Accessibility links

Жаңаөзендіктер шеру өткізуге өтініш берді


Жаңаөзеннің орталық алаңында шеру өткізуге өтініш беруге келген тұрғындар. Жаңаөзен, 14 ақпан 2012 жыл. (Суретті түсірген Дина Байділдаева)

Жаңаөзеннің орталық алаңында шеру өткізуге өтініш беруге келген тұрғындар. Жаңаөзен, 14 ақпан 2012 жыл. (Суретті түсірген Дина Байділдаева)

Бүгін Жаңаөзен қаласы әкімдігіне барған бірнеше тұрғын қаланың орталық алаңында ақпанның 25-інде шеру өткізуге өтініш тапсырды. Бейбіт шерудің екі негізгі талабы - Жаңаөзен оқиғасына қатысты тұтқындалғандарды босату және тәртіпсіздік жасады деп қуғындауды тоқтату. Ол оқиға кезінде «өрт қойып арандатуды шенеуніктер ұйымдастырды» дейді жаңаөзендіктер.


Шеруге өткізуге өтініш берілгені туралы Азаттық тілшісіне Жаңаөзенде жүрген тәуелсіз блогшы Дина Байділдаева хабарлады.

Оның айтуынша, бейбіт шеру туралы өтініште митингтің басталу уақыты ақпанның 25-і күнгі сағат 10.00 деп жазылған.

Бұл өтінішті Жаңаөзен әкімдігінің кеңсесі қабылдап алған және қабылданғаны туралы талон берген.

«23 АҚПАН - ПИКЕТ, 25 АҚПАН - ШЕРУ ӨТКІЗЕМІЗ»

Тәуелсіз блогшы Дина Байділдаева жаңаөзендік аналардың әкімдік алдында пикет өткізу туралы кешегі өтініші бір бөлек, орталық алаңда шеру өткізуге берілген бүгінгі өтініш басқа екенін айтты.

Кеше Жаңаөзен қаласы әкімдігіне кеше қала түрмелерінде тергеуде отырған айыпталушылардың аналары, әпкелері мен әжелері - жиыны 20 шақты әйел жиналып, ақпанның 23-інде әкімдік алдында пикет өткізуге өтініш берген еді.

Жаңаөзендік әйелдер пикетте қамауда отырған жақындарын босату туралы талап ететіндерін, оған қамаудағылардың туыстары қатысатынын айтқан.

Қазақстанның бас прокуроры Дауылбаевтың мәлімдемесінде Жаңаөзен оқиғасының ұйымдастырушысы ретінде айыпталған Нарын Жарылғасыновтың анасы Сандор Ақтаеваның айтуынша, кеше әйелдермен сөйлесуге Жаңаөзен қаласының әкімі Серікбай Тұрымов келіп:

- Әрқайсыңыз қамаудағы туыстарыңызды босату туралы арызды полицияға бөлек жазыңыздар, - деп, ішке қайта кіріп кеткен.

Кешегі өтініш пен бүгінгі өтініштің екі бөлек екенін оған қол қойған тұрғындар да растады.

Азаттық тілшісімен сөйлескен, арызға қол қойған адамның бірі Жанар Көпбосынова Жаңаөзен қаласының орталық алаңында ақпанның 25-інде шеру өткізуге берілген өтініш. 14 ақпан 2012 жыл.

Жаңаөзен қаласының орталық алаңында ақпанның 25-інде шеру өткізуге берілген өтініш. 14 ақпан 2012 жыл.

("түрмеде отырған күйеуіме кесірім тиер" деген соң, өтініші бойынша аты-жөнін өзгертіп жаздық - ред.) кеше жазған арыздарына жауап келмегенін айтты.

- Біз қамаудағы жазықсыз мұнайшылар мен басқа да аяқ асты түсіп қалған қала тұрғындарын босату, оларды қуғындауды доғару туралы талап қойып, 23 ақпан күні пикетке шығатынымызды айтып рұқсат сұрап, арыз жаздық. Бірақ оған ешкім жауап айтқан жоқ, - дейді ол.

Жанар Көпбосынова қамауда отырған күйеуі жайлы толық мәлімет беруден бас тартты.

- Оның аты-жөнін ашып айтпаймын. Зиян бола ма деп қорқамын. Ол жаралы. Әрі оған «Сулпак» дүкенін тонады деген айып тағылып отыр. Шын мәнінде ол алаңда тұрғандардың бірі, - дейді ол.

ШАҚЫРУ МЕН ҚАМАУ

Жанар Көпбосынованың айтуынша, пикетке шығу туралы арыз жазушылардың бірі Тамара Ерғазиевадан ақпанның 13-і күні Жаңаөзен қалалық прокуратурасы жауап Жаңаөзеннің орталық алаңында шеру өткізуге өтініш бере келген әйел. Жаңаөзен, 14 ақпан 2012 жыл. (Суретті түсірген Дина Байділдаева)

Жаңаөзеннің орталық алаңында шеру өткізуге өтініш бере келген әйел. Жаңаөзен, 14 ақпан 2012 жыл. (Суретті түсірген Дина Байділдаева)

алған. Кейін Азаттық тілшісіне хабарласқан Тамара Ерғазиева өзін тағы да Жаңаөзен ішкі істер басқармасына шақырып жатқанын хабарлады.

Күйеуі қамауда жатқан әйелдердің бірі - Күләш Тыныштықбаева. Оның жұбайы, «Өзенмұнайгаз» компаниясының мұнайшысы Жанат Мұрынбаев желтоқсанның 29-ынан бері абақтыда.

Күләш Тыныштықбаеватың айтуынша, құқық қорғау орындары қызметкерлері «күйеуің бейнетаспада бар» дегеннен басқа ештеңе айтпаған.

- Қазір Жанаттың халі нашар. Мен оны дәрігерге көрсетуге мүмкіндік ала алмай отырмын, - дейді Күләш Тыныштықбаева.

Ал шеру өткізу туралы өтінішке қол қойған Сандор Ақтаева президент Назарбаевтан Жаңаөзен оқиғасының ұйымдастырушысы ретінде айыпталып, қазір қамауда жатқан баласы Нарын Жарылғасыновты босатуға көмектесуін сұрады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG