Accessibility links

Қоғамдық комиссия алғашқы мәліметтерін баяндады


Жаңаөзен оқиғасы кезінде қаза тапқан Жаңаберген Көшеровтің анасы Алмагүл Көшерова. Маңғыстау облысы, 16 ақпан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Жаңаөзен оқиғасы кезінде қаза тапқан Жаңаберген Көшеровтің анасы Алмагүл Көшерова. Маңғыстау облысы, 16 ақпан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Жаңаөзен оқиғасын зерттеу үшін құрылған тәуелсіз қоғамдық комиссия бүгін баспасөз мәслихатын өткізіп оқиға кезінде қаза тапқандардың саны туралы «ресми көрсеткіш әлі де нақтылауды қажет ететінін, із-түзсіз жоғалып кеткен жақындарын іздеп жүргендердің бар екенін» айтты.


Қоғамдық комиссия мүшелері өткен аптада Жаңаөзенге барып, жергілікті халықтың арыз-шағымдарын жинап, тәуелсіз зерттеу жұмыстарын бастады. Мүшелері апта сайын ауысып жұмыс істейтін бұл комиссияның Алматыға келген өкілдері журналистерді шақырып, алғашқы мәліметтерімен бөлісті.

16 ЖАСАР БАЛАНЫҢ ӨЛІМІ МЕН АНАСЫНЫҢ АЗАБЫ

"Жас Алаш" газетінің бас редакторы, қоғамдық комиссияның мүшесі Рысбек Сәрсенбайұлы Жаңаөзенде оқ тиіп қаза тапқан 16 жасар Рахат Көшеров туралы әңгімеледі.

- Иегінің тұсынан оқ тиген. Оқ мойын омыртқасына қадалған. Жаралы баланы Жаңаөзендегі ауруханаға апарған. Мұны естіген анасы да ауруханаға жеткен. Баланың шешесі ол жердегі қаннан, үйілген адам өліктерінен, ыңырсып жатқан жаралылардан шошыған. Көзі көрмей қалыпты. Қасындағылар сүйеп, көтеріп, үшінші қабатқа апарған. Баспалдақтың бәрі қып-қызыл қан. Қиналған адамдар. Дәрігер жетпей жатқан екен, - деді Рысбек Сәрсенбайұлы.

Жаңаөзеннің дәрігерлері операция жасауға мүмкіндік болмай, Рахат Көшеровті Ақтауға жібереді. Ақтаудағы дәрігерлер баланың Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жаңаөзен оқиғасы кезінде мұнайшыларға оқ атқан полицейлердің есебін тыңдап тұр. Жаңаөзен, 21 желтоқсаен 2011 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жаңаөзен оқиғасы кезінде мұнайшыларға оқ атқан полицейлердің есебін тыңдап тұр. Жаңаөзен, 21 желтоқсаен 2011 жыл.

анасынан операцияға ақша талап еткен. «Бейшара ана қарыз сұрау үшін Жаңаөзенге қайта аттанған» дейді Рысбек Сәрсенбайұлы. Ақша тауып, қайтып келген кезде дәрігерлер баласының көз жұмғанын хабарлапты.

Рысбек Сәрсенбайұлының айтуынша, «анасы ұлының сүйегін мәйітханадан алу үшін де ақша төлеп, жерлеу рәсімін әрең өткізген».

- Бұл кісі баласы қайтыс болған соң, дәстүр бойынша есік алдына киіз үй тігеді. Оны СОБР мен ОМОН-ның сарбаздары келіп, құлатып, асқан қазанын төңкеріп тастапты, - деді ол.

«ТАҒЫ ДА ҚОРЛЫҚ»

Комиссия мүшелері «Рахаттың анасы баланың өлімінің мән-жайын білмек болып жергілікті прокуратураға келгенде тағы қорлық көргенін» айтты.

- Ондағылар екі қолын жоғары көтертіп, «жан-жағыңа қарамай, алға жүр!» депті. Ол түрі таныс бір полицияға қарай бергенде «Қарама, алға жүр!» деп арқасынан дубинкамен ұрып-ұрып жіберген. Сөйтіп үстін тінтеді. Жай тінтсе бірсәрі - іш киімін шешіп тастапты, - деді Рысбек Сәрсенбайұлы.

Рысбек Сәрсенбайұлының ойынша бұл оқиға «қылмыстың 16-17-сінен кейін де жалғасқанын, Жаңаөзен ауруханасында жатқан жаралы. 19 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Жаңаөзен ауруханасында жатқан жаралы. 19 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

полицияның адамның қасіретінен бизнес жасағанын көрсетеді».

Қоғамдық комиссия өкілдері Рахат Көшеровтің өліміне қатысты Жаңаөзенде қылмыстық істің қозғалмағанын айтты. Полиция өкілдері марқұмның анасынан тек түсініктеме жазып алған.

«ОЗБЫРЛЫҚПЕН МОЙЫНДАТУ»

Комиссияның өзге екі мүшесі Аймұхан Таужанов пен Мереке Құлкенов те Жаңаөзенде көптеген азаматтардың әділетсіздікке ұшырап отырғанын, көмекке зәру екенін айтысты.

Жаңаөзен оқиғасы бойынша қазір 29 азамат қамауда отыр. Мереке Құлкенов олардың өз құқықтарын талап еткен қарапайым адамдар екенін, олардың қылмыскер екеніне сенбейтінін айтты.

- Сол адамдардың барлығын билік өзінің озбырлығымен мойындатып жатыр, - деді ол.

Қоғамдық комиссия мүшелерінің айтуынша, «Алдағы уақытта Жаңаөзенге тағы да Алматыдан бірнеше азамат аттанбақ. Әзірше ол жаққа кім баратыны белгісіз. Комиссияның кеңсесін ашу мәселесі де қарастырылып жатыр».

Азаттық тілшісі Мереке Құлкеновтің «көптеген азаматтар әділетсіздікке ұшырап отыр, оларға озбырлықпен мойындатып жатыр» деген сөзінен кейін күйеуі Жазушы, қоғамдық комиссияның мүшесі Мереке Құлкенов. Алматы, 27 ақпан 2012 жыл.

Жазушы, қоғамдық комиссияның мүшесі Мереке Құлкенов. Алматы, 27 ақпан 2012 жыл.

Жаңаөзен оқиғасы бойынша тергеуде жатқан Тамара Ерғазеваға хабарласты.

Ол ақпанның 24-күні «үйіне полицейлердің заңсыз тінту жасағанын» айтты.

Тінту жасалған кезде Тамара Ерғазева Ақтауда жүрген, үйде туыстары болған. Оның айтуынша, түнгі сағат 22:00 шамасында екі «Газель», бір «УАЗ» көлігімен келген «СОБР» жасақтары үйге басып кірген. Олар «ешқандай санкциясыз үйді ақтарып-төңкеріп» тінте бастаған.

- Балам телефон соқты. «Тінту жасап жатыр» деді. «Қазір журналистер мен адвокаттар барады. Соны милицияға айт» дедім. Балам соны айтқан екен. Милициялар «журналистер келгенше кетейік деп» қашып үлгерген, - деді Тамара Ерғазева.

Оның айтуынша, сол күні үйде болған қайын ағасы да полицияның тінтуге арналған ресми ордерін талап еткен, полицейлер оны көрсете алмаған соң үйді заңсыз тінттірмей қойған.

Тамара Ерғазева полицейлердің оның үйінен қару іздегенін, тіпті қару тастап кетіп, артынан оны тауып алу жоспарлары да болуы мүмкін екенін айтты. Кетерлерінде Ерғазеваның енесінен «үйге тінту жасалған жоқ» деген қолхат жаздыртып алған.

Азаттық тілшісі Тамара Ерғазева айтқан бұл ақпараттың анық-қанығына жету үшін ақпанның 27-і күні Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасына хабарласқанымен, жауап ала алмады.

«АЙЫП ТАҒЫП ЖІБЕРІП, СОТТАҒЫСЫ КЕЛЕДІ»

Азаттық тілшісі қоғамдық комиссия мүшелері айтқан «озбырлықпен мойындату» мәселесіне қатысты Шетпе тұрғындарына хабарласты.

Маңғыстау ауданының әкімі Қармыс Боқанов Шетпедегі оқиға бойынша қамалған 15 азаматтың бесеуі ақпанның 24-і босатылғанын айтты. Олар: Құлжабаев, Аспанбетов, Көбен, Дархан, Нұрбердиев. Бұл азаматтардан Шетпеден кетпеу туралы қолхат алынған. Әзірше ешқайсысы толық ақталмаған.

- Бұған қоса, қамауда отырған үш адамға тағылған айыптар саны қысқарды. Тергеу жүріп жатыр ғой. Тексеріп жатыр, - деді Қармыс Боқанов.

Шетпеде тоқтатылған пойыз.

Шетпеде тоқтатылған пойыз.

Ал қамаудағы қалған 10 азаматтың ата-аналары да балаларының кінәсіз екенін айтады. Шетпе тұрғыны Жетібай Жылқышиевтің баласы - Бекберген Жылқышиев та қамауда жатыр. Бірақ ол босатылмаған.

Жетібай ақсақал «Ресми ақпаратта айтылғандай Шетпеде ешбір пойыз өртенбеген. Қамалған он шақты баланың бар кінәсі - бейбіт шеру өткізіп, Жаңаөзендегі болған оқиғадан хабар алу болған», - деді.

- Негізгі нәрсе - «Ақтау - Маңғыстау» пойызын тентектікпен тоқтатқан» деген айып. Ал біздің балаларымыздың пойызды тоқтатқандағы мақсаты - ол пойызда ішкі әскер бөлімі отыр. Мақсаттары - әскерді Жаңаөзенге жібермеу. Олар «әскер Жаңаөзендегі халықты қырады» деп ойлады. Сөйтіп бір ғана пойызды кідірту арқылы қалғандарын да жібермеуге тырысты. Балалардың сол талабын айтпай, тек «пойызды пәлен сағат тентектікпен тоқтатты» деп айып тағып жіберіп, соттағысы келеді, - деді баласы тұтқыннан босамай жатқан қария.

Қазір Жаңаөзеннің 29 азаматы, Шетпенің 10 азаматы қамауда отыр.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG