Accessibility links

Жаңаөзен әйелдері әкімдік алдында пикет өткізуге рұқсат сұрады


Жаңаөзен әйелдері әкімдік жанында шеру өткізу үшін қол жинап тұр. Фотоны блогшы Дина Байділдаева түсірген. 13 ақпан 2012 жыл.

Жаңаөзен әйелдері әкімдік жанында шеру өткізу үшін қол жинап тұр. Фотоны блогшы Дина Байділдаева түсірген. 13 ақпан 2012 жыл.

Бүгін Жаңаөзен оқиғасы бойынша айыпталып, қамауда отырған азаматтардың аналары, әпкелері мен әйелдері қаладағы төтенше жағдай алынғаннан кейін тұңғыш рет әкімшілік алдына жиылды. Олар ақпанның 23-інде әкімдік алдында пикет өткізуге өтініш тапсырды.


Азаттық радиосына Жаңаөзен қаласы әкімдігі алдына тұрғындардың жиналғанын сол жақта жүрген блогшы Дина Байділдаева телефон арқылы хабарлады. Оның айтуынша, әкімнің кеңсесі өтініш хатты қабылдап алған.

«ЖАҚЫНДАРЫҢ БОСТАНДЫҚҚА ЕШҚАШАН ШЫҚПАЙДЫ»

Байділдаеваның айтуынша, әкімдік алдына жиналған азаматтардың ұзын саны – жиырмаға жуық. Олар жақындарының «қуғындалып жатқанына» қарсылықтарын
осылайша білдірмек. Алайда полиция жасақтары мен ішкі әскер сарбаздары шұғыл келіп, әйелдер жиынын бақылауға алған. Олар, ата-аналардың айтуынша, «журналистерге интервью бермеңдер, әйтпесе жақындарың бостандыққа ешқашан шықпайды» деп ескерту жасаған.



«ТАРАП КЕТУ» ТУРАЛЫ КЕҢЕС

- 16 желтоқсан күні Жаңаөзенде болған төтенше жағдайларға байланысты жазықсыз жала жабылған азаматтарымызды шығару үшін ата-аналар болып келіп тұрмыз, - деді інісінің айыпталғанына наразы Нұрсия Бекболатова Азаттық тілшісіне.

Әйелдерді бақылауға келген полиция өкілдері оларға тарап кетуге кеңес берген.

Ақпанның 23-інде пикет өткізуге өтініш өткізген жаңаөзендік аналар қазір үйлеріне тарап кетті. Олар енді әкімдіктің жауабын күтеді.

2011 жылы желтоқсанның 16-сында Жаңаөзен мен Шетпеде ереуілшілер мен полиция арасында қақтығыс болып, полицейлер атқан оқтан 17 адам қаза тауып, 100-ден аса адам жарақат алды.

Қазақстанның бас прокуроры Асхат Дауылбаев 2012 жылы қаңтардың 25-і күні мемлекеттік телеарналар арқылы Жаңаөзен оқиғасы туралы мәлімдеме таратып, Қала көшесінде тізіліп тұрған полиция жасағы. Жаңаөзен, қаңтар 2012 жыл.

Қала көшесінде тізіліп тұрған полиция жасағы. Жаңаөзен, қаңтар 2012 жыл.

"Қазіргі кезге жаппай тәртіпсіздіктердің 6 (алты) ұйымдастырушысы – Сақтағанов, Жарылғасинов, Ирмуханов, Досмағамбетов, Өткелов және Төлетаева анықталып, оларға Қылмыстық кодекстің 241 (екі жүз қырық бірінші) бабының 1 (бірінші) бөлігі бойынша айып тағылып, қамауға алынды. Сонымен қатар, жаппай тәртіпсіздіктердің 23 (жиырма үш) белсенді қатысушысы және бүліншілік пен тонаушылық жасаған 11 (он бір) адам анықталып, қамауға алынған. Олардың басым бөлігі жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғанын және қатысқандарын растады" деген болатын.

Ақпанның 9-ында Жаңаөзен қаласының әкімі Орақ Сарбөпеевтің үстінен қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды. Сарбөпеевтің орнына Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі Серікбай Тұрымов тағайындалды.

Жаңа әкімді Жаңаөзен қаласы мәслихатымен таныстыру рәсімінде Маңғыстау облысының әкімі Мұхамеджанов "көптеген адамдарға Жаңаөзен қаласының әкімі болу ұсынысы жасалғанын, тек Тұрымов қана келіскенін" айтты. Облыс әкімі Тұрымовқа "жұмыстың өте ауыр екенін, қордаланған мәселелерді «Өзенмұнайгаз» кәсіпорнымен бірігіп шешу қажеттігін" ескерткен еді.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG