Accessibility links

Жаңаөзенде Тамара Ерғазеваның тұтқындалғаны хабарланды


Күйеуі қамауда жатқан Тамара Ерғазева. Жаңаөзен, 14 ақпан 2012 жыл.

Күйеуі қамауда жатқан Тамара Ерғазева. Жаңаөзен, 14 ақпан 2012 жыл.

Күйеуі абақтыда отырған Тамара Ерғазева үш күнге қамалды. Бұл туралы Азаттық тілшісіне наурыздың 15-і күні таңертең Жаңаөзендегі мұнайшылардың әйелдері хабарлады.


Тамара Ерғазева наурыздың 14-і күні Ақтауда қамауда жатқан күйеуімен кездескен болатын. Ерғазевамен кешке қарай Жаңаөзенге бірге қайтқан Гүлнар Досованың айтуынша, Атырау уақытымен кешкі сағат 9-ға таман Жаңаөзен қаласына кіре берісте оны полиция тоқтатып, алып кеткен.

- Постта қалаға кіріп жатқан машинаның бәрін тоқтатып жатыр екен. Бізді де тоқтатты. Тамара есігін ашып, далаға шығып еді ғой. Азаматтық киімдегі екі адам қызметтік куәліктерін көрсетті. Тамараға «Не боп қалды?» деп едім «Милиция ғой» Көліктерді тоқтатып, тексеріп жатқан полицейлер. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл.

Көліктерді тоқтатып, тексеріп жатқан полицейлер. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл.

деді. Сол жерден алып кетті, - дейді Гүлнар Досова.

Оның айтуынша, түнгі сағат 11-ге жақын Тамара Ерғазеваның баласы екеуі Жаңаөзен полициясына барып, онымен кездеспек болған.

- Полицияға барсақ, оны «наркологияға (диспансерге - ред.) алып кетті. Қазір алып келеді» деді. Содан жарты сағаттай күттік. Сосын келді. Баласы сөмкесін алды, біз күтіп тұрдық. Тамара қасымызға келіп «Мені үш күнге қамап жатыр. Таңертең келіп хабарласарсың» деді», - дейді Гүлнар Досова.

Наурыздың 15-сі күні Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасына хабарласқанымызда өзін Арай Изембергенова деп таныстырған қызметкер басқа бір телефонға хабарласуды өтінді. Алайда ол телефонның тұтқасын алған, өзін «кезекші Өмірғалиев» деп таныстырған қызметкер «ешқандай ақпарат бермейміз, бере алмаймыз да» деді.

Жаңаөзен тұрғыны Дәмелхан Жарылғасынованың айтуынша, Тамара Ерғазеваны «үнпарақ таратқаны үшін» қамауы мүмкін. Оның айтуынша, кеше күйеулері қамауда отырған барлық әйел айыптау қорытындысымен танысқан. Қағазды оқып Тамара Ерғазева, қала әкімдігіне шеру өткізуге өтініш беруге келді. Жаңаөзен, 14 ақпан 2012 жыл. Суретті блогшы Дина Байділдаева түсірген.

Тамара Ерғазева, қала әкімдігіне шеру өткізуге өтініш беруге келді. Жаңаөзен, 14 ақпан 2012 жыл. Суретті блогшы Дина Байділдаева түсірген.

шыққан Тамара Ерғазева күйеуіне қарсы куәлік берген азаматтың үйіне барып, қақпасына «Неге жалған куәлік бересің?» деген мазмұндағы сөздер жазылған парақ жапсырып кеткен. Ал ол адам полицияға шағымданған.

Наурыздың 14-і Жаңаөзенде 20 әйелге Ақтау абақтысында Жаңаөзен оқиғасы бойынша қамауда жатқан күйеулерімен кездесуге рұқсат берген болатын.

Жаңаөзен бойынша істі қарау 27 наурызда басталады.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG