Accessibility links

Сотта прокурор ашуланды, полицей қорыққанын айтты


Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан сот. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.

Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан сот. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.

Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан сотта бір полицей «қорыққанынан пистолеттің шүріппесін басып, оқ атылып кеткенін» айтты. Ал прокурор айыпталушының сұрағына наразы болып, «Әй, шықшы бері!» деп айғайлады.

Ақтауда Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан сот отырысында жәбірленуші ретінде танылған полицейлер тыңдалды.

Бейсенбі, 5 сәуір күні түске дейін үш полицей сұралды. Олар – Маңғыстау облыстық әкімшілік полициясының бастығы Ұлықбек Мылтықов, Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасының өкілі Төлеген Шегірбаев, полицей Медеу Қойланов.

«САҒАН БӘРІБІР МЕ?»

Сотқа қатысқан «Жаңаөзен-2011» комитетінің өкілдері «процесте полицейлердің көптеген сұрақтарды жауапсыз қалдырғанын», оқ ату мәселесіне келгенде судьяның «бұл басқа қылмыстық іс» деп, қайта-қайта адвокаттар қойған сұрақтарды тыйып тастағанын айтады.

Комитет өкілі Макс Боқаевтың сөзіне қарағанда, «бейсенбі күнгі сотта айыпталушылардың бірі полицейге сұрақ қоя бастаған кезде бір прокурор қоқан-лоққы көрсеткен».

– Полицей Мылтықов «Алаңда аяғына оқ тиген үш адам көрдім» деді. Сонда адвокаттардың бірі «Неге соларға көмектеспедіңіз?» деп сұрады. Ал прокурорлар Жаңаөзен сотынан көрініс. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.

Жаңаөзен сотынан көрініс. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.

«Сұрақты алып тастаңыз, қаралып отырған іске ешқандай байланысы жоқ» деп наразылық таныта бастады. Сол кезде айыпталушылардың біреуі «Сонда халықты атып жатыр, саған бәрібір ме?» деп еді, прокурор кім айтқанын көрмей қалып, «Әй, шықшы бері!» деп айғайлады. Сол кезде зал у-шуға толып кетті. «Сен неге қоқан-лоқы көрсетесің?» деп наразы болып кетті, – дейді Макс Боқаев.

«МЕРЕКЕГЕ БАРҒАН» 107 ПОЛИЦЕЙ

Маңғыстау облыстық әкімшілік полициясының бастығы Ұлықбек Мылтықовтың Жаңаөзенге желтоқсанның 14-і күні «мереке болғаны үшін» барғаны, 107 полицейді (оның 14-і – арнайы жасақ қызметкері) басқарып барғаны бүгінгі сотта белгілі болды.

Ол сұралып жатқан кезде айыпталушылардың бірі «Мылтықовтың атуға бұйрық бергенін» айтқан. Ал адвокаттар полиция бастығының үстінен жеке қылмыстық іс қозғалуын талап еткен.

Сотта «моральдық тұрғыда зардап шектім» деген полицейдің бірі Төлеген Жаңаөзеннің орталық алаңында тұрған полицейлер. 16 желтоқсан 2011 жыл. Видеодан скриншот. (Көрнекі сурет)

Жаңаөзеннің орталық алаңында тұрған полицейлер. 16 желтоқсан 2011 жыл. Видеодан скриншот. (Көрнекі сурет)

Шегірбаев Жаңаөзен оқиғасы кезінде қорыққанынан шүріппені басып жібергенін есіне алған.

– Қатты қорқып, пистолеттің шүріппесін басып жіберіппін. Қолым дірілдеп кетті, соның арасында төрт оқ атылып кеткен, – деді жәбірленуші полицей Төлеген Шегірбаев.

Бүгінгі сотта да полицейлер айыпталушыларға «мына адам кінәлі» деп нақты айыптар таға алмады.

Ал «моральдық тұрғыда зардап шеккенін» айтқан полицей Төлеген Шегірбаев арызын қайтарып алғысы келетінін мәлімдеді.

Сот кезінде айыпталушы, кешегі отырыста талып қалған азамат Парахат Дүйсембаев өздеріне қысым жасалып жатқанын айтып шағымданған.

– Ол (Парахат Дүйсембаев – ред.) қалалық ішкі істер басқармасында отырған кезде бүйрегін ұрып-соғып, қазір отыруы қиын екенін, сонымен бірге көзінше жас балаларды ұрғанын, әкесін де өлтіргенін айтқан. Ол барлық шындықты жеткізгісі келетінін айтқанда судья «мұны басқа істе айтасың» деп тоқтатты, – дейді «Жаңаөзен-2011» комитетінің өкілі Ерлан Қалиев.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG