Accessibility links

Әлеуметтік дағдарыстарға бола неге оралмандарды жазғырады?


Жол бойында жұмыс берушіні күтіп отырған оралман аналар. Алматы облысы Талғар ауданы, Жалғамыс ауылы, 17 қазан 2011 жыл.

Жол бойында жұмыс берушіні күтіп отырған оралман аналар. Алматы облысы Талғар ауданы, Жалғамыс ауылы, 17 қазан 2011 жыл.

Жаңаөзендегі мұнайшылардың ұзаққа созылған ереуілі мен оның 2011 жылы 16-18 желтоқсанда қайғылы аяқталғаны Қазақстандағы оралмандардың әлеуметтік адаптациясы түйткілге айналғанын әйгілеп берді. Кейбір сарапшылардың пікірінше, билік әлеуметтік дағдарысқа кінәлі деп репатрианттарды негізсіз жазғырып отыр.

Қазақстан топ-шенеуніктерінің біразы Маңғыстау облысындағы толқулардың негізгі себептерінің бірі «дұрыс ойластырылмаған көші-қон саясаты» деген пікірде. Бұл ойды алғаш Тимур Құлыбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшысы болып тұрған кезінде айтқан еді.

Тимур Құлыбаев 2011 жылы қыркүйекте Жаңаөзенге оралмандар Түркіменстан мен Қарақалпақстаннан «бүтін ауыл болып көшіп келді, әлі келіп жатыр» деп мәлімдеді. Ол ереуілге шыққан мұнайшылардың негізінен оралмандар екенін баса айтты.

Қазақстан президентінің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев жуырда Лондондағы Корольдік халықаралық қатынастар институтында («Чатам Хаус») сөз сөйледі. Кеңесші «Оралман» деп бөліп-жарып айтпаса да, «Жаңаөзендегі проблемалар көші-қон саясатындағы түрлі қайшылықтардың кесірі» деді. Ол "Жаңаөзен халқының саны 15–20 жыл ішінде Өзбекстан мен Түркіменстаннан келген мигранттар есебінен екі еседей өсті" деп мәлімдеді.

Қазақстан билігі айтып отырған оралмандар кімдер? Неліктен аяқ астынан олар, биліктің айтуынша, «әлеуметтік аутсайдерлер» және «жатыпішерлер» бола қалды? Неліктен билік әлеуметтік дағдарыстарға оралмандар кінәлі деп оларды айыптайды?

Азаттық радиосының дөңгелек үстелінде осы сұрақтар талқыланды. Дөңгелек үстелге «Аман-саулық» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Бақыт Түменова, «Болатхан Тайжан» қорының президенті Мұхтар Тайжан, Маңғыстау облысындағы «Туған ел» оралмандар бірлестігінің төрағасы Елсұлтан Кемәладдинұлы, «АйтПарк» пікірталас клубының жетекшісі саясаттанушы Нұрлан Ерімбетов қатысты.

Қазақстан президентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев, «Қазақстан биографиялық энциклопедиясының» редакторы Данияр Әшімбаев, Маңғыстау облысы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев та сұқбатқа шақырылды. Өйткені осы азаматтар Жаңаөзен оқиғасына қатысты оралмандарды айыптаған болатын. Алайда түрлі себептерге байланысты бұл адамдар пікірталасқа қатысудан бас тартты.

МҰНАЙҒА БАЙ АЙМАҚТЫҢ КЕДЕЙШІЛІГІ

- Қазақстанның мұнайлы өңірлері - Қызылорда, Маңғыстау және Атырау облыстарында ең ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдай байқалады, - дейді саясаттанушы Мұхтар Тайжан.

Мұхтар Тайжанның айтуынша, Жаңаөзендегі оқиға бойынша оралмандарды жазғыруға болмайды. Өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай ауыр. Мұхтар Тайжан "Маңғыстау халқының ішінде оралмандар үлесі азғантай" дейді. Сондықтан, елге оралған қандастарымызды биліктің әдетінше «бөлек қауым» етіп шығаруға болмайды.
Мұхтар Тайжан - оппозициялық саясаткер. 9 қаңтар 2012 жыл.

Мұхтар Тайжан - оппозициялық саясаткер. 9 қаңтар 2012 жыл.


- Олар да Қазақстанның азаматтары. Сондықтан өңірдегі дағдарыстың себебін халықтың шектен тыс тығыздығынан, оралмандардың нашар әлеуметтік адаптациясынан, оларға қолайлы жағдай жасалмағандығынан көру - ахуалдың диагнозын қате қою деген сөз. Өкініштісі, 20 жыл ішінде біз қазақ ұлтының тұрмысын жақсартуға қажетті әлеуметтік-экономикалық шараларды жасамадық, - дейді Мұхтар Тайжан.

«ОРАЛМАНДАРДЫҢ ОҚШАУЛАНУЫ»

Маңғыстаудағы оралмандардың «Туған ел» облыстық бірлестігінің төрағасы Елсұлтан Кемәләддинұлының пайымына қарағанда, билік оралмандар деп Қазақстан азаматы төлқұжатына ие болған адамдарды атап отырса, олар - қазіргі Қазақстан жұртының жартысын құрайтындай шамада.

Елсұлтан Кемәладдинұлының пікірінше Жаңаөзенде болған оқиғаның бар кінәсін оралмандарға жаба салу мәселені шешпейді.

Жаңаөзендегі дағдарыстың негізгі себебін саясаттанушы Нұрлан Ерімбетов осы Нұрлан Ерімбетов, "Айт PARK" пікірталас клубының модераторы.

Нұрлан Ерімбетов, "Айт PARK" пікірталас клубының модераторы.

өңірде болып жатқан әділетсіздіктен көреді. Ол бұл проблема бүкіл елдің проблемасына айналуы мүмкін деп есептейді.

Нұрлан Ерімбетов оралмандар мәселесінде «екіжүзді және ұятсыз болмау керек» дейді. Яғни олармен жолыққанда қандас бауырмен қауышқандай құшақ жайып, сырт айнала бере оларды «оралмандар» деп бөлектеуден аулақ болуға шақырады.

Жаңаөзен қаласы әкімінің кеңесшісі Айнаш Тілекқабылова Қазақстан төлқұжатына ие болған адам - ел азаматы деп есептейді. «Оралман ұғымы әлдеқашан келмеске кеткен» дейді ол.

Тәуелсіз кәсіподақ басшысы Кенжеғали Сүйеуов «билік бөліп тастап отырған оралмандар немесе мигранттар - өзімнің бауырларым» дейді.

Мұхтар Тайжан да Қазақстанда оралмандар жоқ, тек республика азаматтары бар дейді. «Біздің бәрімізде де міне, осындай ұстаным болуы тиіс» деп мәлімдеді «Болатхан Тайжан» қорының президенті.

Нұрлан Ерімбетовтің ескертуінше, Қазақстанға басқа елдерден көшіп келген қазақтар шағын топ болып өмір сүруге мәжбүр. Оның айтуынша, оралмандардың ассоциациялары, одақтары немесе қоғамдық «Аман-саулық» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Бақыт Түменова.

«Аман-саулық» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Бақыт Түменова.

бірлестіктерінің өзі олардың бөлектенуін, оқшаулануын көрсетеді.

«Аман-саулық» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Бақыт Түменованың ойынша, Маңғыстау облысындағы мұнайшылар бейбіт ереуілдер жасап келген. Бірақ ел басшылығы еңбек дауын дер кезінде шешу мүмкіндігінен айрылып қалған.

- Енді, міне, қантөгіс болғанда барып бәрі жазықтыны іздеп жатыр. Ал қолында билігі бар адамдар қашан да қорғансыз жандарды жазықты қып шығарады, - деді Бақыт Түменова.

Азаттық радиосы дөңгелек үстелінің орыс тіліндегі толық аудиожазбасын мына жерден тыңдауға болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG