Accessibility links

Жәбірленушілер шығынды үкіметтен сұрады


Жаңаөзен оқиғасына байланысты айыпталушы азаматтардың бірі сотта отыр. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Жаңаөзен оқиғасына байланысты айыпталушы азаматтардың бірі сотта отыр. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Ақтауда Жаңаөзен оқиғасына қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Наурыздың 29-ы күні болған үшінші отырыста ондаған жәбірленуші тыңдалды. Олардың басым бөлігі шығынды айыпталушы мұнайшылардан емес, мемлекеттен талап ететіндерін айтқан.


Журналист Саламат Омаштың айтуынша, жәбірленушілер: «Балаларды кінәлі деп есептемейміз. Бұлардың мойнына жүк артқымыз келмейді» деп, өтемақыны мемлекеттен сұрап отыр

«Жаңаөзен-2011» халықаралық комитетінің өкілі Ерлан Қалиевтің сөзіне қарағанда, жәбірленушілердің бірнешеуі – Жаңаөзен қалалық әкімшілігінің өкілі, «Сулпак» сауда орталығының қауіпсіздік бөлімінің қызметкері, БТА банк өкілі бұрынғы арыздарынан бас тартқан жоқ.

БАНКТЕ ТҮСІРІЛГЕН ВИДЕО

Ерлан Қалиевтің айтуынша, сотта адвокаттар БТА банкінің Жаңаөзен қалалық бөлімшесінде орнатылған бейнекамералардың таспаларын талап еткен. «Мемлекеттік айыптаушылар бейнематериалдарды көрсеткісі келмей, «егер оның барлығын қарай берсек, бір ай да жетпейді» деп, ақыры оқиға кезінде банк ғимаратынан түсірілген шағын-шағын видеолар көрсетілді дейді ол.

«Жаңаөзен-2011» халықаралық комитеті өкілінің айтуынша, үзік-үзік қысқа сюжеттерде бөтелкенің жанғаны, беттерін бүркеген жасөспірімдер байқалады.

– Бүкіл халық қарады ғой. Онда жап-жас балалар. Тіпті беттерін жапсын, қара киіммен болсын - жасөспірім екендіктері көрініп тұр. Дене бітіміне де қарап-ақ Судья Аралбай Нағашыбаев Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан сотта отыр. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.

Судья Аралбай Нағашыбаев Жаңаөзен оқиғасы бойынша өтіп жатқан сотта отыр. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.

олардың ересек адамдар емес екені анық көрініп тұр. Сондағы халық та «мынау жап-жас балалар ғой» десіп жатты. Қамауда отырған кісілердің біреуінің киімі, я болмаса біреуінің аяғының ізі сол жерден табылды дейтіндей де жанама болса факт келтіре алған жоқ, - дейді Ерлан Қалиев.

Оның сөзіне қарағанда, видеоға қатысты адвокаттар тарапынан қойылған көптеген сұрақтар жауапсыз қалған.

«СОТ ЗАЛЫНДА ЖҮРІП СОТҚА КЕЛЕ АЛМАҒАН ПОЛИЦЕЙ»

Бүгін Twitter-дегі жазбаларда түстен кейін жәбірленуші ретінде полицейлердің сұралатыны туралы жазылды.

Ал Ерлан Қалиевтің айтуынша, сотта бірде-бір полицей сұралмаған, «есесіне көптің назарын аудартқан бір қызық жайт болған».

Оның айтуынша, түстен кейін судья Аралбай Нағашыбай көпшілікке: «Міне, 15-тен астам адам арыздарын тастап кеткен. Олар әртүрлі себептермен сотқа келе Полицей сотқа келген азаматтармен сөйлесіп тұр. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Полицей сотқа келген азаматтармен сөйлесіп тұр. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

алмайтындарын айтқан. Бірақ өздерінің арыздарында жазылған нәрселерді мойындайтындарын, одан бас тартпайтындарын жазған» деп, «арыз түсірген» адамдардың аты-жөндерін атай бастаған.

– Шатастырмасам, Мылтықболов қой деймін... Мен енді оның кім екенін білмеймін. Бірақ залда отырған қарапайым жұрт біледі екен. Сөйтсе ол полицей екен. Соның фамилиясын атаған кезде халық шулап кетті: «Қалайша? Сот басталған кезде ол мұнда фойеде жүрді. Ол қалай келе алмайды? Бұл дұрыс емес, бұл масқара ғой!» деп шулағаннан кейін судья: «Жоқ, бұл тек арыз ғана. Біз әлі мұны қарастырамыз. Жай өздеріңізге айтқаным ғой бәленбай арыз түскенін» деп, не айтарын білмей абдырап қалды, – дейді Ерлан Қалиев.

Оның айтуынша, адвокаттар «Бұл арыздар нотариалды түрде бекітілген бе? Олардың өздері жазғанын қайдан білеміз? Бекітілуі керек» деген талап қойған.

ЗАЛДАН ЕКІ ЖУРНАЛИСТ ШЫҒАРЫЛДЫ

Облыстық баспасөз қызметінің рұқсатына қарамастан, түске дейін сотқа ноутбук алып кіргені үшін екі журналист – Саламат Омаш пен Жанар Қасымбекова залдан шығарылған.

Бұған дейін қалалық прокуратура өкілі журналистерге баспасөз орталығының Сот барысын монитордан көріп отырған адамдар. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.

Сот барысын монитордан көріп отырған адамдар. Ақтау, 27 наурыз 2012 жыл.

өзінде камера, диктофон, фотоаппарат қолдануға тыйым салған еді. Ақпаратқа қарағанда, бейсенбі күні журналистерге баспасөз орталығында дыбыс және бейне аспаптарын қолдануға рұқсат берілген.

Үшінші күнгі сот процесіне алдыңғы екі күнге қарағанда адам аз келген.

Адам құқығын қорғау бюросының өкілі Гүлмира Қуатбекқызының айтуынша, үш күнгі отырысқа да Польша, Украина, Норвегиядан келген тәуелсіз бақылаушылар қатысқан.

Жаңаөзен оқиғасына байланысты наурыздың 27-сі күні басталған сот Ақтау қаласындағы «Арман» орталығында өтіп жатыр. Сотқа 37 айыпталушы, 100-ден аса жәбірленуші, 45 куәгер мен 6 мемлекеттік айыптаушы қатысып отыр.

Келесі сот отырысы наурыздың 30-ы күні Астана уақытымен сағат 11-де басталады. Ол күні де жәбірленушілер сұралуы керек. Қазір жәбірленушілердің шамамен 40-қа жуығы жауап берген.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG