Accessibility links

Жаңаөзенге жаңа әкім тағайындалды


Жаңаөзен қаласы әкімшілігінің өртенген ғимараты. 18 желтоқсан, 2011 жыл.

Жаңаөзен қаласы әкімшілігінің өртенген ғимараты. 18 желтоқсан, 2011 жыл.

Үстінен қылмыстық іс қозғалған Жаңаөзен қаласының әкімі Орақ Сарбөпеев қызметінен босатылып, оның орнына Серікбай Тұрымов келді. Оны Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджанов бүгін қалалық мәслихатқа таныстырды.


Азаттық тілшісіне Маңғыстау облыстық әкімдігінің ішкі саясат басқармасы қызметкері Нұрбол Телегенов Жаңаөзен қаласының жаңа әкімі Серікбай Тұрымовтың бүгіннен бастап жұмысқа кіріскенін айтты.

Жаңаөзеннің бұрынғы әкімі Сарбөпеев қызметінен кеше, ақпанның 8-і босатылған. Мұхамеджанов Жаңаөзен қаласы мәслихатының депутаттарына Сарбөпеевтің
Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеев. Жаңаөзен,19 желтоқсан, 2011 жыл.

Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеев. Жаңаөзен,19 желтоқсан, 2011 жыл.

орнынан алыну себебін "Өздеріңіз білесіздер, оған қарсы қаржы полициясы іс қозғады" деп түсіндірді. Ал Серікбай Тұрымов бұған дейін Маңғыстау облысының Түпқараған ауданының әкімі қызметін атқарған.

Депутаттармен таныстыру рәсімінде Маңғыстау облысының әкімі Мұхамеджанов жаңа әкім Тұрымовқа қордаланған мәселелерді «Өзенмұнайгаз» кәсіпорнымен бірігіп шешу қажеттігін ескерткен.

2011 жылы желтоқсанның 16-сы Жаңаөзен қаласында ереуілшілер мен полиция арасында қақтығыс болып, полицейлер атқан оқтан 17 адам қаза тауып, 100-ден аса адам жарақат алды.

Қазақстанның бас прокуроры Асхат Дауылбаев 2012 жылы қаңтардың 25-і күні мемлекеттік телеарналар арқылы Жаңаөзен оқиғасы туралы мәлімдеме таратып, Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімдері Жалғас Бабаханов пен Орақ Сарбөпеев «қала тұрғындарының мүдделеріне қарамастан, бірнеше жылдар бойы жергілікті халық пен мұнай-газ саласындағы жұмысшыларды әлеуметтік-экономикалық қолдауға бөлінген қаражатты ұрлаған» деген болатын.

Дауылбаев ақша ұрлау әрекеттері «Жанашыр» және «Жарылқау» қоғамдық қорлары арқылы жүзеге асқанын, бұл қорларда «Қазмұнайгаз» барлау өндіру» акционерлік қоғамының тұрғындарға әлеуметтік қолдау көрсетуге арналған қаражаты шоғырланғанын, ақшаның басым бөлігі қолма-қол ақшаға айналдырылып, иемделгенін айтқан еді.

Ақпанның 5-інде Ресейде емделіп жатыр делінген Сарбөпеев Ақтауға шақыртылды. Сот санкциясымен ол екі ай мерзімге тұтқындалды. Сарбөпеевтің алдында Жаңаөзеннің әкімі болған Жалғас Бабаханов та қамауда отыр.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG