Accessibility links

Прокурорлар полицейлерді 7 жылдан 9 жылға дейін соттауды сұрады


Сот залында отырған айыпталушы полиция қызметкерлері. Ақтау, 27 сәуір 2012 жыл.
Сот залында отырған айыпталушы полиция қызметкерлері. Ақтау, 27 сәуір 2012 жыл.

Ақтауда өтіп жатқан полицейлер сотында жарыссөз кезеңі басталды. Прокурорлар айыпталушыларға 7 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын кесуді сұрап отыр.

Бірнеше күндік үзілістен соң полицейлер соты бүгін түсте қайта жалғасты. Сотта жарыссөз кезеңі басталып, әуелі мемлекеттік айыптаушыларға сөз берілді.

Twitter-дегі ақпараттарға қарағанда, прокурорлар сотталушы полицейлерді «желтоқсанның 16-сы күні қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып, «жаппай тәртіпсіздікке еш қатысы жоқ» адамдарды атты» деп айыптаған.

Сот процесі барысында прокурорлар «айыпталушылардың резеңке оқ, дубинка сияқты басқа да тәсілдерді қолдануға мүмкіндігі болған» деп тұжырым жасады.

Прокурорлар полиция полковнигі Қабдығали Өтеғалиевке – 9 жыл, полиция подполковнигі Бекжан Бағдабаев, полиция майоры Ерлан Бақытқалиұлы және полицияның аға лейтенанты Ринат Жолдыбаевқа – 8 жыл, полиция капитаны Нұрлан Есбергеновке – 7 жыл жаза беруді сұраған.

БЕС ПОЛИЦЕЙГЕ ТАҒЫЛҒАН АЙЫП

Айыпталушы, Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің (ІІД) орынбасары Қабдығали Өтеғалиевке «қару қолдану туралы бұйрық берді» деген айып тағылып отыр.

Ал Маңғыстау облыстық ІІД-нің экстремизмге қарсы күрес бөлімінің бастығы Бекжан Бағдабаев «ол атқан автоматтың оғынан мектепте істейтін, төрт баланың анасы Жанар Әбдікәрімова мерт болды» деп айыпталды. Мемлекеттік
Ақтау қаласында Жаңаөзен оқиғасы бойынша полицейлер сотына келе бастаған жұрт. Ақтау, 27 сәуір 2012 жыл.
Ақтау қаласында Жаңаөзен оқиғасы бойынша полицейлер сотына келе бастаған жұрт. Ақтау, 27 сәуір 2012 жыл.
айыптаушылардың сөзінше, Жанар Әбдәкәрімова 2011 жылы желтоқсанның 16-сы күні алаңда да, ереуілшілер арасында да болмаған - жалақысын алмақ болып банкоматқа келгенде автоматтың қаңғыған оғы тиіп, сол жерде мерт болған. Айыптау қорытындысы бойынша, Бағдабаевтың автоматынан атылған оқ тағы екі азаматты – Рахат Тәжіманов пен Ырзабек Махамбетты жаралаған.

Айыптау қорытындысына қарағанда, Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Бақытқалиұлы атқан оқтан Атаберген Дүйсекенов өліп, Қанат Мұқашев есімді азамат жараланған.

Прокурорлардың сөзінше, ІІД-нің оперативтік қызметкері Ринат Жолдыбаевтың атқан оғы кәмелетке толмаған Рахат Көшеровтың өліміне себеп болған.

Айыпталушы, Жаңаөзен қаласы ішкі істер басқармасының аға анықтаушысы Нұрлан Есбергенов ауыр жараланып, қазір ауруханада емделіп жатқан жас баланың жарақаттануына себеп болды деп айыпталып отыр.

Айыпталушы полицейлер тағылған айыптарды мойындамайды. Адвокаттары да "олардың кінәлары дәлелденбегенін" айтады.

Ақтау қаласындағы Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сәуірдің 27-інен бері жалғасып келе жатқан сот ақырына таяп қалды. Сотта айыпталушы бес полицейге «адам өліміне душар еткен қару-жарақ қолданып, лауазымдық өкілеттіктерін асыра қолданды» (қылмыстық кодекстің 308-бап 4-бөлім «Б» пункті) деген айып тағылып отыр.

Полицейлер сотының алғашқы күні түсірілген видео:
Полицейлер соты басталды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:35 0:00
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG