Accessibility links

Прокурор Сарбөпеевке 13 жыл, ал адвокат «ең жеңіл жаза» сұрады


Жаңаөзеннің бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеевтің соты. Ақтау, 25 мамыр 2012 жыл. (Суретті блогшы Дина Байділдаева түсірген).

Жаңаөзеннің бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеевтің соты. Ақтау, 25 мамыр 2012 жыл. (Суретті блогшы Дина Байділдаева түсірген).

Бүгін Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеевке байланысты өтіп жатқан соттың жарыссөз кезеңі басталды. Ал қаланың қазіргі әкімі Серікбай Тұрымов Жаңаөзен оқиғасы тергеуіне орай наразылық шарасын өткізген тұрғындарды сабырға шақырды.

Ақтау қаласындағы Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатқан, Орақ Сарбөпеевке байланысты сот процесінің жарыссөзі түстен кейін басталды.

БҰРЫНҒЫ ӘКІМ КІНӘСІЗ ЕКЕНІН АЙТТЫ

Соттан тікелей Twitter-репортаж жасап отырған блогшы Дина Байділдаеваның жазуынша, әуелі прокурорлар сөйлеген. Мемлекеттік айыптаушылар Орақ Сарбөпеевтің «қызметтік өкілетін пайдаланып, жемқорлық әрекеттерге барғанын, оның бұл ісі сотта дәлелденгенін» айтқан.

– Сот тергеуі кезінде Сарбөпеевтің тендерді ұтып бергені үшін орнына дүкен алғаны дәлелденді, – дейді прокурор.

Мемлекеттік айыптаушылардан соң қоғамдық қорғаушы Шолпан Сарбөпеева сөйледі.

– Құрметті алқа билер, сіздерге қысым көрсетілетін шығар – бірақ сонда да әділ үкім шығаруларыңызды сұраймын, – деді ол.

Айыпталушының екі адвокаты – Өркен Төлебаев пен Марат Қозыбағаров Орақ Сарбөпеевтің айыбын дәлелдейтін «бірде-бір айғақ табылмағанын» айтты.

– Заң тек болжам мен куәлардың құрғақ сөзі негізінде шешім қабылдауға тыйым салады, – деді адвокат Өркен Төлебаев.

Адвокаттар соттан дәлел болмағандықтан қылмыстық істен біраз пунктерді Орақ Сарбөпеев Жаңаөзен қаласы әкімі кезінде. Жаңаөзен,19 желтоқсан 2011 жыл. (Суретті түсірген «Новая газета» тілшісі Елена Костюченко).

Орақ Сарбөпеев Жаңаөзен қаласы әкімі кезінде. Жаңаөзен,19 желтоқсан 2011 жыл. (Суретті түсірген «Новая газета» тілшісі Елена Костюченко).

(«қылмыс жасауға дайындалу мен оқталу» деген бапты да) алып тастауды өтінді.

Айыпталушы Орақ Сарбөпеевке сөз берілген кезде ол өзінің кінәсіз екенін айтты.

Жарыссөз соңында прокурорлар Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеевті 13 жылға соттауды өтініп, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуін сұрады. Ал қорғаушы жақ оған ең жеңіл жаза беруін өтінді.

Орақ Сарбөпеевке қатысты сот процесі мамырдың 25-і күні басталды. Оған «пара алды» (қылмыстық кодекстің 311-бабы), «қызметтік өкілетін асыра пайдаланды (307-бап) және «қылмысқа дайындалды және қылмыс жасауға оқталды» (24-бап) деген айыптар тағылған.

Блогшы Дина Байділдәеваның жазуынша, сот үкімі маусымның 4-і күні шығуы керек.

ҚАЗІРГІ ӘКІМ НАРАЗЫ ЖҰРТТЫ САБЫРҒА ШАҚЫРДЫ

Жаңаөзенде 2011 жылы 16 желтоқсанда болған оқиғаға орай сотқа тартылған азаматтардың туыстары – он шақты адам бүгін Жаңаөзен қалалық әкімшілігі ғимараты алдында наразылық шарасын өткізді.

– Олар ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің өздерін және туыстарын тергеп, тұтқындайтындарын айтты. 29 мамыр күні жаңаөзендік төрт азаматтың Қала әкімдігі алдында наразылық танытқан жаңаөзендіктер. Жаңаөзен, 1 маусым 2012 жыл. (Суретті "Жаңаөзен-2011" комитеті мүшесі Ерлан Қалиев берген).

Қала әкімдігі алдында наразылық танытқан жаңаөзендіктер. Жаңаөзен, 1 маусым 2012 жыл. (Суретті "Жаңаөзен-2011" комитеті мүшесі Ерлан Қалиев берген).

«әлеуметтік араздықты қоздырды» деген айыппен тұтқындалуы оларды шыдамнан айырған екен. Жаңаөзен оқиғасынан кейін мұндай шараларға көбінесе әйелдер қатысатын еді – бүгінгілердің көбі ер адамдар болды, – деді «Жаңаөзен-2011» қоғамдық комитетінің өкілі Азаттық тілшісіне.

2011 жылы 16 желтоқсанда Жаңаөзенде болған оқиғаға байланысты Ақтауда өтіп жатқан сотқа жаңаөзендік 37 азамат айыпталушы ретінде қатысып отыр. Олардың біразы «әлеуметтік араздықты қоздыру» бабына байланысты екінші іске – «Алға» партиясының басшысы Владимир Козлов, оппозициялық саясаткер Серік Сапарғали, азаматтық белсенді Айжангүл Әмірова, режиссер Болат Атабаев, белсенді Жанболат Мамайлардың ісіне куәгер ретінде тіркелген.

Наразы топты Жаңаөзеннің қазіргі әкімі (бұл қызметке Орақ Сарбөпеев қамалған соң, биыл ақпанда тағайындалған) Серікбай Тұрымов қабылдап, «оқиғаны облыс әкіміне баяндағанын», «құқық қорғау орындарының жұмысына кірісе алмайтынын» айтып, жұртты сабырға шақырды.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG