Accessibility links

Ереуілшілер мен комиссия мәмілеге келе алмады


Ереуілші, бұрынғы мұнайшы Еркін Озған. Ақтау, 20 желтоқсан 2011 жыл.

Ереуілші, бұрынғы мұнайшы Еркін Озған. Ақтау, 20 желтоқсан 2011 жыл.

Ақтауда ереуілші мұнайшылар мен мемлекеттік комиссия өкілдерінің алғашқы кездесуі нәтижесіз аяқталды. Алаңға жиналған халық бір жауабын алмай тарамайтындарын айтады.


Желтоқсанның 20-сы күні Ақтау қаласындағы ереуілші мұнайшылардың бірінші вице-премьер Өмірзақ Шөкеев бастаған мемлекеттік комиссиямен кездесуінен еш нәтиже шықпады.

СӘТСІЗ КЕЗДЕСУ

Мемлекеттік комиссиямен кездесуге барған ереуілшілердің бірі, «Қаражанбас» компаниясының жұмыстан босатылған мұнайшысы Еркін Озғанның айтуынша, комиссия мүшелерінің ешқайсысы да олардың сауалдарына тұщымды жауап бере алмаған.

- Бізге басқа жұмыс орындарын ұсынғанымен, оған келісім бере алмадық. Біздің орнымызға қабылданған жұмысшыларды сонда жіберіп, бізді өз Алаңдағы арнайы жасақ сарбаздары. Ақтау, 20 желтоқсан 2011 жыл.

Алаңдағы арнайы жасақ сарбаздары. Ақтау, 20 желтоқсан 2011 жыл.

орнымызға кері алуды талап еттік. Олар оған келіспегендей сыңай танытты, - дейді ол.

Еркін Озған мемлекеттік комиссияға Жаңаөзендегі әскерді шығару, марқұмдардың денесін туғандарына тездеп беріп, салт-дәстүрге сай жерлеу, жаралылардың тізімін ақпарат құралдарына жариялау, тұтқындалған адамдарды босату тәрізді талап қойғандарын айтты:

- Біздің бұл талаптарымызға, Жаңөзендегі байланыс пен интернет байланысын қалпына келтіру туралы сауалдарымыздың «бұл қазіргі жағдайда мүмкін емес, оған ішкі істер министрі жауап береді» деді.

Еркін Озғанның айтуынша, вице-премьер Өмірзақ Шөкеев «бір аптадан соң қайта келіп, жауап айтуға уәде берген».

«ЖАҢАӨЗЕН МЕН ШЕТПЕДЕ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ»

Дәл осы күні Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Жанна Ойшыбаева журналистерге арнап брифинг өткізіп, мемлекеттік комиссия жұмыстарының алғашқы қорытындыларын жария етті.

- Жаңаөзен қаласындағы бүлінген әкімшілік және азаматтық ғимараттар саны - 41. Оларды қайта қалпына келтіруге 2 миллиард теңге қаржы Ереуілші жігіт Гүлнар деген әйел әкелген бауырсақты жеп тұр. Ақтау, 20 желтоқсан 2011 жыл.

Ереуілші жігіт Гүлнар деген әйел әкелген бауырсақты жеп тұр. Ақтау, 20 желтоқсан 2011 жыл.

жұмсалмақ. Жаңаөзен мен Шетпеде жағдай тұрақты. Азық-түлік дүкендері жұмыс істеп жатыр, кезек пен абыр-сабыр жағдай жоқ, - деп мәлімдеді ол журналистерге.

Оның айтуынша, «қаза болғандардың саны көптігі туралы дақпырт - жалған ақпарат.

- Мен журналистердің көзін жеткізу үшін Жаңөзендегі мәйітханға да алып бардым. Онда тек 6-7 мүрде жатыр, - деді Жанна Ойшыбаева .

Ал Қазақстан сыртқы істер министрлігінің өкілі Алтай Әбибұллаев шетелдік журналистерді «жағдайды объективті түрде жазуға» шақырды.

«ОСЫЛАРМЕН БІРГЕМІН»

Бір кезде алаңда тұрған ереуілшілерге бір әйел келіп, ыстық бауырсақ пен самса үлестіре бастады. Оның бауырсақтары мен самсасы көзді ашып жұмғанша жоқ болды. Ол осы маңда тұратын Гүлнар есімді әйел екен. Қасында кішкентай екі қызы бар.

- Бүгін күн ерекше суық болғандықтан әдейі пісіріп әкелдім. Мен қазір Ереуілшілерге бауырсақ әкеліп берген Гүлнар мен екі баласы. Ақтау, 20 желтоқсан 2011 жыл.

Ереуілшілерге бауырсақ әкеліп берген Гүлнар мен екі баласы. Ақтау, 20 желтоқсан 2011 жыл.

баламен үйде отырғаныммен, осылармен біргемін, - деді ол.

Азаттық тілшісі алаңнан кеткенде күн бұрынғыдан да суыта түскен еді. Жиналғандар да тарқай бастады.

- Біз Жаңаөзендегі жағдай шешілмей ешқайда кетпейміз. Бейбіт түрдегі тұрысымызды жалғастыра береміз. Ертең тағы келеміз. Бір айға шыдағанда, бір аптаға шыдамаймыз ба! - десті мұнайшылар.

Бұрын ереуілшілер тұрған орталық «Ынтымақ» алаңына енді полицейлер мен арнайы жасақ сарбаздары жайғасқан. Оларға арналған биоәжетханалар да алаңның ортасынан орын алыпты.

Ал ереуілшілер орталық даңғылдың екі қапталын бойлай тізіліп тұр. Бірақ көше бойлаған әскери көліктер, қала кіре берісіндегі БТР мен қару асынған полицейлер, бетперде киген арнаулы қызмет солдаттары - мұның бәрі жергілікті халық үшін үйреншікті жағдайға айналған сияқты.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG