Accessibility links

Қазақстанның оппозициялық ұйымдары Жаңаөзен оқиғасының 100 күндігі – 24 наурызды қаралы күн деп атады. Азаттық радиосы ұйымдастырған дөңгелек үстелде бас қосқан сарапшылар «Қазақстан билігі сол 100 күннің ішінде не тындырды, не істемеді» деген мәселе жөнінде пікір таластырды.


Жаңаөзен мен Шетпеде шерушілерді күшпен қуып тарату барысында, кем дегенде, 17 адам қаза тауып, 100-ден аса адам жарақат алды (ресми есеп бойынша). Оппозиция қаза болғандардың саны бұдан әлдеқайда көп екенін айтады.

Қазақстан билігі «полицейлер өздерін және қаланың бейбіт тұрғындарын қарулы басбұзарлардан қорғау мақсатында қару қолданды» деген мәлімдеген еді. Алайда тұрғындар түсірген бейнежазбалар бұл мәлімдемені жоққа шығарып отыр.

АЙЫПТЫЛАРДЫ ІЗДЕУГЕ КЕТКЕН 100 КҮН

«Самұрық-Қазына» қоры жанынан құрылған әлеуметтік серіктестік орталығының директоры Нұрлан Ерімбетов «билік орындарының ашық пікірсайыстан бас тартып отырғанына» өкініш білдірді.

«Елдің ішінде немесе оның кейбір аймақтарында не болып жатқанын халыққа ашық «Самұрық-Қазына» қоры жанынан құрылған әлеуметтік серіктестік орталығының директоры Нұрлан Ерімбетов. Алматы, 3 қараша 2009 жыл.

«Самұрық-Қазына» қоры жанынан құрылған әлеуметтік серіктестік орталығының директоры Нұрлан Ерімбетов. Алматы, 3 қараша 2009 жыл.

айтып, нақты түсіндіре алмауы – биліктің осал тұсы» деп есептейді Ерімбетов. Ол биліктің дәл осылай осалдық танытуы түрлі қауесеттер мен алып-қашпа сөздердің тууына себеп болады.

– Жаңаөзен қаласында тұтас қоғамның талай түйткілді проблемасын ашып берген қасіретті оқиға болды. Дәл қазір президент Назарбаев та, басқалар да өз қателіктері мен осы қасіретке ұрындырған олқылықтарды мойындап отыр, – дейді ол.

Тәуелсіз қоғамдық комиссияның белсендісі, «Жас Алаш» газетінің редакторы Рысбек Сәрсенбай оған қарсы уәж айтып:

– Жаңаөзен оқиғасын биліктің қателігі емес, мемлекеттің өз халқына қарсы жасаған қылмысы деп тануға тиіспіз, – деді.

Рысбек Сәрсенбайдың пайымдауынша, кез келген қылмыстың міндетті түрде тапсырыс берушісі мен орындаушысы болады. Ол «Жаңаөзендегі қантөгіске тапсырыс берген нақты адамның аты аталып, түсі түстеліп, жазаға тартылар ма екен?» деген сауал қойып, өзі бұған сенбейтінін айтты.

«ІШКІ ҮРЕЙ ҚАЛДЫ»

Рысбек Сәрсенбай қаза тапқандардың ресми тізіміне енбей қалуы мүмкін бірқатар жағдайларға мысал келтірді. Мысалы, оның жорамалы бойынша, 16 жастағы бала оққа ұшса, Жаңаөзен қаласының тағы бір тұрғыны дүкенге темекі алуға шыққан күйі із-түзсіз жоғалып кеткен.

Азаттық радиосының тілшісі, Жаңаөзенге екі рет барып қайтқан Қазис Тоғызбаев қаладағы қантөгістен кейінгі ахуалды үш айдан соңғы жағдаймен салыстырды.

Тоғызбаев алғаш бұл қалаға 2011 жылдың 18-19 желтоқсанында, екінші рет қанды Азаттық радиосының тілшісі Қазис Тоғызбаев.

Азаттық радиосының тілшісі Қазис Тоғызбаев.

оқиғадан шамамен үш ай өткен соң барған еді. Алғашқы сапарында ол «Жаңаөзеннің еркек кіндік азаматтары көшеге еркін шығудан қалғанын, әр жүз метр сайын тексеру-тінтуге тап болып, кейде тұтқынға алынып жатқанын, әр бұрылыс-қиылыста автомат асынған арнайы жасақ сарбаздары тұрғанын» көріпті.

Оның байқауынша, алғашқы сапары кезінде Жаңаөзендегі адамдардың бойындағы қорқыныш-үрей анық сезілген, ал қазір сырт қарағанда мұндай үрей жоқ сияқты болғанымен, ішкі үрей бар.

Азаттық тілшісімен әңгімелескен қала тұрғындары биліктің «қаза тапқан әр адамның отбасына бір миллион теңге қаржы бөлеміз» деген уәдесіне көңілі толмайтындарын айтып жатты. Халық өтемақының кем дегенде он есе көп болуын талап етіп отыр.

АҚТАУДАҒЫ СОТ – 27 НАУРЫЗДА

Оппозиция белсендісі Ерлан Қалиев Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктерге қатысты іс бойынша 27 наурызда басталатын сот отырысы шынайы және ашық өтеді дегенге күмәнданды.

– Біріншіден, сот отырысы Ақтаудағы оралмандарды оңалту орталығының ғимаратында өтпек. Ол қаланың шетінде орналасқан. Залға, ары кетсе, 50 адам Оппозиция белсендісі Ерлан Қалиев. Алматы, 29 ақпан 2012 жыл.

Оппозиция белсендісі Ерлан Қалиев. Алматы, 29 ақпан 2012 жыл.

ғана сыяды. Сотқа ісі қаралмақ 37 адам мен оларды қорғайтын осынша адвокат қатысады. Журналистер мен айыпталушылардың туған-туыстары, жәбірленушілерге тиер орын жоқ. Екіншіден, сотта қаралатын оқиға Жаңаөзенде өткендіктен және оның тұрғындары шынымен де, билік мәлімдегендей, тұтқынға алынғандардың кінәсінен зардап шеккен болса, сот отырысын ашық әрі жапа шеккендердің барлығы қатыса алатындай жағдай жасап, Жаңаөзендегі мұнайшылар сарайында өткізген жөн болар еді. Алайда биліктегілер бұл процесті барынша оқшаулауға тырысып, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуына шектеу қоюға жанталасып жатыр дейді, – ол.

Ал әлеуметтанушы Нұрлан Ерімбетов «Ақтаудағы сот отырысы Қазақстанның бүкіл құқық қорғау органдарының әділеттілігі, төрелігі мен тәуелсіздігін сын тезіне салар сынақ болмақ» деп есептейді.

– Әрине, осы сот отырысынан кейін әрқайсымыз белгілі бір саяси шешімге келмекпіз, – деді Нұрлан Ерімбетов.

Азаттық радиосы Жаңаөзен оқиғасын дөңгелек үстелде де талқылады. Қазақстан бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков бұл тақырып жайлы сөйлесуден бас тартты.

Дөңгелек үстелдің толық аудио нұсқасын мына жерден тыңдауға болады:

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG