Accessibility links

Жаңаөзендегі мұнайшылар белсендісінің қаза тапқан қызы жерленді


Жаңаөзен қаласындағы әкімдік ғимараты жанындағы "Тәуелсіздік" алаңына жиналған мұнайшылар және олардың отбасылары. Жаңаөзен қаласы, 10 шілде 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Жаңаөзен қаласындағы әкімдік ғимараты жанындағы "Тәуелсіздік" алаңына жиналған мұнайшылар және олардың отбасылары. Жаңаөзен қаласы, 10 шілде 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

«Өзенмұнайгаз» компаниясының кәсіподақ белсендісі Құдайберген Қарабалаевтың беймәлім жағдайда мерт болған қызы Жансәуле бүгін жерленді. Жаңаөзен жұмысшылары «Жансәуленің өлімі әкесінің белсенділігімен байланысты» дейді.


Ал Құдайберген Қарабалаев қызының өліміне әзірге ешкімді кінәлай алмайтынын айтады, бірақ жұмысшылар ереуілі барысында компания басшылығымен, жергілікті әкімшілікпен қатты сөздерге барысып қалған кездері болғанын жоққа шығармайды.

«ҚАСТАНДЫҚ БОЛУЫ МҮМКІН»

Суыт хабарға орай Жаңаөзенге хабарласқан Азаттық тілшілері Жансәуле Қарабалаеваны бүгін жерлеп жатқанын естіді. Қаза үстінде марқұмның ата-анасымен тілдесу мүмкін болмағандықтан Азаттық тілшілері қаралы үйге көңіл айта барған «Рух пен тіл» қоғамдық ұйымының мүшесі Инга
Жаңаөзен қаласындағы әкімдік ғимараты жанындағы "Тәуелсіздік" алаңына жиналған мұнайшылар және олардың отбасылары. Жаңаөзен қаласы, 10 шілде 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Иманбайға, қоғамдық белсенді Айжангүл Әміроваға хабарласып, оқиғаның жай-жапсарын сұраған еді.

Айжангүл Әмірова Жаңаөзендегі мұнай колледжінде оқып жүрген, 1993 жылы туған Жансауле Қарабалаеваны 19 тамыздан кейін туған-туысқандарынан ешбірі көрмегенін айтады.

Ал Инга Иманбайдың айтуынша, жергілікті ішкі істер басқармасы қандай да бір қылмыстық іс қозғалғаны және күдіктілердің бары не жоғы туралы әзірге ешқандай ақпарат таратпай отыр.

– Жансәуленің әкесі Құдайберген Қарабалаев «әзірге айыптылардың кім екенін білмеген соң біреуді кінәлаудан аулақпын» деп отыр. Дегенмен өзінің кәсіподақ белсендісі болғанын, компания басшылығы мен жергілікті әкімшілікпен қатты сөздерге де барғанын жасырмайды, – дейді «Рух пен тіл» қоғамдық ұйымының мүшесі.

Инга Иманбайдың сөзіне қарағанда, Құдайберген Қарабалаев Жаңаөзен жұмысшылары ереуілінің белсендісі ретінде өз атына бірнеше рет қоқан-лоққы жасалғанымен, дәл осындай сарындағы қорқытып-үркіту болмағанын айтады, бірақ олай да болуы да мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Ал Жаңаөзеннің ереуілші жұмысшылары «Мұның жай өлім екеніне сенбейміз. Қыздың әкесі Құдайберген Қарабалаевтың ереуіл кезіндегі белсенділігі үшін жасалған қастандық болуы мүмкін» деп санайтынын айтады қоғамдық белсенділер.

«Өзенмұнайгаз» мұнайшыларының белсендісі Роза Төлетаеваның пікірінше, бұл оқиға - арандату әрекеттерінің бірі.

- Енді біз балаларымызды сабаққа жіберуден қорқып отырмыз. Мысалы, мен балаларымды әр жаққа жасырып тастадым. Үйіме бармағаныма үш айдан астам уақыт болды. Әжіғалиева Наташаға менің көзімше телефон соғып, «қызыңды өйтеміз, бүйтеміз, өлтіреміз» деді. Өткенде шешесінің (үлкен адам ғой) терезесіне бөтелке лақтырып сындырды. Ондай провокациялар жасалып жатыр, - дейді Роза Төлетаева.

«ӘКЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСЫ ЖОҚ»

Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Жансәуле Қарабалаеваның өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалғанын, бірақ әзірге бұл іс бойынша күдіктілер жоқ екенін хабарлады. Сонымен қатар «Жансәуле Қарабалаеваның өлімінің оның әкесі Құдайберген Қарабалаевтың қызметіне қатысы жоқ» деп жауап берді.

Жалақысын өсіріп, еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен жұмысшылар ереуілі басталған үш айдан бері әрқилы себептермен бірнеше жұмысшы қаза болды.

Тамыздың 8-і күні «МұнайФилдСервис» компаниясының Жаңаөзендегі өндіріс аймағында жұмыс істейтін 28 жастағы Жақсылық Тұрбаевтың кісі қолынан мерт болғанын, соның ізінше маңғыстаулық жұмысшылар жаппай «Нұр-Отан» партиясы қатарынан шыға бастағанын Азаттық радиосы хабарлаған еді.

МҰНАЙШЫЛАРДЫ ҚАЗАҚ РЭП-ӘНШІСІ ҚОЛДАДЫ

Өзін «әлеуметшіл рэпер-экстремал» әнші деп атайтын эстрада әншісі Тәкежан тамыздың 25-інде Алматыда өтетін концерттен өзіне тиесілі қаржыны «Мұнайшыларды қолдау қорына» аудармақ.

Тәкежан «билік Маңғыстаудағы әлеуметтік проблемаларды жұртшылықтың білгенін қаламайтынын, сондықтан осы әрекеті арқылы
Рэппер әнші Тәкежан.

Қазақстанның батыс өңіріндегі проблемаларға жұрт назарын аударуды көздеп отырғанын» айтады.

– Батыстың белгілі өнер жұлдызы Стинг Маңғыстау мұнайшыларына қолдау көрсету ретінде Астанада өтетін концертінен бас тартатынын ашық жариялады. Ал арамызда Қазақстанның батыс өңірінен келген әншілер де, сол жаққа барып ақша тауып жүрген әншілер де көп. Міне солар да ереуілге шығып жатқан жұмысшыларға қолдау көрсетуі тиіс, – дейді рэпер әнші Тәкежан.
  • 16x9 Image

    Асылхан МАМАШҰЛЫ

    1973 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. 1994 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда пединститутын бітірген. 1997-2000 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасында оқыған. "Қазақ энциклопедиясы" баспасында (2001-2007), республикалық "Ана тілі" газетінде (2007-2009) , "ABDI-press" орталығында (2009-2010) жұмыс істеген. 2011 жылдан Азаттық радиосының тілшісі.

    Тарихи, саяси мәселелер тақырыбында жазады, белгілі тұлғалардың саяси портреттерін жасайды. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG