Accessibility links

Айыпталушы «Мені ұрған сенсің ғой» деді куәгерді көргенде


Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан соттың алғашқы күні. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.

Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан соттың алғашқы күні. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.

Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан сотта, сәуірдің 19-ы күні түске дейін айыпталушылар тыңдалды. Түстен кейін куәгерлер сұралды.

«Жаңаөзен-2011» комитетінің өкілі Ғалым Агелеуовтың айтуынша, бүгін сұралғандардың арасында балдақпен жүрген, ешқайда кетпеу туралы қолхат берген айыпталушы Айжан Дүйсенбаева да болған.

– Ол желтоқсанның 16-сы күні аяғынан жараланған екен. Оқ жіліншік сүйегін уатып кеткен. Содан мүгедек болып қалған. Ол сотқа күн сайын әрең келіп-кетіп жүр. Айыпталушылардың ішінде соңғы болып сұралды, – деді Ғалым Ағелеуов бейсенбі күні түстен кейін Азаттық тілшісіне.

«ӘКЕМ ӨЛДІ, ӨЗІМ МҮГЕДЕК БОЛДЫМ, ЕНДІ БАУЫРЫМДЫ СОТТАМАҚ»

Айыпталушы Парахат Дүйсенбаевтың әпкесі Айжан Дүйсенбаева «әкесінің полицейлер оғынан жазықсыз мерт болғанын», «өзінің мүгедек болып қалғанын», «енді істемеген қылмысты бауырының мойнына ілмек болып отырғанын» айтқан.

Ғалым Ағелеуовтің сөзіне қарағанда, айыпталушы Айжан Дүйсенбаева 16 Жаңаөзен оқиғасы кезінде. 16 желтоқсан 2011 жыл.

Жаңаөзен оқиғасы кезінде. 16 желтоқсан 2011 жыл.

желтоқсан күні Жаңаөзен қаласының орталық алаңына балаларды ертіп барғанын, ешқандай қылмыс жасамақ ниеті болмағанын айтқан.

– Айжан Дүйсенбаева аяғына оқ тиіп құлаған кезінде балалардың жанына жүгіріп келіп, «Апа, не болды? Апа, тұр!» деп жылағандарын айтты, – дейді сотқа қатысып отырған қоғамдық белсенді.

Ғалым Ағелеуовтің айтуынша, Айжан Дүйсенбаева сөйлеген кезде «залда отырғандар көз жастарын тыя алмады».

– Мені қатты таңғалдырғаны мынау болды: Айжанның айтуынша, алғашында анасына әкесінің сүйегін бермеген екен. Анасы сол үшін шағымданып, зерттеуді талап ететінін айтқан кезде тергеушілер Айжанға анасының шағымы үшін қылмыстық іс қозғайтынын ескерткен, – дейді Ғалым Агелеуов.

«МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕДЕ АЗАПТАЙДЫ ДЕП ОЙЛАМАППЫН»

«Жаңаөзен-2011» комитетінің өкілі Макс Боқаевтың айтуынша, бүгінгі сотта айыпталушылардың бірі Мэлс Сарыбаевтан да жауап алынған.

– Мэлс Сарыбаев жиырмалардағы жас жігіт екен. Оның айтуынша, өзі намаз Полицей қала тұрғынын тексеріп тұр. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Полицей қала тұрғынын тексеріп тұр. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

оқиды. Күзет фирмаларының бірінде істеген. Ол сотта жауап алу кезінде өзін полицейлердің ұрып-соғып, қинағанын айтты. Одан алма-кезек жауап алып, алма-кезек ұрып отырған. Өзін бұрындары ешқашан бүйтіп ұрып-соқпағанын, тіпті «мемлекеттік мекемелерде ұрып-соғады, азаптайды» деп ешқашан ойлап көрмегенін айтты. Оның айтуынша, полицейлер басына полиэтилен пакет кигізіп, мойнына асып қойған. Мұнан кейін Мэлс Сарыбаев есінен танып қалған. Есін жиған кезде өзінің зәрі жайылған еденде жатқанын көрген, – дейді Макс Боқаев.

Қоғамдық белсендінің айтуынша, Мэлс Сарыбаев бұдан кейін «бәрін айтуға ұяламын» деп жылап жіберген.

«ӨТІРІК АЙТПАҢЫЗ! АНТ БЕРДІҢІЗ ҒОЙ!»

Жаңаөзен сотына қатысып отырған тәуелсіз блогшы Андрей Цуканов (@AndreyAkm) түстен кейін куәгерлерді сұрау басталғанын Twitter-дегі парағында хабарлады.

Блогердің жазуынша, алғашқы куәгер ретінде Маңғыстау облыстық ішкі істер басқармасы есірткімен күрес басқармасы бастығының орынбасары, полковник Валерий Клименко шақырылған.

Полковник Клименко «бізді Жаңаөзенге 15 желтоқсан күні есірткіге қарсы күрес оперативтік-іздеу шарасы бойынша жіберді» деп мәлімдеген.

– 16 желтоқсан күні төрт адам көлікке мініп, қаланы бақылап жүрген кезде бірнеше мародерді ұстадық, – дейді куәгер Валерий Клименко .

Ол сол күні сағат 16-лар шамасында «Атлант» дүкені маңында «арнайы жасақтың ​ Жаңаөзен оқиғасына байланысты өтіп жатқан соттың судьясы Аралбай Нағашыбаев. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Жаңаөзен оқиғасына байланысты өтіп жатқан соттың судьясы Аралбай Нағашыбаев. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

он шақты адамды ұстағанын көрген – «ұсталғандардың ешбірін полиция сабамаған».

Ал сотталушылар «Клименко мен үш полицейдің Nokia-6303 ұялы телефонын, 17 мың 500 теңгелерін тартып алғанын» айтқан.

Полковник Валерий Клименко «тұтқындау мен заттарды алу жайлы құжат толтырмағандарын, ұсталған адамдардың бәрін ішкі істер басқармасындағы жедел топқа тапсырғандарын» айтты деп жазады тәуелсіз блогшы Андрей Цуканов.

Сотталушы Дүйсенбаев куәгер Клименкоға: «Өтірік айтпаңыз! Ант бердіңіз ғой!» деп наразы болған.

«Клименко адвокаттар мен сотталушылар сауал қойған кезде «баланың сөзі» дегенді жиі айтып отырды» деп жазады блогер.

Екінші куәгер ретінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкері Данияр Әділов шақырылған. Әділов 16 желтоқсан күні Клименкомен бір экипажда жүрген.

Андрей Цукановтың жазуынша, айыпталушы Мэлс Сарыбаев полицей Данияр Әділовті танып: «Мені ұрып, басыма пакет кигізген сенсің ғой» деген.

Жаңаөзен оқиғасына байланысты наурыздың 27-сі күні басталған сот отырыстары Ақтау қаласындағы «Арман» орталығында өтіп жатыр.

Сотқа 37 айыпталушы, 100-ден аса жәбірленуші, 45 куәгер мен 6 мемлекеттік айыптаушы, оннан астам қорғаушы қатысып отыр.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG