекелеген қоғам қайраткерлері мен журналистер қаза болғанына алты жыл толған саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің зиратына гүл шоқтарын қойып, марқұмға құран бағыштады.


«БАТЫРҒА ТӘН МІНЕЗІ БАР ЕДІ»

Сенбі күні таңертең Кеңсайдағы Заманбек Нұрқаділовтың зираты басына жиналғандар арада алты жыл өтсе де, марқұмның өлімі әлі күнге дейін жұмбақ күйінде қалып отырғандығын айтты.

– Ол Алматыда әкім болып тұрғанда осы қалада қазақтардың қарасын Ғабиден Жәкеев (оң жақта) Заманбек Нұрқаділовтің зираты басында сөйлеп тұр. Алматы, 12 қараша 2011 ж.

Ғабиден Жәкеев (оң жақта) Заманбек Нұрқаділовтің зираты басында сөйлеп тұр. Алматы, 12 қараша 2011 ж.

көбейтуге үлкен үлес қосты. Алматыдан жер алып үй салған қарапайым ауыл қазағы да, сол кісінің қамқорлығымен баспаналы болғаны зиялы қауым өкілдері де аз емес. Бірақ Зәкеңнің өз үйінде қасақана өлтірілгеніне алты жыл өтсе де, қылмыс әлі ашылмады, ал ол жайындағы әңгімелер ас үйдің төңірегінен аса алмай келе жатыр, – деді сөйлегендердің бірі Ғабиден Жәкеев.

Ол бүгінгі зират басына жиналған жұртқа үкімет орындарынан қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің қазасына қатысты қылмысты ашуды талап етіп, қоғамдық комиссия құру туралы ұсыныс білдірді.

Ғабиден Жәкеев марқұм Заманбек Нұрқаділовтің қазасы туралы


Бұл күні зират басына келген бас-аяғы отыз шақты адамның қатарында қоғам қайраткерлері, бірқатар тәуелсіз басылымдардың журналистері және Заманбек Нұрқаділовті көзі тірісінде білген жұртшылық өкілдері болды. Олар марқұмның өмірі мен атқарған ісін еске алды.

– Бұл өмірден кеткенінен бері айлар, жылдар өткен сайын оның тұлғасы да биіктеп бара жатқандай көрінеді маған. Қазақ батырына тән мінез-қасиеті болған Зәкеңнің дәл қазіргідей кезеңде арамызда жоқтығы қатты білініп отыр. Әрине, он бес-он алты миллион халықтың арасында ондай тұлға жоқ деп айту артық болар, бірақ, ел-жұрт қысылтаяң шақта көптің ішінен Алматы қалалық әкімшілігінің бұрынғы қызметкері Сапура Жүсіпова. Алматы, 12 қараша 2011 ж.

Алматы қалалық әкімшілігінің бұрынғы қызметкері Сапура Жүсіпова. Алматы, 12 қараша 2011 ж.

суырылып шығатындарды іздейді ғой. Ол кісімен он жылдан астам уақыт бірге жұмыс істедім, ер азаматқа тән мәрттігін, туған халқына деген қамқорлығын, елге істеген жақсылығын – бәрін-бәрін көзім көрді. Амал қанша, осындай азаматтардың құрбан болып кеткеніне өкінесің, – дейді Алматы қаласы әкімшілігінің бұрынғы жауапты қызметкері Сапура Жүсіпова.

Қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдарын жасаушы шебер Мұрат Жүсіп марқұм Заманбек Нұрқаділовтің Алматының әкімі болып тұрған кезінде, АҚШ-тың Джон Кеннеди атындағы қордың қолдауымен қалада «Шеберлер ауылының» дүниеге келгенін айтып берді.

– Алғашында шеберлер ауылына америкалық қор берген шатыр тігіп, бір нәрсе ұйымдастырғалы жатыр деген хабарды естіп ашу танытты. «Бұл жерге не жасағалы жатырсыңдар, неткен бассыздық?» деп сұрады түсін суытып. Мен оған: «Ей, Заманбек! Бұлар біздің атадан қалған кәсібімізді қайта қалпына келтіруге жәрдем беріп, бізге тегін шеберхана салып бермекші, сен өңіңді олай суытпай, қайта осыларды анда-мұнда жүгіртпей, көмектес. Сонда ертеңгі күні ұрпақ бұл ауылға сенің де еңбегің бар екендігін бағалайтын болады» дедім. Ол жағдайды түсінген соң сөзге келместен жәрдемін беріп, әлгілермен қолма қол келісіп, мәселені шешіп берді. Әкімнің ісіне разы болған біздің жігіттер оған өздері жасаған айбалта сыйлаған еді. Сонда, Заманбектің мәрттігі, «мен өзім де айбалтамын ғой» деп, жаңағы сыйлықты АҚШ-тан келген құрметті қонаққа тарту еткен еді. Міне осы сияқты оның істері аз емес еді. Мысалы, Алматының аумағына ауылдан келген қазақтардың қоныстануына оның еңбегі сіңді, егер сол жақсылығын ұмытпаған болса, бүгін солар аруаққа құран бағыштап келер еді солар, – деп сөзін аяқтады Мұрат шебер.

САЯСИ ӨЛІМ

Зират басындағы сөзінде «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбайұлы Нұрқаділовтің өлімі – саяси қаза деген пікір айтты.

– Осындай қайраткерді президент Нұрсұлтан Назарбаевқа қарсы Заманбек Нұрқаділовтің қаза болғанына 6 жыл толуына орай марқұмның зиратында құран бағышталды. Сол жақтан бірінші - Мұрат Жүсіпов, онан кейін - Рысбек Сәрсенбайұлы. Алматы, 12 қараша 2011 ж.

Заманбек Нұрқаділовтің қаза болғанына 6 жыл толуына орай марқұмның зиратында құран бағышталды. Сол жақтан бірінші - Мұрат Жүсіпов, онан кейін - Рысбек Сәрсенбайұлы. Алматы, 12 қараша 2011 ж.

келгендігі үшін өмірден ерте оздыру – саяси қылмыс. Бәлкім, оны өлтіру туралы тапсырманы Назарбаев бермеген шығар, ондай тапсырысты оның төңірегіндегілер берген шығар – ол жағы әлі белгісіз, осы анықталу керек. Және бұл осы бүгінгі билік бар кезде анықталуы керек, – деді Рысбек Сәрсенбайұлы.

Ол Заманбек Нұрқаділовпен бірге Алтынбек Сәрсенбайұлы мен Асхат Шәріпжановтардың қазасына да қатысты екендігін қадап айтты.

– Егер билік осы қылмыстарды ашқызса, онда оның қолы мен ары таза, ал егер осы үш қылмыс және басқа да қылмыстарды ашқызбаса, онда бұл биліктің қолы қанды, ары – жоқ. Онда бұл билік – қылмыскер болады, – деді Рысбек Сәрсенбайұлы.

Заманбек Нұрқаділов туралы Рысбек Сәрсенбайұлының сөзі


2004 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қатаң сынаған мәлімдемелерімен қоғам назарына өзіне аударған саясаткер Заманбек Нұрқаділов 2005 жылы 12 қарашада Алматыдағы өз үйінде жұмбақ жағдайда қаза болды. Оған жүрек тұсынан екі рет және басынан бір рет тапаншадан оқ атылғаны анықталды.

Ресми жүргізілген тергеу «Нұрқаділов өзін-өзі атып өлтірген» деген қорытынды жасады.

Бірақ Қазақстанның оппозициялық күштері мен марқұмның жұбайы Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділов билікке жақпаған мінезі үшін қасақана өлтірілген деп санайды.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG