Accessibility links

Жаңаөзендегі сайлау қатаң бақылаумен өтті


80 жастағы Ұлмекен Доспаева сайлауға келді. Жаңаөзен, 15 қаңтар 2012 жыл.

80 жастағы Ұлмекен Доспаева сайлауға келді. Жаңаөзен, 15 қаңтар 2012 жыл.

Жаңаөзендегі мәслихат пен парламент мәжілісінің сайлауы 2 мың полицейдің қадағалауымен өтті. Сайлау комиссиясының өкілдері «алғашқы сайлаушының тіпті таңғы алты жарымда келіп алғанын» айтады.


Қаңтардың 15-і күні таңертең Жаңаөзен қаласының коменданты Аманжол Қабылов журналистермен 5 минут қана сөйлесіп, «қалада тыныштық екенін, сайлаудың ойдағыдай өтіп жатқанын» айтты.

Ол «сайлау барысын хабарлау үшін Жаңаөзен қаласына кіргізуге рұқсат сұрап өтініш білдірген он журналистің тек үшеуінің ғана өтінішін орындағанын, басқа жеті журналистің Ақтауда қалғанын» Азаттық тілшісіне растады. Бірақ қалаға кіруге қандай басылымдардың журналистеріне рұқсат берілгенін айтпады.

Жексенбі күні түске дейін Қазақстандағы оппозициялық «Голос республики» газетінің редакциясы өз тілшілерін, соның ішінде басылымының бас редакторы Татьяна Трубачеваны да Жаңаөзендегі билік қалаға кіргізбей қойғаны туралы мәлімдеме таратқан еді.

Аманжол Қабыловтың айтуынша, тек сайлау учаскелерінде ғана суретке, бейнетаспаға түсіруге болады. Ал қала көріністерін түсіруге рұқсат жоқ. Комендантық сағат кешкі 11-ден таңғы 6-ға дейін жалғаса береді.

ЖАҢАӨЗЕНДЕГІ ЕКІ МЫҢ ПОЛИЦЕЙ

Қала коменданты Аманжол Қабылов Жаңаөзенде «жалпы ахуалдың тұрақты екенін, қауіпсіздік пен тыныштықты сақтау үшін ішкі істер министрлігінің 2 мың полиция жасағы жұмыс жасап жатқанын» да хабарлады.

Жаңаөзен қаласының коменданты Аманжол Қабылов. 21 желтоқсан 2011 жыл.

Жаңаөзен қаласының коменданты Аманжол Қабылов. 21 желтоқсан 2011 жыл.

Оның айтуынша, басқа облыстардан келген полицейлер «өздерімен бірге сайлауға қатысу туралы құжаттарын алып келген», сондықтан олар да Жаңаөзенде дауыс бермек.

Аманжол Қабылов Жаңаөзенде бұған дейін қанша адамның ұсталып, жауап беріп жатқанын айтпады. «Оны тергеу-тексеру амалдарын жүргізетін бөлімнен сұрау керек» деді. Іздеу салынған адамдардың бәрі мәлім екенін, тек алты адамның ғана тұлғасы анықталып жатқанын айтты. «Ол алты адамның бәрі мұнайшылар ма?» деген сауалға жоқ:

– Жоқ, қала тұрғындары, қарапайым адамдар. Арасында мародерлер бар деп іздестіріп жатырмыз, – деді.

«ҚАЗМҰНАЙГАЗДЫҢ» «ЗАҢ БІЛМЕУІ»

Жаңаөзенде сайлау күні «Қазмұнайгаз» барлау-өндіру мекемесі журналистер мен халықаралық бақылаушыларды кеңсесіне шақырып, баспасөз мәслихатын ұйымдастырмақ болды.

Бірақ жұрт түгел жиналған кезде «Қазмұнайгаз» барлау өндіру мекемесі бас директорының кеңесшісі Ербол Исмайылов келіп, «заңды білмегендіктен шақырғандарын, баспасөз мәслихат ұйымдастыруға болмайтынын енді білгенін, сауалдардың бәріне ертең Астанада жауап берілетінін» айтып, журналистерді таратты.

«АЛҒАШҚЫ САЙЛАУШЫ АЛТЫ ЖАРЫМДА КЕЛДІ»

Азаттық тілшісі Жаңаөзендегі №7 орта мектепте орналасқан № 73 сайлау учаскесіне барды. Сайлау комиссиясының төрағасы Талмуринов Ырзағалидың айтуынша, сайлау өз уақытында, сағат 7-де басталған.

«Алғашқы дауыс беруші – 1955 жылы туған Орынбай Қойшыбаев тіпті таңғы алты жарымда келіп алды, учаске ашылғанша күтті» дейді комиссия өкілдері.

№ 73 сайлау учаскесіндегі сайлау комиссиясының төрағасы «Дауыс берушілер арасында ереуілші мұнайшылар болды ма?» деген сауалға «Оны білмеймін, Сайлау участкесі. Жаңаөзен, 15 қаңтар 2012 жыл.

Сайлау участкесі. Жаңаөзен, 15 қаңтар 2012 жыл.

өйткені мұнайшылардың ешбірін танымаймын» деп жауап берді. Азаттық тілшісі сайлау учаскесінен ереуілші мұнайшылардың біреуін ғана көрді. Ол «дауыс бергенін, бірақ аты-жөнін айтпайтынын» мәлімдеді.

Бұл учаскедегі сайлау комиссиясының құрамында Қазақстанда халықтық коммунистік партиясының, «Руханият» партиясының өкілі, Ауған соғысына қатысушылар қоғамының, Зағиптар қоғамының өкілі бар екен.

Бес адамнан тұратын бақылаушылар тобының құрамындағы екі адам – облыстық мәслихатқа түсіп жатқан кандидаттардың өкілі, екі адам – «Нұр Отан» партиясынан.

Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Мақсат Ибағаровтың сенімді өкілі әрі бақылаушы Шілтенов Қуанғали «Осынша қысқа мерзімде үгіт-насихат жұмыстарын қалай жүргізіп үлгердіңіздер?» деген сауалға былай жауап берді:

«САЙЛАУШЫЛАР БЕЛСЕНДІ ЕМЕС»

Азаттық тілшісіне сұхбат берген British Kazakh parliamentary group ұйымының өкілі Джон Уэйверли Жаңаөзен қаласында сайлау әзірге тыныш өтіп жатқанын, бірақ "сайлаушылардың дауыс беру белсенділігінің төмен екенін" айтты. Уэйверли Жаңаөзендегі оқиғалардың сайлау барысына қалай әсер ететінін білу үшін ешқандай шақыртусыз, өз бетінше келген.

АҚШ-тан келген бақылаушы, Жаңа демократия институтының атқарушы Жаңа демократия институтының атқарушы директоры Маргарита Ассенова. Астана, 28 қазан 2009 жыл.

Жаңа демократия институтының атқарушы директоры Маргарита Ассенова. Астана, 28 қазан 2009 жыл.

директоры Маргарита Ассенова да сайлауда дауыс берушілер белсенді емес екенін хабарлады.

Ал Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Байбек Ызастың айтуынша, сағат 16-ға дейін сайлаушылардың 50 пайызға жуығы келіп дауыс берген.

- Бұрынғы сайлаулармен салыстырғанда бұл жолы халықтың белсенділігі төмен. Бұл демалыс күні өтетін отбасындағы әртүрлі шараларға байланысты шығар, қаралы үй көп қой - солар қырқын бергенше ары-бері шыға алмай, жұмысбасты болып жатқан шығар, - дейді Жаңаөзен қалалық сайлау комиссиясының өкілі.

Таңертең Жаңаөзендегі сайлау учаскелерінің ешбірінің маңынан қарулы күзет көрінбеген еді. Кешке таман әр учаскенің жанында 3 жауынгер, 3 арнайы жасақ сарбазы тұрды.

Желтоқсанның 16-сы және 17-сі күндері Жаңаөзен мен Шетпедегі оқиғалар салдарынан, ресми ақпараттар бойынша, 17 адам қаза болып, 100-ден астам кісі жараланған.

Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) осыған қатысты өз сауалына конституциялық кеңестің берген жауабын негізге алып, Жаңаөзенде парламент сайлауын өткізбеу және жергілікті мәслихат сайлауының мерзімін кейінге шегеру туралы қаулы қабылдаған болатын.

Бірақ президент Назарбаев конституциялық кеңестің шешіміне вето қойған соң, ОСК ол қаулының күшін жойып, Жаңаөзен қаласында да жексенбі күні сайлау учаскелері дауыс беру үшін ашық болады деп хабарлаған.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG