Accessibility links

«Қаруды халыққа емес, бұзақыларға қолдандық» дейді полицей


Шетпе ісі бойынша сот залындағы полиция қызметкерлері. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Шетпе ісі бойынша сот залындағы полиция қызметкерлері. Ақтау, 17 сәуір 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Жаңаөзен сотында аноним куәгерлер сұрала бастады. Айыпталушылардың адвокаты «бүркеншік ат қолданатындай бұл қауіпті іс емес» дейді. Ал Шетпе сотында айыпталушылар тергеуде зорлық көргендерін тағы да айтты.


ЖАҢАӨЗЕН СОТЫНДАҒЫ АНОНИМ КУӘГЕР

«Жаңаөзен-2011» комитетінің өкілі Ерлан Қалиевтің айтуынша, Жаңаөзен оқиғасына байланысты өткен сотта бүгін түске дейін Арман деген лақап атты бір аноним куәгер сұралған. Куәгер басқа бөлмеде отырған, сот залына өзгертілген даусы ғана естіліп тұрған.

– Аноним куәгерлер тіпті «тек шындықты айтуға ант етемін» деген сияқты ант беруге міндетті емес екен. Мұны бүгін сот төрағасының өзі айтты. Олардың сөздері шындық ретінде қабылданады. Аты-жөні, қай жерде жұмыс істейтіні айтылмайды екен. Бүгін аноним куәгерге қатысты бір нәрсе ғана – құқық қорғау органының қызметкері екені ғана ресми түрде айтылды, – дейді Ерлан Қалиев.

Оның айтуынша, аноним куәгерге екі тарап өкілдері көп сұрақ қойған. «Алты-жеті айыпталушының «қылмысын жіпке тізгендей» айтып берген куәгердің жауабында қарама-қайшылықтар көп болды» дейді Ерлан Қалиев.

– Куәгер Айжан Дүйсенбаеваның 16 желтоқсан күні Жаңаөзен алаңында полицейге тас лақтырып жүргенін көргенін айтты. Айжан Дүйсенбаева нақты қай кез екенін Жаңаөзен оқиғасына орай айыпталушылардың адвокаттары. Ақтау, 13 сәуір 2012 жылы. (Блогер Андрей Цуканов түсірген сурет)

Жаңаөзен оқиғасына орай айыпталушылардың адвокаттары. Ақтау, 13 сәуір 2012 жылы. (Блогер Андрей Цуканов түсірген сурет)

сұрап еді, «сағат 12.30 бен 3-тің арасы» деді. Айжан Дүйсенбаева ол кезде оқ тиіп, ауруханада жатқан екен, – дейді белсенді.

Ерлан Қалиев аноним куәгердің «зеректігі» тек сотта отырған адамдарды ғана емес, сотталушыларды да, адвокаттарды қатты таңқалдырғанын айтады.

– Ол өз сөзінде желтоқсанның 16-сы күні алаңда бес мың халық болғанын айтты. Соның ішінде тура жаттап алғандай алты-жеті айыпталушының фамилияларын, олардың қандай киім киіп, қандай «қылмыс» жасағанына дейін бәрін айтып берді. Тіпті өзі таныған айыпталушылардың қашан туғанын (жылы, айы, күніне дейін), қайда жұмыс істегенін –бәрін білетін болып шықты, – дейді Ерлан Қалиев.

Оның айтуынша, аноним куәгер «мұның бәрін қайдан білесіз?» деген сауалға «әріптестерімнен сұрадым» деп жауап берген. Ол алдын-ала тергеу кезінде берген кейбір жауаптарына қатысты қосымша сұрақтар қойылған кезде «жауаптан бас тартамын» деп отырған.

Айыпталушылардың адвокаты Ережеп Төлеуқұлов нақты бұл істе бүркеншік атпен куәлік беру негізсіз деп есептейді.

– Бүркеншік атпен келген куә есептелмейді. Себебі бұл бүркеншік куәгер қолданатындай аса қауіпті қылмыс емес. Адвокат ретінде негізсіз қолданды деп есептеймін. Себебі оны куә қылып негізге алатындай дәлел де жоқ, – дейді Ережеп Төлеуқұлов.

Адвокат Ережеп Төлеуқұловтың пікірі:

«Жаңаөзен-2011» комитетінің өкілі Ерлан Қалиевтің айтуынша, бүгін сотқа айыпталушы Әбдірахмановтың денсаулығына байланысты өтініш түскен.

Қорғаушы жақ туберкулез дертіне шалдыққан Әбдірахмановтың денсаулығы барған сайын нашарлап бара жатқанын, одан қолхат алып, өзін үйқамаққа ауыстыру туралы өтініш түсірген. Айыпталушының өзі де бұған байланысты тергеу изоляторының дәрігерін шақыру туралы ұсыныс айтқан.

– Прокурорлар бұған қарсы болғанмен судья дәрігер шақыру керектігін айтып, бұл өтінішті ашық қалдырды, – дейді Ерлан Қалиев.

Бұған дейін сотта жауап берген Әбдірахманов бұрындары өкпе ауруына шалдықпағанын, бұл дертке алдын-ала тергеу кезінде көрген суық су құю, темір затқа жатқызу, т.б. қысымның салдарынан шалдыққанын айтқан еді.

«АТУҒА ДА, АТПАУҒА ДА БҰЙРЫҚ БЕРІЛМЕДІ»

Шетпе оқиғасына байланысты сәуірдің 24-і күні өткен сотта ең әуелі шығын шеккен мекеме өкілдері тыңдалды.

«Қазатомөнеркәсіп» өкілі бұған дейін берген талап-арызынан бүгінгі сотта бас тартты.

Ал «Маңғыстау жол бөлімшесі» Шетпеде поезд тоқтап қалуына орай тартқан шығынын қайта есептеп, 2 миллион 900 мың теңгеге жеткенін мәлімдеді. Бұл мекеменің өкілі өздерінің талап-арыздарынан бас тартпайтынын хабарлады.

Түске дейінгі сотта айыпталушы Нұрболат Сабырбаев (премьер-министрдің Шетпе сотына қатысқан прокурорлар. Ақтау, 19 сәуір 2012 жыл.

Шетпе сотына қатысқан прокурорлар. Ақтау, 19 сәуір 2012 жыл.

орыбасары Өмірзақ Шүкеевпен кездесуде сөйлеген Айнаш есімді Шетпе тұрғынының баласы) сөз сұрады. Ол алдын ала тергеу кезінде зорлық көргенін айтып, сол кезде берген жауабынан бас тартатынын тағы да қайталады.

– Малды да өйтіп қорламайтын шығар. «Осыны айтпасаң 30 жылға сотталасың. Келіншегіңді басқа жаққа жібереміз» деді, – дейді Нұрболат Сабырбаев.

Айыпталушы Төлеевтің айтуынша, Серік деген тергеуші оған «тізерлеп отырып аяғымды сүй» деген.

– «Бізді ешкім жазаламайды, бұл – президенттің бұйрығы» деді тергеуші полициялар, – дейді Төлеев.

2006 жылдан бері Шетпе кентінің әкімі қызметін атқарып келе жатқан Мұхтар Мүтәліпов те сотқа шақырылды. Ол 2011 жылы 17 желтоқсанда Шетпеде поезд тоқтатқан оқиғаға байланысты «Байланысты қалпына келтіру, жолды ашу менің құзыретіме кірмейді» деп жауап берді.

Бүгін Жамбыл облысынан келген куәгер полицейлер сұралды. Жамбыл облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Талғат Жүнісқалиев:

– Вокзал терезесінің ішіне жанғыш заттар құйылған бөтелкелер лақтырып, таспен Шетпе теміржол вокзалының алдындағы алаң - қақтығыс орны. Маңғыстау облысы, 22 сәуір 2012 жыл.

Шетпе теміржол вокзалының алдындағы алаң - қақтығыс орны. Маңғыстау облысы, 22 сәуір 2012 жыл.

ұрды. Біз ескертіп атқаннан кейін тоқтады. Олар таспен, бөтелкемен ұрады деп ойлаған жоқпыз, – деді.

Полковник Жүнісқалиев Шетпе оқиғасы кезінде «қаруды халыққа емес, бұзақыларға қолдандық» деп жауап берді.

– Қанша оқ шығындалғанын айта алмаймын. Атуға бұйрық берілген жоқ. Атпауға да бұйрық берілген жоқ, – деді Жамбыл облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Талғат Жүнісқалиев

Осы кезде айыпталушы Мәмбетов полковник Жүнісқалиевқа:

- «Мына жерден кетпесеңдер атып тастаймыз» деген мен бе, сен бе? - деген сауал қойды.

Тағы бір куәгер, Жамбыл облысынан келген полицей Ержан Әбзелбеков «Адайлар, алға! Екінші Қырғызстан жасаймыз!» деген дауыстар естігенін» айтты.

Жамбыл облысы патрульдік қызметінің полициясы Тимур Тәліпбековтің айтуынша, оқиға кезінде «оншақты жігіт суырылып шығып тас лақтырды».

– Екі оқ жұмсадым, аспанға аттым. Екі көлік келіп бізге қарсы оқ атты. Тас қарша жауып жатты. Мен адамды атқан жоқпын. Ол кезде тықыл-таяң, өзіміз шоковый состояниеде болдық, – деп жауап берді Тимур Тәліпбеков.

Жамбыл облысынан келген куәгер полицей Керімбаев «жоғары қарай төрт-бес рет атқанын», «өзі де қорқып кеткенін» айтты.

Ақпаратқа қарағанда, Жаңаөзен-Шетпе оқиғасы бойынша төрт түрлі сот процесі өтпек: біріншісі – Жаңаөзен оқиғасына байланысты сот (наурыздың 27-сі күні басталды), екіншісі – Шетпе станциясында болған толқуға байланысты сот (сәуірдің 17-сінде басталды), үшіншісі – «қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланған» полицейлер ісі (сәуірдің 27-сінде басталады), төртіншісі – «әлеуметтік араздық тудыру» бабы бойынша өтетін сот.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG