Accessibility links

Ереуілші мұнайшылар жұмыс берушімен мәмілеге келе алмады


Қала алаңына жиналған ереуілші мұнайшылар. Жаңаөзен, 1 қыркүйек 2011 жыл.
Қала алаңына жиналған ереуілші мұнайшылар. Жаңаөзен, 1 қыркүйек 2011 жыл.

Жаңаөзен қаласында шенеуніктер мен жұмыс берушіден құралған топтың ереуілші мұнайшылармен екі күнге созылған кездесуі нәтижесіз аяқталды.


«Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының операторы Марат Жүсіпбаевтың айтуынша, Жаңаөзендегі кездесуге келген топ ереуілшілерді тез арада басқа жұмысқа шығуға үгіттеген.

«ЖОҒАЛТАТЫН ЕШТЕҢЕМІЗ ҚАЛҒАН ЖОҚ»

Марат Жүсіпбаевтың сөзіне сүйенсек, түнгі сағат 11-ге дейін созылған екі күндік басқосуда әр тарап өз пікірлерінен айнымаған.

– Олардың мақсаттары – тек бізді дегеніне көндіру ғана болды, сол үшін ғана келгенін түсіндік. Жұмысты тек бұрғышы, құрастырушы сияқты жұмыстарды атқаратын маман-жігіттерге ғана ұсынды. Сонда әйелдерді не істемек? – дейді ол.

Марат Жүсіпбаев жұмыстан босатылған «Өзенмұнайгаз» өндірістік
Жаңаөзен қаласындағы әкімдік ғимараты жанындағы "Тәуелсіздік" алаңына жиналған мұнайшыларды қадағалап тұрған полиция қызметкерлері. Жаңаөзен қаласы, 10 шілде 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Жаңаөзен қаласындағы әкімдік ғимараты жанындағы "Тәуелсіздік" алаңына жиналған мұнайшыларды қадағалап тұрған полиция қызметкерлері. Жаңаөзен қаласы, 10 шілде 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
филиалы мұнайшыларына барлау жұмыстарын жүргізетін «Кезби» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен жұмыс ұсынғанын айтады. «Ондағы жалақыны 170-тен 270 мың теңгеге дейін көтеруге де уәде берді» дейді мұнайшы жігіт.

– Біз көнбедік, «өз жұмыс орнымызға қайта алсын және тиісті коэффициенттерімізді төлесін» дегенен танбадық. Алаңнан кетпейміз, өйткені жоғалтатын ештеңеміз қалған жоқ, – дейді Марат Жүсіпбаев.

ҚАРАЖАНБАСТЫҚТАР КЕЗДЕСУГЕ ДАЙЫНДАЛЫП ЖАТЫР

Жаңаөзенге келген лауазымды тұлғалармен кездесуді екі күн күткен «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамы жұмысшылары ақыры ешкіммен жолыға алмады. Олар жұмыс мәселесін шешу үшін Ақтаудан арнайы келген еді.

– «Сендердің мәселелерің Ақтауда шешіледі» деп кері қайтарды. Еңбек министрінің орынбасары Біржан Нұрымбетов бізге «коэфициенттерді талап етудің заңдылығын дәлелдеңдер» дейді. Енді қаражанбастық жұмысшылар жиналып, талабымыздың дұрыстығын көрсетуге тырысып жатырмыз. Бізбен қашан кездесетіндері әлі белгісіз, – дейді «Қаражанбасмұнай» компаниясының жұмысшысы Еркін Озған.

ТЫҒЫРЫҚ

Шенеуніктер қараша айында мұнайшылармен бірнеше мәрте кездескен еді. Әр жиын сайын олар жұмысшыларға «талаптарының заңсыздығын» айтты.

Қарашаның 23-24-і күндері Жаңаөзендегі мұнайшылармен болған жиынға «Қазмұнайгаз» барлау өндіру компаниясы директорының орынбасары
Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев ереуілші мұнайшылармен кездесіп тұр. Жаңаөзен, 1 қыркүйек 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев ереуілші мұнайшылармен кездесіп тұр. Жаңаөзен, 1 қыркүйек 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Владимир Мирошников, еңбек министрінің орынбасары Біржан Нұрымбетов, «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы экономика бөлімінің меңгерушісі Марат Орынбаев, облыс әкімінің орынбасары Амангелді Айтқұлов, бас прокуратура өкілі мен Жаңаөзен қалалық прокуроры Б.Тайжан қатысқан еді.

Басты жұмыс беруші «Қазмұнайгаз» Барлау Өндіру» компаниясы ресми баспасөз мәлімдемесін таратып, «мұнайшылар заңсыз ереуілге қатысып, жұмыс уақытында орындарында болмағандықтан жұмыстан шығарылды» деп хабарлаған.

Ал Маңғыстау облыстық әкімшілігі «жағдайды заңнан асып шеше алмайтынын» айтып отыр. Азаттық тілшісі атқарушы органның пікірін білмек болып, ереуілшілермен бірнеше рет кездескен Маңғыстау облыстық әкімінің орынбасары Амангелді Айтқұловқа телефон шалған еді. Алайда оның хатшысы бастығының жиналыста екендігін айтып, сөйлестіруден бас тартты.
XS
SM
MD
LG