Accessibility links

Жауабы жоқ сауал


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев полицейлермен сөйлесіп тұр. Жаңаөзен, 22 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев полицейлермен сөйлесіп тұр. Жаңаөзен, 22 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)


Ей, зымиян, "Нұротандық" сатқындар,
Жазығы жоқ елді неге аттыңдар.
Жеті ай бойы жетім елге қайрылмай,
Неге сонша зор күнәға баттыңдар?

Кім соншама бұйрық берген төменге,
Автоматтан оқ жаудырған өр елге.
Мен сенбеймін бас изегіш сорлылар,
"Нұрекеңсіз" қимылдайды дегенге.

Халық енді ұмыта ма бұл күнді,
Шындық деді, шамырқанды, шыңғырды.
Мәсімов жүр мұртын майлап мұнаймен,
Құлыбаев елді неге құл қылды?

Алты алаштың не болады тағдыры,
Басыла ма өксігі мен зар-мұңы.
Зиялылар "зияндыға" айналды,
Нұрсұлтанның артын жалап барлығы.

Қашан қазақ жетер екен ақ таңға,
Ақикөздер Ардың жібін аттауда.
Сайқал билік, сайлау сенің не теңің,
Адайларым ойбай салып жатқанда...

Беу, Жаңаөзен, даңқтысың, дарасың,
Болашаққа пәк күйіңде барасың.
Сен ҚАСҚЫРСЫҢ, ҚАНСЫРАҒАН, ҰЛЫҒАН,
Өз тілімен жазып алар жарасын!!!

Бауыржан Халиолла
13 қаңтар 2012 жыл, Орал қаласы

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG