Accessibility links

Прокурор Теміровті бес жылға соттауды сұрады


Жаңаөзен қалалық уақытша тергеу изоляторының бұрынғы бастығы Жеңісбек Теміров. Ақтау, 25 сәуір 2012 жыл.

Жаңаөзен қалалық уақытша тергеу изоляторының бұрынғы бастығы Жеңісбек Теміров. Ақтау, 25 сәуір 2012 жыл.

Cәуірдің 25-сі күні Ақтау қалалық сотында Жаңаөзен қалалық уақытша қамау изоляторының (УҚИ) бұрынғы басшысы, 32 жастағы Жеңісбек Теміровтің үстінен басталған сот процесі соңғы сатысына жақындап, бүгін (яғни мамырдың 10-ында) жарыссөзге ұласты.

Жеңісбек Теміров «2011 жылы 16 желтоқсандағы оқиға кезінде Базарбай Кенжебаевты УҚИ-ге заңсыз қаматты, оны дер кезінде ауруханаға жібермей, Кенжебаев содан көз жұмды» деген айып бойынша биыл 25 қаңтарда жауапқа тартылған.

«БЕС ЖЫЛҒА БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРЫЛСЫН»

Жарыссөз барысында алғаш сөз алған айыптаушы прокурор, Маңғыстау облыстық прокуратурасының басқармасы бастығы Әмірғали Жанаев қылмыстық кодекстің 308-бабының 2 және 4-бөлімдері (билігін немесе қызмет өкілетін асыра пайдалану) бойынша Жеңісбек Теміровті айыпты деп санап, «кінәсін жартылай мойындағаны, қатесін түсініп кешірім сұрағанына байланысты бес жылға бас бостандығынан айыруды және жазасын жалпы колонияда өтеуге кесуді» сұрады.

Сотқа жәбірленуші ретінде қатысып отырған төрт адамға орай қылмыстық істі саралап шыққан прокурор үшеуінің талап арыздан бас тартқанын, ал Базарбай Жәбірленуші Әсем Кенжебаева. Ақтау, 10 мамыр 2012 жыл.

Жәбірленуші Әсем Кенжебаева. Ақтау, 10 мамыр 2012 жыл.

Кенжебаевтың қызы Әсем Кенжебаеваның талабы бойынша 1 миллион теңге ғана өндіріп, қалған 4 миллион теңгенің тиісті құжаттары жоқтығына орай оны қанағаттандырудың керегі жоқтығын айтты.

Прокурордан кейін сөз алған жәбірленушілердің бірі Әсем Кенжебаеваның адвокаты Шамин Базаров та Жеңісбек Теміровке қатаң жаза беруді ұсынды. Бірақ адвокат прокурордың өтем туралы сөзімен келіспей, «кісіні жерлеуге, жетісі, жүзіне дейінгі аралықта беретін асы мен зиратын тұрғызуға кеткен шығынға қазақ дәстүрінде ешкім де құжат жасамайтынын» айта келе, Әсем Кенжебаеваның талабын орындау керегін ескертті.

НҰСҚАУ НЕМЕСЕ «ҚОЖАЕВТЫҢ ТАҢҒАЛДЫРУЫ»

Адвокат Шамин Базаров осы іс бойынша Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасының бұрынғы бастығы Мұхтар Қожаев пен тағы да екі лауазымды қызметкерді, сондай-ақ УҚИ-ге адамдарды күштеп әкеліп, ұрып-соққан ОМОН қызметкерлері мен олардың басшыларын да қылмыстық жауапқа тартып, қамауға алуды талап етті.

Адвокат Шамин Базаровтың сөзіне қарағанда Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Мұхтар Қожаев сотқа сәуірдің 27-сі күні алғаш куәлік Адвокат Шамин Базаров. Ақтау, 10 мамыр 2012 жыл.

Адвокат Шамин Базаров. Ақтау, 10 мамыр 2012 жыл.

бергенде өзінің УҚИ-де не болып жатқанынан хабарсыз екенін, 2011 жылы желтоқсанның 16, 17, 18-і күні тек сырттан келгендерді күтіп алып, орналастырумен ғана шұғылданғанын, Теміровке еш нұсқау бермегенін мәлімдеген.

Ол күні сотталушы Жеңісбек Теміров тарапынан да Қожаевқа сұрақ қойылмаған. Алайда кейіннен Теміров басқаша сөйлеп, «адамдарды УҚИ-ге қамау жөнінде Қожаев бұйрық бергенін» айтқан. Адвокат Шамин Базаровтың талабынан кейін сот Қожаевты қайта шақырып, Теміровпен беттестірген.

- Міне, осы кезде Қожаев болып жатқан оқиғадан хабардар екенін де, ауызекі нұсқау бергенін де мойнына алды. Егер ол өздеріне нұсқау берген адамдар бар дейтін болса, онысын атап көрсетсін. Мұхтар Қожаевтың жауапқа тартылу орнына Астанадағы министрлікке жоғарылап кеткені таңғалдырады, - дейді Базаров.

«Мұхтар Қожаев Жеңісбек Теміровке ауызша нұсқау берген» деген сөзді бүгін айыптаушы прокурор да айтты.

«БҰЛ ЖЕРДЕ ҰЛЫМНЫҢ БАСТЫҚТАРЫ ОТЫРУЫ ТИІС ЕДІ»

Жеңісбек Теміровтің әкесі, оның қоғамдық қорғаушысы ретінде сотқа қатысып отырған Есжан Теміров «Бүгін сотталушының орындығында аңғал да жас маман отыр. Бұл жерде ОМОН қызметкерлері мен олардың басшылары отыруы керек» еді деп бастады сөзін.

- 15-і күні қызметке тағайындалған Теміров бұйрықпен таныстырылмаған. Сөйтіп еңбек заңына нұқсан келтірген. Абақтыны қабылдап алмаған, яғни оған өткізбеген. Сотталушы Жеңісбек Теміровтің әкесі әрі қоғамдық қорғаушысы Есжан Теміров. Ақтау, 25 сәуір 2012 жыл.

Сотталушы Жеңісбек Теміровтің әкесі әрі қоғамдық қорғаушысы Есжан Теміров. Ақтау, 25 сәуір 2012 жыл.

УҚИ-дің ішіне адамдарды ОМОН қызметкерлері әкеліп, тергеуді солардың басшылары жүргізгені, кейін адамдарды УҚИ-дің қарауына жатпайтын сырттағы гаражға апарып, ұрып-соққаны дәлелденді, - дейді Есжан Теміров.

Оның сөзіне қарағанда, Жеңісбек Теміров «жоғарыдағылардың, оның ішінде министрлік те бар, нұсқауымен жұмыс істеген Мұхтар Қожаевтың бұйрығын орындаған».

- Куәлік еткен дәрігерлер «Базарбай Кенжебаевқа дер кезінде жәрдем көрсетілгенде аман қалар ма еді» деген сұрағымызға «иә» деп жауап берді. Ал бірақ ол үйіне барғаннан кейін де екі жарым тәулік бойы ауруханаға бармаған. Үйіндегілер жедел жәрдем шақырудың орнына, жағдайының ауырлығына қарамастан, «Новая газета» басылымының тілшісімен әңгімелестіріп, қарап отырған. Ал тілші өзіне керекті материалды алған да тайып тұрған, - деді Есжан Теміров.

Ол ұлының «отбасылық жағдайын, кәрі әке-шешесі мен жас бала-шағасы барын» айтып, ақтауды сұрады. Сотталушыға сөз берілгенде Жеңісбек Теміров те өзін ақтауды сұрап, жәбірленушілерден кешірім өтінді.

Сот төрайымы Галина Айжарықова сот үкімі 17 мамырда айтылатынын ескертіп, сот отырысын аяқтады.

ЖЕҢІСБЕК ТЕМІРОВТІҢ СОТЫНДА СӨЗ БОЛҒАН ГАРАЖ

Жаңаөзен қалалық уақытша қамау изоляторының бұрынғы басшысы Жеңісбек Теміровтің соты барысында жиі айтылған гаражды Жаңаөзен қаласына барған сапарында Азаттық тілшісі де көрді.

Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасы мен Жаңаөзен қалалық соты орналасқан үлкен аумаққа кіргісі келген адамдар бір қақпадан өтеді. Қақпа жанында полиция Жаңаөзен ішкі істер басқармасы маңындағы гараж. 29 сәуір 2012 жыл.

Жаңаөзен ішкі істер басқармасы маңындағы гараж. 29 сәуір 2012 жыл.

бекеті тұр. Біз барғанда бекетте ешкім бола қойған жоқ. Бірақ сот ғимаратының алды мен ішкі істер басқармасының төңірегінде полицейлердің төбесі көрініп жүрді.

Постан өте бере сол жаққа қарағанда бір-бірімен жалғасып тұрған гараждар көрінеді. Ал УҚИ осы гараждың дәл алдындағы үлкен ғимараттың иесі - Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасының ішінде орналасқан.

- Бұл гараждарды «бокс» деп те атайды. Дәл осы жерде 2011 жылы 16,17,18 желтоқсанда 500-ге жуық адам кіргізіп, аяусыз ұрып-соққан, - дейді жергілікті тұрғындар.

Өткен жолы осы сот процесіне куәлікке келген дәрігер Асылбек Раметов «изолятордың жанындағы гаражда, шынымды айтайын, 100-150-дей адам қамауда жатты» деген еді. Ол «гараждың іші балшық болды» деген Әсем Кенжебаеваның сөзін де растап:

- Гараждың іші балшық болды. Бірақ төбеден су өтетіндей емес еді, өйткені төбесінде шифері болатын, - деген.

Жәбірленуші Әсем Кенжебаева әкесі Базарбай Кенжебаевтың «изолятор жанындағы гаражда да зорлық-зомбылық» көргенін айтқан еді.
  • 16x9 Image

    Асылхан МАМАШҰЛЫ

    1973 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. 1994 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда пединститутын бітірген. 1997-2000 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасында оқыған. "Қазақ энциклопедиясы" баспасында (2001-2007), республикалық "Ана тілі" газетінде (2007-2009) , "ABDI-press" орталығында (2009-2010) жұмыс істеген. 2011 жылдан Азаттық радиосының тілшісі.

    Тарихи, саяси мәселелер тақырыбында жазады, белгілі тұлғалардың саяси портреттерін жасайды. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG