Accessibility links

Жаңаөзен ісі бойынша алғашқы сот отырысы өтті


Наурыздың 27-сі күні Ақтау қаласындағы «Арман» орталығында Жаңаөзен оқиғасы бойынша алғашқы сот процесі өтті. Сотқа келген халықтың біразы сот залдарына сыймай, сыртта күтіп тұрды.


Айыпталушылардың адвокаттары сотты кейінге қалдырып, жаралы азаматтардан қолхат алып босату туралы өтініш айтты. Шамамен түскі сағат үште басталған алғашқы сот отырысы кешкі жетіге дейін жалғасты.

«НЕ АҚТАСЫН, НЕ ЖІБЕРЕТІН ЖЕРІНЕ ЖІБЕРСІН»

Сотқа қатысқан қоғамдық комиссия өкілі Рысбек Сәрсенбайұлының айтуынша, бірінші отырыста адвокаттар сотқа он бес шақты өтініш түсірген.

Бұл – «алдымен мұнайшылар емес, айыпталған полицейлерге қатысты іс қаралсын», «аурулары асқынған жаралы айыпталушыларды қолхат алып босатсын», «бүркеншік атпен куәлік берген куәлардың жауабы жарамсыз деп танылсын» деген сияқты өтініштер.

Рысбек Сәрсенбайұлының айтуынша, істі тоқтату туралы өтінішке кейбір адвокаттар ғана емес айыпталушылардың бірнешеуі де қарсы болып: «Қаншама уақыт отырмыз - не ақтап шығарсын, не жіберетін жеріне жіберсін» деп реніш айтқан.

– Дұрысында, сотты кейінге қалдыру керек. Өйткені ең ауыр қылмыс – адам өлтіру қылмысы. Адам өлтіргендер – полицейлер. Жеке азаматтар немесе мұнайшылар Судья Аралбай Нағашыбаев. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл. (Lada.kz сайтының суреті)

Судья Аралбай Нағашыбаев. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл. (Lada.kz сайтының суреті)

емес, Жаңаөзеннің басқа тұрғындары емес. Алдымен сот ауыр қылмысты қарап, соны шешкеннен кейін барып мына мәселені қолға алу керек еді, – деді Рысбек Сәрсенбайұлы соттан кейін.

Алғашқы сот процесіне 188 жәбірленушінің 36-сы келген. Олардың көбісі лақап атпен жауап берген.

Рысбек Сәрсенбайұлы адвокаттардың «лақап атпен куәлік берген куәлардың жауаптары жарамсыз деп танылсын» деген өтінішін орынды талап деп есептейді. Себебі, оның ойынша, қамауда отырған айыптаушылар «соншалықты оларға қауіп төндіретіндей азаматтар емес».

– Бұл жерде мұнайшылардың барлығы қамауда отыр. Бұрындары қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, сотталмаған, ауыр да жеңіл қылмыс жасамаған. Олар қандай қауіп-қатер төндіреді? – дейді ол.

ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ КҮМӘНІ

Рысбек Сәрсенбайұлының айтуынша, алғашқы сот процесінде жәбірленушілердің бірі, кәсіпкер Бибіжан (құжаттағы есімі - Бибатпа - ред.) Жалғасбаева өзінің талап-арызынан бас тартатынын залда мәлімдеген. Жаңаөзен оқиғасы кезінде 50 миллион теңге залал шеккен кәсіпкер айыпталушылардың айыптары дәлелденбегенін айтқан.

– «Бізге «арыз жазыңдар» дегеннен кейін тергеу орындарына талап-арыз жазғанбыз. Тергеу барысы әділетті, дұрыс өтті дегенге мен күмәнданам. Өйткені Жаңаөзен оқиғасына байланысты сот отырысына келген адамдар. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.

Жаңаөзен оқиғасына байланысты сот отырысына келген адамдар. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.

сол зиян келтірген адамдар кімдер екендігі анықталған жоқ, дәлелденген жоқ» деп отыр. Өзінің көзі жетпеген нәрсеге бола енді біреуді нақақтан-нақақ жауапкершілікке тартылғанын қаламайтынын айта келіп, «өзімнің талап-арызымнан бас тартамын, өйткені, оның бәрі адамның бір тамшы қанына татымайды» деді. Мұнысы үлкен азаматтық, адамгершілік. Басқа да жәбірленушілерге үлгі болатын нәрсе, – дейді Рысбек Сәрсенбайұлы.

Адвокаттардың өтінішіне судья Аралбай Нағашыбаев ертеңгі сот процесінде жауап айтуы тиіс.

«АЙЫПТАЛУШЫЛАРДЫ ҚОЛ ШАПАЛАҚТАП ҚАРСЫ АЛДЫ»

«Жаңаөзен–2011» халықаралық комитетінің өкілі Ғалым Ағелеуовтың айтуынша, сот процесі басталған алғашқы 20 минутта журналистерге видео-суретке түсіруге Жаңаөзен оқиғасына байланысты сот отырысы. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл. (Блогшы Әсет Нұрпейісовтің фотосы)

Жаңаөзен оқиғасына байланысты сот отырысы. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл. (Блогшы Әсет Нұрпейісовтің фотосы)

рұқсат берген. Бұдан кейін оларға «кедергі жасайсыңдар» деп, баспасөз орталығына барулары керегін айтқан.

Janaozen.net порталының тілшісі Саламат Омаштың айтуынша, сотқа он шақты журналист қатысқан. Олардың арасында Reuters, Eurasia.net сияқты шетелдік ақпарат құралдарының тілшілері де бар.

Бұл соттан Бағлан Айдашов есімді Ustream қолданушысы тікелей трансляция жасады. Алайда ол видеода сот залындағы дауыстар әлсін-әлсін үзіліп кетіп отырды.

Ақтаудағы соттан туит-репортаж да жасалды. Twitter-ге жазып отырған азаматтардың бірі түстен кейін «сот залына айыпталушыларды әкелген кезде жиналған жұрт оларды қол шапалақтап қарсы алды» деп хабарлайды.

ХАЛЫҚ СОТ ЗАЛЫНА СЫЙМАЙ ҚАЛДЫ

Айыпталушылардың сотқа қатысу үшін Жаңаөзеннен келген туыстары, жақындары Ақтаудағы соттардың барлығына бірдей қатыса алмайтындарын айтады.

Айыпталушылардың бірінің әйелі Айнұр Төлепова ақша жинап, сотқа әрең келіпті. Ал Дәлелхан Жарылғасынова Ақтауда пәтер жалдап тұрып жатыр екен.

– Соттардың барлығына қатысуға мүмкіндігім жоқ. Тек сәуірдің басына дейін ғана қатысамын, – дейді Дәлелхан Жарылғасынова.

Түске дейін қоғамдық комиссия өкілдері Рысбек Сәрсенбайұлы мен Болат Әбілов Жаңаөзен оқиғасына байланысты сот отырысына келген адамдар. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл. (Сурет Lada.kz сайтынан алынды)

Жаңаөзен оқиғасына байланысты сот отырысына келген адамдар. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл. (Сурет Lada.kz сайтынан алынды)

Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджановтан үлкен зал беруді сұраған.

Алайда әкім қалада сот өткізуге «Арманнан» лайық ғимарат жоқ екенін айтып, қосымша залға монитор орнатып беру туралы қоғамдық комиссия өкілдерінің ұсыныстарын қабыл алған.

Журналистердің айтуынша, «Арман» орталығында өткен алғашқы сот процесіне жүздеген адам келгенімен, олардың біразына залдан орын тимей, сыртта күтіп тұрды.

HRW МӘЛІМДЕМЕCІ

Бүгін Human Rights Watch ұйымы Қазақстан сотынан Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты сот процесін халықаралық талаптарға сай әділ және ашық, көпке жария түрде өткізуге шақырып, мәлімдеме жасады.

– Айыпты деп танылған 37 адамның ешқайсысын айыбы дәлелденбейінше, кінәлі деуге болмайды. Қазақстан билігі сот процесін халықаралық сот жүйесі талаптарына сай барынша әділ, айыпталушылардың туыстары мен БАҚ өкілдері, мемлекеттік және халықаралық бақылаушылар қатыса алатындай ашық түрде өткізу керек, – дейді ұйымның Орталық Азия бойынша сарапшысы Михра Риттман.

HRW бұған дейін «сот процесін ашық түрде өткізуге уәде бергенін» Қазақстан билігінің есіне тағы бір рет салып, оқиға бойынша тұтқындалғандарды азаптады деген кез-келген ақпарды тексеруге шақырады.

Жоғарғы сот өкілі Оксана Петерстің айтуына қарағанда, Жаңаөзен ісі бойынша 37 адамға қылмыстық айып тағылған, сотқа 100-ден астам жәбірленуші, 45 куә, алты мемлекеттік айыптаушы мен 12 қорғаушы қатысады.

Жаңаөзен оқиғасы бойынша сот 28 наурыз күні таңертең сағат 10-да қайта жалғасады.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG