Accessibility links

Владимир Козловтың ісі


Тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козлов (оң жақта) полицеймен сөйлесіп тұр. Ақтау, 21 желтоқсан 2011 жыл.

Тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козлов (оң жақта) полицеймен сөйлесіп тұр. Ақтау, 21 желтоқсан 2011 жыл.

Абақтыда отырған саясаткер, тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козлов науқас. Үкімет енді оппозициялық саясаткерді Жаңаөзен қаласының абақтысына апармақ. Ал ЕҚЫҰ-ның парламент ассамблеясы Владимир Козловты саяси тұтқын деп санайды.


Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) тергеу абақтысында отырған Владимир Козловты ҰҚК әйелі Әлия Тұрысбековамен кездестірмеуге тырысты. Әлия Тұрысбекова көп күш-қайрат жұмсап жүріп, күйеуімен кездесуге жалғыз мүмкіндікті әрең алды. Кездесуге рұқсат берген сәтте Әлия халықаралық демократиялық ұйымдар өкілдерімен кездесу мақсатында Еуропада жүрген болатын. Оған Қазақстанға шұғыл қайтуға тура келді. Бірақ ол халықаралық ұйымдар өкілдерімен кездесіп үлгерген еді.

"СӘЛЕМ АЙТҚАН КІМ?"

Ақпанның 6-сында Әлия Тұрысбековаға күйеуімен көрісуге аяқ астынан рұқсат берілді. Ол Алматы қаласындағы ҰҚК абақтысына келгенде заңда көрсетілгендей кездесуге үш сағат беріледі деп ойлаған екен. Азаттық тілшісіне Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова ҰҚК түрмесінің қасында. Алматы, 26 қаңтар 2012 жыл.

Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова ҰҚК түрмесінің қасында. Алматы, 26 қаңтар 2012 жыл.

де абақты алдында күтпей, «қайта беріңіз» деген болатын. Бірақ көп кешікпей қайта оралып, үш сағаттың орнына 15 минут қана берілгенін айтты.

- 15 минуттың сегіз-тоғыз минуты күтумен кетті. Ол келді, бірақ арамызды әйнек бөліп тұрды. Сондықтан анық көре де алмадым, - дейді Әлия Тұрысбекова.

Кездесуден соң Әлия Тұрысбекова Азаттық радиосының Алматыдағы бюросында болды. Әріптестерім аңғарғандай, Әлия жас әрі әдемі келіншек екен. Варшавадан ұшып келгеніне, ұшақтан түскен бетте ҰҚК абақтысына кіріп шыққанына қарамастан, өте сергек көрінді.

Тұрысбекова «кездесу кезінде ҰҚК қызметкерінің қарап тұрғанын, жұбайымен арадағы әңгімелеріне кедергі болғанын» айтты.

- Мен ешкімнің атын атамастан, тек «сәлем айтып жатыр» дей бергенімде ҰҚК қызметкері «Кім сәлем айтып жатыр?» деп киліге кетті. Бес-алты минуттық кездесу осындай жағдайда лезде өте шықты. Сондықтан дұрыстап сөйлесе алмадық, - дейді ол.

Әлия Тұрысбекова күйеуінің «қажығанын», бірақ Қазақстан президентінің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевтің блогына шыққан «азаптап жатыр» деген ақпаратты Козловтың теріске шығарғанын айтты.

"Ол «мені Жаңаөзенге апарғалы жатыр» деді. Оған бұл ақпаратты тергеушінің өзі айтқан"
- Владимир науқас екенін, жарығы бар екенін растады. Оны жоспарлы медициналық тексеруден өту кезінде тапқанын, аурудың жанына бататынын және де жоспарлы операцияның абақтыда жасалатынын айтты, - дейді Әлия Тұрысбекова.

Екі апта ішінде Владимир Козловты Алматы абақтысынан Жаңаөзен абақытысына ауыстыруы мүмкін.

- Ол «мені Жаңаөзенге апарғалы жатыр» деді. Оған бұл ақпаратты тергеушінің өзі айтқан. Операция мәселесінің шеті шыққанымен, ол үкімді жариялағаннан кейін жасалуы мүмкін, - дейді Әлия.

«АЗАТ БОЛ, ҚАЗАҚ»

Козловқа тағылған айып пен оны екі айға тұтқындау туралы сот санкциясы туралы адвокат ешқандай ақпарат айта алмайды. Өйткені оған ҰҚК қызметкерлері тергеу мәліметтерін жарияламау туралы қолхат жаздырып алыпты.

- Бірақ сіздер бұл ақпараттарды интернеттен, «Республика» сайтынан таба аласыздар, - дейді Әлия Тұрысбекова.

Ал тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Козлов өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып отыр.

Тергеушілер Владимир Козловқа таққан айыбы - Жаңаөзен оқиғасына байланысты. 2011 жылы желтоқсанның 16-сында Жаңаөзен мен Шетпеде халыққа полицияның ​ Жаңаөзен оқиғасы кезінде полиция атқан оқтан қаза тапқан азамат. (Скриншот YouTube сайтынан алынды). 16 желтоқсан 2011 жыл.

Жаңаөзен оқиғасы кезінде полиция атқан оқтан қаза тапқан азамат. (Скриншот YouTube сайтынан алынды). 16 желтоқсан 2011 жыл.

жаудырған оғынан 17 адам қаза тауып, жүзге жуық адам жараланды.

Оппозиция өкілдері құрбан болған азаматтардың саны әлдеқайда көп деп есептейді.

Козловқа «арнайы топ құрып, ауыр зардаптарға соқтырған әлеуметтік араздықты қоздырды» деген айып тағылған.

Тергеушілер Козловты «2011 жылы қыркүйекте Жаңаөзенде заңсыз ереуілде тұрған адамдарға және өңірдің басқа да тұрғындарына Әблязовтың «Қасиетті Маңғыстау күрескерлері», «Көтер рухыңды, қазақ, азат бол!» сияқты үндеулерін үнпарақ қылып таратқан» деп айыптайды.

Қаулыда «Бұл үнпарақтар Жаңаөзен қаласының орталық алаңында тұрған наразылық акциясына қатысушылар арасында таратылған» деп жазылған.

Тергеушілердің айтуынша, үнпарақтарда «әлеуметтік араздықты қоздыру белгілері бар».

Бұдан әрі де тергеумен айналысатын адамдар «Әлеуметтік араздықты насихаттаушы М.К.Әблязовтың үндеулерін тарату арқылы әлеуметтік араздықты қоздыруға бағытталған В.И.Козловтың… және басқа адамдардың әрекеттері нәтижесінде 2011 жылы 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында жаппай тәртіпсіздіктер болды. Заңсыз наразылық акциясына қатысушылар зорлық-зомбылық, бүліктер жасап, әкімшілік және де басқа ғимараттарды өртеп, қиратып, ​ Тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козлов полиция көлігінде. Алматы, 5 мамыр 2010 жыл.

Тіркелмеген "Алға" партиясының жетекшісі Владимир Козлов полиция көлігінде. Алматы, 5 мамыр 2010 жыл.

дүние-мүлікті тонаған. Халық арасында құрбан болғандар бар, билік өкілдерінің өмірі мен денсаулығына қауіпті зорлық-зомбылық әрекеттері қатар істелген» деп қорытынды жасайды.

Тергеу бойынша, Владимир Козловтың әрекеттері ауыр зардаптарға ұшыратқан әлеуметтік араздықты тұтату туралы бапқа жатады. Бұл бапта айыпты адамды үш жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру шарасы көзделген.

Жаңаөзен оқиғасынан кейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «негізгі жазықтылар сырттан әрекет еткен» деп әлдебір сыртқы күштерді атады.

"КОЗЛОВ ЖОЛЫ"

Осы мақаланың авторы Владимир Козловты 2002 жылдың тамызынан, оны Павлодарда көрген кезінен таниды. Ол кезде Козлов «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ) қозғалысының баспасөз қызметі жетекшісі болатын.

Сол күні Павлодарда ҚДТ лидерлерінің бірі Ғалымжан Жақияновтың үстінен сот өтіп жатты. Оған дейін ҚДТ жетекшілерінің бірі, кәсіпкер әрі бұрынғы министр Мұхтар Әблязов алты жылға сотталып кеткен еді. Владимир Козлов журналистерге осы екі сот туралы мәліметтерді қоғамға жеткізіп отыруға көмектескен болатын.

Козлов Әблязовты Маңғыстаудағы энергетика саласында жұмыс істеп жүрген кезінен бері танитын. Ол «Әблязовтың адамымын» деп айтудан қорықпайтын еді. Өйткені Козлов Мұхтар Әблязовты Назарбаевтың орнын баса алатын қайраткер деп санайды. Әблязов елді әлдеқайда жақсы басқаратын еді деп есептейді.

"Козлов Әблязовты Назарбаевтың орнын баса алатын қайраткер санайды. Әблязов елді әлдеқайда жемісті басқаратын еді деп есептейді"
Козлов ҚДТ қозғалысы арқылы саясаткер ретінде қалыптасты. Ол ҚДТ жетекшілері Мұхтар Әблязов пен Ғалымжан Жақиянов абақтыға қамалғаннан соң да саяси күресті тоқтатқан жоқ. 2002 жылдың соңы мен 2003 жылдың басында ҚДТ қозғалысының басында әжептәуір саяси амбициялары бар, бірақ бағыттары әр түрлі саясаткерлер жүрді. Олардың арасынан демократтардан бастап коммунистерге дейін табылатын. Тіпті, билікпен ымыраға барғандар да болды. ҚДТ құрамында табанды оппозиционерлер де бар еді.

Козлов ең әуелі қамауда отырған ҚДТ жетекшілеріне іс жүзінде жәрдем жасауға кірісті. Шетелдік құқық қорғаушылар мен Қазақстан парламентінің оппозициялық депутаттарын абақтыларға апарып, сотталған саясаткерлермен кездесулерін ұйымдастырды.

2002 жылы желтоқсанда Әблязовты Ақмола облысының Державинск кентіндегі абақтыға ауыстырды. 2003 жылы қаңтарда «Әблязовтың өміріне қауіп төніп тұр» Қазақстанның демократиялық қауымдастығы түрмеден шыққан Ғалымжан Жақияновты қарсы алды. Алматы, қаңтар 2005 жыл.

Қазақстанның демократиялық қауымдастығы түрмеден шыққан Ғалымжан Жақияновты қарсы алды. Алматы, қаңтар 2005 жыл.

деген сыбыстар шыға бастады. Әблязов президент Назарбаевқа рақымшылық туралы өтініш жолдап, сол жылы мамыр айында босап шықты.

Әблязов түрмеден шыққан бетте Ресейге кетті. Ол бірнеше жылдан соң Қазақстанға қайтып оралып, елдегі ең ірі жеке-меншік банк – БТА-ға басшылық еті. 2009 жылдың ақпан айынан бері Әблязов қуғында жүр.

Осы тұста Владимир Козлов бұрынғы ҚДТ қозғалысының баспасөз-хатшысынан тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісіне айналды. Бұл партия өзін идеялық тұрғыда ҚДТ қозғалысының ізбасары деп жариялады.

Қазақстанның көптеген қалаларында Козловтың меншігінде жылжымайтын мүліктер бар. Шындығында бұл пәтерлер тіркелмеген «Алға» партиясының аймақтағы бөлімшелерінің кеңселері еді. Біреулер «Козлов бұл пәтерлерді Әблязовтың ақшасына алған» дейді. Қаржы полициясы бұл мүліктерді ұзақ тексерді, бірақ Козловқа айып таға алмады. Тек былтыр ғана үкімет күштері сот қаулысымен Алатау бөктеріндегі Козловтың саяжайын қиратты. Үй Козловтың енесінің атына тіркелген еді.

Соңғы жаңалықтарға қарағанда, арнайы қызмет орындары Қазақстанның облыстық қалаларындағы Козловтың пәтерлерін бақылауға алып, құлыптап тастаған. Оның партиялас жақтастары «Владимир Козловқа әлеуметтік араздық туралы айып тағылды, бірақ оның мүлкіне тиісудің не қажеті бар?» деп, биліктіңәрекетін түсінбей отыр. Арнайы қызмет органдары пәтерлерді қатаң қадағалап, «сатуды ойға да алмасын» деп, жер-жердегі жауапты тұлғаларға ескертіп жатыр.

Жеке өмірінде Владимир Козловтың жолы бола бермейтін. Ол бірнеше рет үйленген. Есесіне жастайынан нені қолға алса да табысқа кенелетін. Ақшадан тарығып көрген емес.

Тіркелмеген «Алға» партиясын басқарған кезінде ол Әлия атты қазақ қызына жолықтырды. Екеуі үйленді. Кейін Әлия Тұрысбекова заңгер Владимир Козловтың саяжайы. Алматы облысы, Қарасай ауданы, 28 желтоқсан 2010 жыл.

Владимир Козловтың саяжайы. Алматы облысы, Қарасай ауданы, 28 желтоқсан 2010 жыл.

мамандығы бойынша оқу бітіріп, тек заңгер ғана емес, партияның «бірінші ханымына» айналды. Владимир Козловтың бұрынғы әйелдерінен төрт баласы бар. Олардың бәрі ер жетіп, есейіп кеткен.

Владимир Козлов бұрыннан арақ ішпейтін, шылым шекпейтін адам.

Козлов қазақ тілін үйреніп жүргенін айтады. Қазіргі саясаткерлер сияқты сөз басында қазақша бірнеше сөйлем айтуға шамасы жетеді. Әзірше оған ойын орысша жеткізген жеңіл.

Енді Козловты Жаңаөзенге әкетеді. Ол жердегі жұрттың түгел қазақша сөйлейтіні белгілі. Егер Козлов сотталатын болса, жазасын Маңғыстау облысындағы абақтылардың бірінде өтеуі мүмкін.

Үлкен өмір мен саясатқа Козлов дәл осы Маңғыстау өңірінен аттанған еді. Ол Каспий жағалауындағы металлургия комбинатының уран кен орнында инженер болды, кейіннен құтқарушылар бөлімінің командирі қызметін атқарды. Одан журналистикаға ауысып, бұл салада видеооператордың көмекшісінен телекомпания директоры қызметіне дейін өсті. «Ақтау-Лада» телеарнасының бас редакторы және тең қожайыны болды.

Ол 1960 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген, қазір жасы 52-де.

"ӨЛІМНЕН ДЕ ҚОРЫҚПАЙМЫН"

Владимир Козловтың әйелі Әлия Тұрысбекова Германия парламенті депутаттарына телефон арқылы күйеуінің өтінішін айтыпты.

Козлов ол өтінішінде «Мені және оппозициядағы жақтастарымды Назарбаев абақтыға әйтеуір бір отырғызатыны белгілі болатын. Жаңаөзен оқиғасын «ұйымдастырды» деген айып болмаса, басқасы табылатын еді» дейді.

"Соттан қорықпаймын. Абақтыдан да, өлімнен де қорықпаймын. Оянатын мезгіл келеді"
Ол 16 адам қаза тапқан Жаңаөзен оқиғасына орай: «Бұл билік пен оппозицияның арасындағы қайшылық қана емес. Биліктің өз халқына оқ атқаны - қорқынышты дүние. Отанымды демократиялық басқару жүйесі болған жағдайда билікке жіберілмейтін адамдардың басқарғанымен келіспеймін» деді.

Козловтың сөзіне қарағанда, Жаңаөзен оқиғасынан кейін оппозиция өкілдерін қамау биліктің бүгінгі болмысын көрсетеді. «Менің және оппозициядағы жақтастарымның қамалуы Қазақстанның Назарбаев диктатурасының құрсауына кіріп бара жатқанын дәлелдейді. Назарбаев енді бұрынғыдай елді алдап-арбап, оңды-солды бос уәде беріп емес, бұқтырып, зорлап билеу үшін мені және менің жақтастарымды қамап жатыр» дейді ол.

Козлов қазір «Мен соттан қорықпаймын. Абақтыдан да қорықпаймын. Өлімнен де қорықпаймын. Ұйқыдан оянатын мезгіл міндетті түрде келеді» деп бірбеткей мінез танытып отыр. Ол сот процесін айыпталушы емес, билікті айыптаушыға айналу үшін пайдаланбақ.

Солдан оңға қарай: тіркелмеген «Алға» партиясының өкілдері Кенже Әденов, Владимир Козлов және Айжангүл Әмірова. Алматы, 19 тамыз 2010 жыл.

Солдан оңға қарай: тіркелмеген «Алға» партиясының өкілдері Кенже Әденов, Владимир Козлов және Айжангүл Әмірова. Алматы, 19 тамыз 2010 жыл.

Владимир Козлов сияқты «әлеуметтік араздық қоздырды» деген айыппен оппозициялық саясаткерлер Айжангүл Әмірова мен Серік Сапарғали, «Взгляд» ​оппозициялық газетінің бас редакторы Игорь Винявский абақтыға жабылды.

Оппозиция белсенділері Болат Атабаев пен Жанболат Мамайға да осы айып тағылды. Олар Алматы қаласынан кетпеу туралы қолхат берген. Бәрі де сот үкімін күтіп отыр.
  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG