Accessibility links

Жаңаөзендік Естай Қарашаев екі айға түрмеге қамалды


Естай Қарашаевтың іздеу жарияланғандар арасындағы суреті. 25 желтоқсан 2011 жыл.

Естай Қарашаевтың іздеу жарияланғандар арасындағы суреті. 25 желтоқсан 2011 жыл.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) қызметкерлері ақпанның 17-сі күні Жаңаөзендегі мұнайшылар белсендісі Естай Қарашаевтың үйін тінтіп, өзін ұстап әкеткен еді. Қазір ол сот үкімімен екі айға қамалды.


"Азат" ЖСДП Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Жәнібек Қожықтың айтуынша, Естай Қарашаев қамалғанға дейін Жаңаөзен оқиғасы бойынша іске куә ретінде шақырылған. Бірақ жұма күні ҰҚК Қарашаевтың өзін тұтқындап, ақпанның 20-сында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев полицейлермен Жаңаөзен оқиғасы болған күнгі жұмыстары туралы әңгімелесіп тұр. Жаңаөзен, 22 желтоқсан 2011 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев полицейлермен Жаңаөзен оқиғасы болған күнгі жұмыстары туралы әңгімелесіп тұр. Жаңаөзен, 22 желтоқсан 2011 жыл.

сот болды.

Естай Қарашаев қазір куә немесе күдікті емес, айыпталушыға айналды. Сот оны екі ай уақытқа қамауға алуға үкім шығарған.

"АҚПАРАТ БЕРЕ АЛМАЙМЫЗ"

ҰҚК-нің Жаңаөзен қаласындағы шұғыл тергеу тобының жетекшісі, полковник Нұрлан Балдайыров Естай Қарашаевқа қатысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Азаттық тілшісі одан Қарашаевқа қандай айып тағылғанын сұраған еді.

- Біз сіздерге шұғыл түрде ақпарат бере алмаймыз. Барлық ақпаратты ҰҚК-нің Астанадағы баспасөз қызметінен сұраңыз, - деді ол.

ҰҚК-нің Астанадағы баспасөз қызметінің телефондары әзірге жауап бермей тұр.

"ҰҚСАС" ТӘСІЛДЕР

Ақпанның 20-сы күні "Азат" ЖСДП Жаңаөзен қалалық филиалы Естай Қарашаевты және Жаңаөзен оқиғасына байланысты қамалған басқа да оппозиция өкілдері мен белсенділерді дереу босатуды талап етті.

Партия "құқық қорғау органдарының Қарашаевтың үйіне тінту жасап, оны ұстап әкетуі, үш күнге қамауы - бұған дейінгі "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козлов, белсенді Серік Сапарғали, Айжангүл Әмірова және журналист Игорь Винявскийді қудалау тәсілдерімен бірдей" деп мәлімдеді.

Тәсілдер ұқсастығын үш күндік тұтқындаудың нақты айып тағылып екі айға қамауға ұласуы толықтыра түседі.

Естай Қарашаев өткен жылы қазан айында Жаңаөзенде Stan.tv бейнепорталының екі тілшісі - журналист Өркен Бисенов және телеоператор Асан Амиловпен бірге белгісіз біреулер атқан резеңке оқтан жарақат алған еді.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРҒА ХАТ

Бүгін Жаңаөзен оқиғасына қатысты қуғындаудың күшейіп кетуіне байланысты "Журналистер қауіп-қатерде" БҰҰ бас ассамблеясында Сириядағы оппозиция белсенділері мен бейбіт халықты жаппай қырғынға ұшырату оқиғасы бойынша Асад режимін айыптаған қарар қабылдады. Нью-Йорк, 16 ақпан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

БҰҰ бас ассамблеясында Сириядағы оппозиция белсенділері мен бейбіт халықты жаппай қырғынға ұшырату оқиғасы бойынша Асад режимін айыптаған қарар қабылдады. Нью-Йорк, 16 ақпан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

қорының қасынан құрылған "Жаңаөзен - 2011" комитеті халықаралық ұйымдарға хат жолдады.

ЕҚЫҰ, БҰҰ, Еуропа Одағы, Еуропарламент, Ислам ынтымақтастығы ұйымы және басқа да құқық қорғаушы халықаралық ұйымдарға жолданған үндеу бұл ұйымдарды Қазақстандағы зорлық-зомбылыққа назар аударуға, шұғыл әрекет жасауға шақырады.

Комитет осы ұйымдардан "халыққа қару жұмсаған, белсенділерді қуғындап жатқан Қазақстан билігінің әрекеттеріне баға беруді; Жаңаөзен оқиғасына қатысты Қазақстан қылмыстық кодексінің 164-бабын (әлеуметтік араздықты қоздыру - ред.) пайдаланудың заңдылығына құқықтық баға беруді; қоғам белсенділерінің қатысуынсыз жасалған "ұлттық қауіпсіздік туралы" заңның күшін жоюды талап етуді; Жаңаөзен оқиғасын тергеуге қатысуды; қамалғандарды саяси тұтқын деп есептеуді; олардың сотының ашық өтуін талап етуді" сұрады.

ПРЕЗИДЕНТ НАЗАРБАЕВҚА ХАТ

Назарбаевқа да хат жіберілді. Комитет бүгін президенттен төмендегі сұрақтарға жауап сұрады.

Президентке "Жеті ай бойы Жаңаөзенге бармауыңызға себеп болған жалған ақпаратты кімдер берді? Олар жауапқа тартыла ма? Мұнайшыларды жаппай атуды қалай түсіндіресіз? Бұйрық берген кім? Сіз ҰҚК-нің бірнеше жаңаөзендіктерді тұтқындап, тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Козловты, партия мүшесі Әмірованы, қоғамдық белсенділер Сапарғали, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жаңаөзенге барған сапары. 22 желтоқсан 2011 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жаңаөзенге барған сапары. 22 желтоқсан 2011 жыл.

Атабаев пен Мамайды "әлеуметтік араздықты қоздырды" деп, «Взгляд» газетінің бас редакторы Винявскийді "конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге шақырды" деп қамағанын білесіз бе? Білсеңіз Сіздің тарапыңыздан неге ешқандай әрекет жоқ? "Араздық қоздырды" деген айыптың мұнайшылар талаптарын жеті ай тыңдамаған шенеуніктерге тағылмауын әділетсіздік деп ойламайсыз ба?" деген сұрақтар қойылды.

Осындай хаттар премьер-министр Кәрім Мәсімовке, президент әкімшілігінің жетекшісіне, күштік құрылымдар басшыларына да жіберілген.

"Жаңаөзен-2011" халықаралық комитетінің мүшелері Қуанышәлин, Ағелеуов, Қалиев, Маткан және Есіргепов Жаңаөзенде ақпанның 24-і мен 28-і аралығында зерттеу жүргізбек.

Комитет бүгін Жаңаөзен қаласына мүшелері ұшып барған "Азат" ЖСДП қасынан құрылған қоғамдық комиссиямен, Алматыдағы Бақыт Түменова жетекшілік ететін қоғамдық қорғау комитетімен ынтымақтастық туралы келісім жасасты.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG