Accessibility links

«Жаңаөзен сотындағы азаптауға» байланысты іс қозғалмады


"Өзенмұнайгаз" компаниясының бұрынғы мұнайшысы, қоғамдық белсенді Роза Төлетаева (ортада) ереуілде отыр. Жаңаөзен, маусым. 2011 жыл. (Фото "Голос республики" газетінен алынды).

"Өзенмұнайгаз" компаниясының бұрынғы мұнайшысы, қоғамдық белсенді Роза Төлетаева (ортада) ереуілде отыр. Жаңаөзен, маусым. 2011 жыл. (Фото "Голос республики" газетінен алынды).

Маңғыстау облысының апелляциялық алқасы талап қою мерзімі өтіп кеткенін айтып, адвокаттың шағымын қанағаттандырмады.

Адвокат Гүлнар Жуаспаева Жаңаөзен оқиғасына байланысты сотталған мұнайшылар Роза Төлетаева мен Мақсат Досмағамбетовтерді тергеу барысында азаптағанын айтып, осыған сәйкес қылмыстық іс қозғауды сұраған еді.

«ЕНДІГІ ҮМІТ – БҰҰ»

Қарашаның 23-і күні Азаттыққа хабарласқан адвокат Гүлнар Жуаспаева «облыстық сот – қолымда айғақтар мен құжаттардың барлығына қарамастан қылмыстық істі қозғаудан бас тартқан алғашқы инстанция емес» дейді.

– «Жаңаөзен ісін» тергеу барысында Роза Төлетаева мен Мақсат Досмағамбетовтер өздерін тергеушілер азаптағанын айтқан еді. Бұған тиісті шара қолданудың орнына Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің тергеушісі Нұрлан Әжібаев іс қозғаудан бас тартқан. Бұдан кейін мен Ақтау қалалық сотына өтініш түсіріп едім, олар да іс қозғалмайтыны жайлы қаулы қабылдады. Бұл қаулыға қатысты Маңғыстау облыстық сотына шағым түсіріп едім, ол да қанағаттандырылмады, – деді адвокат.

Адвокат Жуаспаева «Роза Төлетаеваның шашынан полицейлер ұстап сүйреткен кезде Адвокат Гүлнар Жуаспаева. Алматы, 23 қазан 2012 жыл.

Адвокат Гүлнар Жуаспаева. Алматы, 23 қазан 2012 жыл.

жұлынған бір уыс шашы қолында бар екенін, Мақсат Досмағамбетов екеуін ұрып-соққандардың аты-жөнін де білетінін» айтады.

– Қорғауымдағы екі азаматтың айтуынша, оларды тергеушілер емес, жедел топтың қызметкерлері ұрған. Қолымда бұлтартпас айғақтарды көрсете отырып, облыстық сот менің шағымымды қарастырады деп ойлағанмын. Алайда облыстық сот талап мерзімінің өтіп кеткендігін айтып, шағымымды қарастырған да жоқ, – деді Гүлнар Жуаспаева.

Оның айтуынша, облыстық соттың апелляциялық алқасы – мұндай шағымдарды қарайтын ең жоғары инстанция. Сондықтан адвокат енді БҰҰ-ның азаптау жөніндегі комитетіне шағымданбақ.

«КЕЛЕСІ СОТ – 28 ҚАРАШАДА»

Адвокат Гүлнар Жуаспаева қарашаның 26-сы күні түрмеде отырған Роза Төлетаева және Мақсат Досмағамбетовтермен кездесу үшін Атырауға бармақ.

Ол қорғауындағы екі азаматтың отбасындағы жағдай да мүшкіл екенін айтты.

– Роза Төлетаева – жалғызбасты ана. Қазір балаларының жағдайы қиын. Отбасын үлкен қызы асырап отыр. Артында үш кішкентай баласы қалған Мақсат Досмағамбетовтің де жағдайы қиын. Оның үстіне Жаңаөзен оқиғасы кезінде ағасы жараланып, мүгедек болып қалды. Қазір төсекке таңылған, – деді адвокат.

2011 жылы 16 желтоқсанда Жаңаөзен қаласында болған, 17 адам қаза тауып, жүздеген адам жараланған (ресми есеп бойынша) оқиғаға қатысты 37 мұнайшы Жаңаөзен оқиғасына байланысты сотқа тартылған азаматтар. Ақтау, 4 маусым 2012 жыл.

Жаңаөзен оқиғасына байланысты сотқа тартылған азаматтар. Ақтау, 4 маусым 2012 жыл.

жауапқа тартылған еді. Сот оларға үкімді 2012 жылы 4 маусымда шығарды: 37 айыпталушының үшеуі толық ақталды, бесеуі рақымшылыққа ілінді, 16 сотталушы шартты жазаға кесілді, 13 адам түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ең қатаң жаза (жеті жыл) айыпталушы Роза Төлетаеваға кесілді.

2012 жылы тамыздың 6-сы күні сотталған азаматтардың апеляциялық шағымын қараған Маңғыстау облыстық соты судьясы Мақсат Бейсембаев тек Роза Төлетаеваға кесілген үкімді ғана өзгертіп, оның жазасын 7 жылдан 5 жылға азайтқан.

Адвокат Гүлнар Жуаспаеваның айтуынша, қарашаның 28-і күні Маңғыстау облыстық кассациялық сотында Роза Төлетаеваға қатысты шыққан апелляциялық сот шешіміне байланысты шағым қаралады.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG