Accessibility links

Сотқа Ешманов, Нұрымбетов және Айтқұловты шақырды


Солдан оңға қарай: айыпталушылар Ақжанат Әминов, Серік Сапарғали, Владимир Козлов. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл. (Сурет Lada.kz сайтынан алынды).

Солдан оңға қарай: айыпталушылар Ақжанат Әминов, Серік Сапарғали, Владимир Козлов. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл. (Сурет Lada.kz сайтынан алынды).

Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Ақжанат Әминовтердің Ақтауда өтіп жатқан сотында бүгін айыптау тарабы шақырған куәгерлер сұрала бастады. Кеше мұндай куәгерлер саны 41 екені айтылған.

Бүгінгі сот басталарда журналистерге аудио-бейне таспаларға түсіруге болмайтыны туралы хаттама таратылды.

Әуелі «Өзенмұнайгаз» компаниясының басшысы Киікбай Ешмановтан жауап алынды.

Екі жарым сағат сөйлеп, түске дейінгі сотты аяқтаған Киікбай Ешманов айыпталушылардың бірі Ақжанат Әминовке қарсы куәлік берді.

ЕШМАНОВ «ЕЛ БИЛІГІНЕ ҚОЛ СҰҒУШЫЛАРДЫ» АЙТТЫ

Ешмановтың айтуынша, ереуілдер легі 2008 жылдан басталды. 2008 жылы басталған алғашқы ереуілге басшылық еткен Ақжанат Әминов болған. Сол жолы олардың мекемеге өзгеріс енгізбеуді, жалақыны көтеруді талап еткен талаптарын ұлттық компанияның бұрынғы директоры Серік Бүркітбаев пен «Қазмұнайгаз» барлау өндіру компаниясының директоры Асқар Балжанов келіп қанағаттандырған.

- Содан бастап Әминовтің абыройы арта түсті, жақтастары көбейді, - деді Киікбай Ешманов.

Сөйлеген кезде мақал-мәтелдетіп, елді ұйытып алуға тырысқан Ешманов өзі «Өзенмұнайгазда» басшылық қызметте жүргенде 15-тен астам жиылыс өткізіп, «елді ауызбіршілікке шақырғанын» баса айтты.

Киікбай Ешманов «Жаңаөзендегі жағдайды саяси партиялар мен саясаткерлер, ақпарат құралдары ушықтырып жібергенін», «Жаңаөзен тұрғындары «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарын көруді қойып, барлық жаңалықты «К-плюс» арнасынан білетінін» айтты.

– Оппозионерлерді мұнайшылар құрметпен қарсы алды. Өздерін қолдаған Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Ақжанат Әминовтің сотындағы прокурорлар. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.

Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Ақжанат Әминовтің сотындағы прокурорлар. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.

адамдар мұнайшыларға дос болып көрінді, – деді Киікбай Ешманов.

Ешманов өзінің жауабын қағаздан оқыды. Оның жауабының аударылған дайын нұсқасы аудармашыларда да бар екен. Сот кезінде аудармашылар да қазақ тілінен орысшаға аударылған дайын мәтінді қатысушыларға оқып берді.

Куәгерге екі тарап та сұрақтар қойды. Айыпталушылардың арасынан тек Ақжанат Әминов қана Киікбай Ешмановқа ешбір сұрақ қоймады.

- Айыптау құжатының 99-бетінде мені «арандатушы» деп атадыңыз. Оған не себеп болды, - деп сұрады айыпталушы Владимир Козлов Киікбай Ешмановтан.

Оған Ешманов «Егер сіз келіп кеткен соң ереуіл тарқап кетсе, мен олай деп ойламас едім. Сіз үнемі оларға қолдау білдіріп жүрдіңіз» деп жауап берді.

Киікбай Ешмановтан жауап алу түстен кейін де жалғасты.

- Ел билігіне қол сұғып, арандатушылық әрекеттерге барып жүргендерді мен ел азаматы деп санамаймын. Бірақ олар жұмыстан заңды шығарылса да, ел азаматы болып қала берді, - деді Ешманов соттағы сөзінде.

ВИЦЕ-МИНИСТРДІҢ ПІКІРІ ПРЕЗИДЕНТТІҢ СӨЗІМЕН ҚАБЫСПАДЫ

Куәлік етуге келесі кезекте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов шақырылды. Ол ереуілшілер әрекетіне заңдық баға беруге тырысты, ереуілшілерге алғаш рет 2010 жылы келгенін айтты.

- Ереуілшілермен болған кездесу және бітімгершілік комиссиясы жұмысы оң Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов. Астана, 25 сәуір 2012 жыл.

Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов. Астана, 25 сәуір 2012 жыл.

нәтижеге қол жеткізген жоқ. Олардың талаптары заңсыз болды. Жұмыстан шығарылған жұмысшыларды кері қабылдау мүмкін емес, ол - еңбек заңына қайшы нәрсе, - деді Біржан Нұрымбетов.

Оның айтуынша, жұмысшылар жалақысын тұрақты және ауыспалы деп бөлуге болады. Айлық жалақыға жұмыс қорытындысы бойынша төлентін сыйақы бар. Оның көлемі орындалған жоспарға байланысты. Сондықтан жалақы 75 пайыздан төмендеп кетпеу қарастырылған.

Еңбек вице-министрінің айтуынша, айыпталушы Серік Сапарғали Жаңаөзендегі бітімгершілік комиссиясына тәуелсіз сарапшы болып қатысқанымен, «жалақының шын мәнінде жұмысшыларға тиімділігі жайлы айтып түсіндіруден бас тартқан». Біржан Нұрымбетов «ереуілшілер талабы - заңсыз» деп мәлімдеді.

- Елбасы өз сөзінде жұмысшылар талабы заңдылығын айтты. Ал сіз не себепті заңсыз деп санап тұрсыз? – деп сұрады адвокат Венера Сәрсенбина одан.

Алайда прокурорлар наразылық танытып, сот бұл сұрақты күн тәртібінен алып тастады.

КИІЗ ҮЙ СӨЗ БОЛҒАНДА АЙТҚҰЛОВ ЕШМАНОВТЫ ІЗДЕДІ

Біржан Нұрымбетовтен соң жауап алуға Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Амангелді Айтқұлов әкелінді. Оның қолындағы кісені сот залына кірген соң ғана шешілді.

Сотта Айтқұловтың әжептәуір мазасызданып тұрғаны байқалады. Оған аударма Амангелді Айтқұлов Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары кезінде. Жаңаөзен, 18 желтоқсан 2011 жыл.

Амангелді Айтқұлов Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары кезінде. Жаңаөзен, 18 желтоқсан 2011 жыл.

ұнамай, қайта-қайта ескерту жасаумен болды. Айтқұловтан жауап алу да үш сағатқа созылды.

Амангелді Айтқұловтың айтуынша, «жұмысшылар ереуілі бел ала бастағаннан соң-ақ Маңғыстау аймағына түрлі оппозициялық партиялар қызығушылық танытты».

- Менің ойымша, олар ереуілді өзінің саяси мақсатына пайдаланды. Оның соңы немен біткенін бәріміз білеміз, - деді Амангелді Айтқұлов.

Айыпталушы Владимир Козлов Айтқұловтан саяси партиялардың қандай ойы болуы мүмкін екенін сұрады.

Амангелді Айтқұловтың айтуынша ереуілшілер талабы тым қарапайым болған, олар тек жалақы мәселесін қозғап, оны саясиландыруды қаламаған.

- Алайда тіркелмеген «Алға» партиясының Маңғыстауға қызығушылығы ерекше болды. Мәселен, жаңаөзендік Айжангүл Әмірова сіз туралы «шеф солай деді» деп айтумен болды, - деп жауап берді Айтқұлов Козловқа.

Адвокат Венера Сәрсенбина куәгер Амангелді Айтқұловтан:

- Киікбай Ешманов жауабында 16 желтоқсанда киіз үйлерді алаңның ортасына тігуге сіздің Сарбөпеевпен бірге нұсқау бергеніңізді айтады. Оған не айтасыз? - деп сұрады.

- Ешманов менің осындай нұсқау бергенімді растай алса, айтсын. Қажет болса Ешманов сот залына шақырылып жауап берсін, - деді Амангелді Айтқұлов.

Владимир Козловтың адвокаты Ешманов пен Айтқұловты беттестіруді сұрады. Алайда Киікбай Ешманов сот ғимаратынан кетіп қалған екен.

«ӘЛЕУМЕТТІК АРАЗДЫҚ»

Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Ақжанат Әминовтің соты тамыздың 16-сы күні басталды. Сот Ақтау қаласындағы қылмыстық істер бойынша ауданаралық облыстық сот ғимаратында өтіп жатыр. Істі судья Бердібек Мырзабеков жүргізіп отыр.

Тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козловқа «әлеуметтік араздықты қоздыру» (164-бап 3-бөлім), «Қазақстан Республикасының Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Ақжанат Әминовтің адвокаттары. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.

Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Ақжанат Әминовтің адвокаттары. Ақтау, 16 тамыз 2012 жыл.

конституциялық құрылымын күшпен құлатуға немесе өзгертуге не оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақыру» (170-бап 2-бөлім) және «ұйымдасқан қылмыстық топ құру» (235-бап 1-тармақ) баптары бойынша айыптар тағылған.

«Халық майданы» қозғалысының өкілі Серік Сапарғали екі бап (164 және 170-баптар) бойынша айыпталып отыр.

Ақпарат бойынша, қоғамдық белсенді Ақжанат Әминов те осындай сипаттағы үш бап бойынша айыпталған.

Бүгін кешкі сағат 19-ға дейін барған сот процессі келесі дүйсенбіде қайта жалғасады.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG