Accessibility links

Үкімет Жаңаөзенге қатысты екі түрлі ақпарат таратты


"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев. 24 наурыз 2010 жыл.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев. 24 наурыз 2010 жыл.

Ақпанның 29-ы Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Серік Ахметов Жаңаөзенге ресми сапармен барып қайтты. Бүгін, наурыздың 1-і "Хабар" телеарнасы Ахметовтың Жаңаөзендегі еңбек дауының кесірінен жұмыссыз қалған 500 мұнайшының жұмысқа орналасқанын мәлімдегенін айтты. Ал "Адам ресурстарын басқару мәселелері" атты халықаралық конференцияда "Самұрық-Қазына" қорының төрағасы Өмірзақ Шөкеев "1986 адамның бәрі жұмысқа тұрды" деді.


"КазТАГ" ақпарат агенттігі бүгін, наурыздың 1-і Астанада "Адам ресурстарын басқару мәселелері" атты халықаралық конференцияда Өмірзақ Шөкеевтің баяндама жасағанын хабарлады.

"БҰЛ - 1986 АДАМ"

Осы конференцияда баяндама жасаған Өмірзақ Шөкеев: "Жаңаөзенде жұмыссыз Өмірзақ Шөкеев Ақтауда халықпен кездесіп отыр. 24 желтоқсан 2011 жыл.

Өмірзақ Шөкеев Ақтауда халықпен кездесіп отыр. 24 желтоқсан 2011 жыл.

қалған мұнайшылардың түгелі "Өзенмұнайгаз" және "Қаражанбасмұнай" компанияларының қасынан жаңадан ашылған кәсіпорындарға жұмысқа кірді. Бұл - 1986 адам" деген.

Шөкеев "Бұдан бөлек, ұлттық әл-ауқат қоры Жаңаөзен қаласын дамытудың арнайы бағдарламасы бойынша 16 ірі жобаны іске асырмақ" деп мәлімдеді.

500+700=1200

Ал "Хабар" телеарнасы бүгін "Маңғыстау облысында болған жұмыс сапары барысында премьер-министрдің бірінші орынбасары Серік Ахметов 500-дей жұмысшының іске кіріскенін мәлімдегенін, осы айда тағы 700 мұнайшы жұмысқа кірісетінін" хабарлады.

Осы айдың басында, ақпанның 7-сі Қазақстанның еңбек және әлеуметтік қорғау Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова Азаттық оқырмандары қойған сұрақтарға жауап беріп отыр. Астана, 27 қаңтар 2011 жыл.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова Азаттық оқырмандары қойған сұрақтарға жауап беріп отыр. Астана, 27 қаңтар 2011 жыл.

министрі Гүлшара Әбдіхалықова да "Мир" телеарнасы арқылы "500 адам жұмысқа орналасты" деп мәлімдеген болатын.

Сол сөзінде Әбдіхалықова: "Шаруашылықтың бір ғана саласын тірек еткен шағын қалаларда жұмыс табу оңай емес, сондықтан мұнайшыларға жұмыс табылатын басқа аймақтарға көшуге көмектесеміз" деген еді.



"1986-НЫҢ БАРЛЫҒЫ КІРГЕН ЖОҚ"

Жаңаөзендегі мұнайшылар ереуіліне қатысқаны үшін жұмыстан шығып қалған мұнайшы Бақтыбай Жылқыбай Азаттық тілшісіне жұмысқа қабылданғанын айтты. Бірақ Өмірзақ Шөкеевтің мәліметін жоққа шығарды. Азаттық тілшісіне бұрынғы мұнайшы:

- 1986-ның барлығы кірген жоқ. Шамамен 700-800-дейі кірді. Қалғаны әлі кіре алған жоқ. 20-30-дай мұнайшы ұсталып, қудаланып жатыр. Мұндағылар қарайған жігіттерді тергеуге қайта-қайта шақырып, сонымен әлек болып жүр. Жұмыспен олардың шаруасы болмай жүр, - деді

2011 жылдың көктемі мен жаз айларында, мұнайшылар ереуіл жасаған кезеңде Жаңаөзенде 2 мыңға жуық мұнайшы жұмыстан шығарылған болатын.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG