Accessibility links

Адвокаттар «жәбірленуші 33 полицейдің бәрін сотқа шақыратындарын» айтты


Жаңаөзен сотынан көрініс. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.

Жаңаөзен сотынан көрініс. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.

Жаңаөзен оқиғасына қатысты сотта заңды тұлғалар өкілдері «арыздан бас тартатын өкілеттері жоқ екенін» айтты. Адвокаттардың бірі Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеевті және жәбірленуші ретінде танылған 33 полицейдің бәрін сотқа шақырту туралы өтініш беретінін хабарлады.


Жаңаөзен оқиғасы бойынша сот отырысы сейсенбіде қайта жалғасты. Ақпарат бойынша, сот басталған кезде айыпталушылардың бірі Қайрат Қойшыбаевтың іші бүріп ауырып, ақырында жедел жәрдем шақыруға тура келген.

Бұған дейін адвокаттар денсаулығы нашарлаған айыпталушыларды (олардың арасында Қайрат Қойшыбаев та бар) үйқамаққа жіберу туралы судьяға өтініш түсіріп, сот «оларға стационарлы жағдайда емдеудің қажеті жоқ» екенін айтып, өтінішті орындамаған.

«ӨЗЕНМҰНАЙГАЗ» ӨКІЛДЕРІ МЕН КӘСІПОДАҚ БАСШЫСЫ

«Жаңаөзен-2011» комитетінің өкілі Ерлан Қалиевтің айтуынша, сейсенбі күні түске дейін 11 жәбірленуші сұралған.

Оның айтуынша, 35 миллион теңге көлемінде шығынға батқан жәбірленушілердің бірі кәсіпкер Күлсін Әжібаева, жарақат алған «Өзенмұнайгаз» компаниясының Айыпталушылардың туыстары Жаңаөзен сотының теле-трансляциясын көріп отыр. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.

Айыпталушылардың туыстары Жаңаөзен сотының теле-трансляциясын көріп отыр. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.

өкілдері Тарас Хитуов пен Сергей Авдеев айыпталушыларға ешқандай кінә тақпайтындарын, арыздарын кері қайтарып алатындарын айтқан.

Хитуов пен Авдеев сотта «Өзенмұнайгаз» өкілдері ретінде емес, жарақат алған жеке тұлғалар ретінде сұралған.

Ерлан Қалиевтің айтуынша, сотта жәбірленуші ретінде сұралған «Өзенмұнайгаз» компаниясындағы кәсіподақ конфедерациясының төрағасы Наурыз Сақтағанов оқиға кезінде кәсіподаққа 3 миллион 900 мың теңге көлемінде шығын келгенін айтқан. Бірақ ол «айыпталушы мұнайшылардың өздері де кәсіподақ мүшелері болғандықтан олар да зардап шеккенін» айтып, арызынан бас тартқан.

Наурыз Сақтағанов кәсіподақ басшысы ретінде еңбек дауын шешуге талпынғанын, «барлық амал-әрекеттің нәтижесіз болғанын», «бәріне азаматтарды адастырған Соколова кінәлі» екенін айтқан.

– Адвокаттар «Созылып кеткен еңбек дауын басқаша жолмен шешуге болатын ба еді, қалай ойлайсыз?» деп сұраған кезде Наурыз Сақтағанов «Бұл созылып кеткен еңбек дауын тек пышақ арқылы ғана шешуге болатын еді» деп жауап берді. Мұнымен оның не айтқысы келгені сол күйінше бұлыңғыр қалды, – дейді Ерлан Қалиев.

«МЕНДЕ АРЫЗДАН БАС ТАРТУ ӨКІЛЕТІ ЖОҚ»

Twitter-дегі жазбалар бүгін сұралған «БанкЦентрКредит», «Альянс банк», «Казкоммерцбанк» өкілдерінің арыздарынан бас тартпағанын айтады.

Ақпаратқа сүйенсек, «Альянс банк» заңгері «менде заңды тұлға атынан келіп Судья Аралбай Нағашыбаев Жаңаөзен сотында отыр. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл. (Lada.kz сайтының суреті)

Судья Аралбай Нағашыбаев Жаңаөзен сотында отыр. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл. (Lada.kz сайтының суреті)

тұрғандықтан арыздан бас тарту өкілеті жоқ» деп жауап берген.

Кешке қарай мәлім болған дерекке қарағанда, «Альянс банк» 14 миллион 676 мың теңге көлемінде шығын тартқанын мәлімдесе, «Казкоммерцбанк» 12 миллион теңге көлемінде зардап шеккенін айтқан. Ал «Банк ЦентрКредит» банкке 16 миллион көлемінде шығын келгенін айтқан.

Ерлан Қалиевтің айтуынша, бүгінгі сотта тыңдалған жәбірленушілердің бірі – полицей Көжеев көлігінің әйнегі сынғанын айтып, арызынан бас тартпайтынын мәлімдеген. Алайда ол көліктің иесі емес екені, сондықтан оны даулай алмайтыны сотта белгілі болған.

«ЕНДІ ПРОКУРОРЛАР ҚЫСЫМ ЖАСАМАЙДЫ»

Бұған дейін сотты бақылап келе жатқан азаматтар «мемлекеттік айыптаушылардың жәбірленушілерге қысым жасап жатқаны туралы» айтқан еді.

Сотта айыпталушыны қорғап отырған адвокат Гүлнар Жуаспаева сейсенбі күні Азаттық тілшісіне бұл деректі растап, бұған қатысты судьяға шағымданғанын айтты.

– Мемлекеттік айыптаушылар осыған дейін жәбірленушілерге «егер арыздарынан бас тартса, ешқандай да өтемақы алмайтындарын» айтып қорқытқан еді. Біз осы мәселеге бірнеше мәрте судьяның назарын аударттық. Ол ескерту жасады, енді прокурорлар мұндай қысым жасамайтын болды, – деді ол.

КИІЗ ҮЙ, ОРАҚ САРБӨПЕЕВ ЖӘНЕ СОТ

Соттың алғашқы күнінен бастап киіз үйлері өртенген азаматтар: «Желтоқсанның 15-і күні киіз үйлерді алаңнан әкетпек болғанда Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеев оған бөгет болды, мүліктеріміз өртенген жағдайда 2 миллион теңге төлеп беру туралы қолхатты көптің көзінше берді» деген еді.

Адвокат Гүлнар Жуаспаева осыған байланысты Орақ Сарбөпеевті сотқа шақырту Жаңаөзен оқиғасына байланысты сот отырысы. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.

Жаңаөзен оқиғасына байланысты сот отырысы. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.

туралы өтініш беретінін айтты.

– Судья өздігінен Сарбөпеевті сотқа шақырта алмайды. Ол мұны тек екі жақтың өтініші бойынша ғана жасай алады. Біз, адвокаттар, әрине, бұл турасында өтініш түсіреміз. Уақыты келгенде түсіреміз. Әзірше жәбірленушілер сұралып жатыр, – деді ол.

ҚазТАГ агенттігінің хабарлауынша, адвокат Гүлнар Жуаспаева жәбірленуші ретінде танылған 33 полицейдің бәрін сотқа қатыстыру туралы судьяға өтініш беретінін айтқан. Оның айтуынша, сот жәбірленуші 15 полицейдің арыздарынан бас тартпайтынын, сотқа қатыса алмайтындығы туралы жазбаша түрде өтініш тастап кеткендігін хабарлаған.

Жаңаөзен оқиғасына байланысты наурыздың 27-сі күні басталған сот Ақтау қаласындағы «Арман» орталығында өтіп жатыр.

Сотқа 37 айыпталушы, 100-ден аса жәбірленуші, 45 куәгер мен 6 мемлекеттік айыптаушы қатысып отыр.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG