Accessibility links

Жазушылар одағы дәлізінде Жаңаөзенге орай жиын өтті


Қоғамдық белсенділердің жиыны. Алматы, 17 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет).

Қоғамдық белсенділердің жиыны. Алматы, 17 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет).

21 желтоқсан күні Алматыда, жазушылар одағы ғимаратының дәлізінде бір топ қоғамдық белсенділердің жиыны өтті. Оған келген жұртшылық ресми ақпарат құралдарына сенбейтінін, мұнайшылардың талабы орынды екенін айтты.


Жиынды ұйымдастырушы ретінде аталған Хасен Қожа-Ахметті үйінен шыға бере-ақ полицияның Бостандық ауданының ішкі істер бөліміне алып кеткені белгілі болды.

Өзін «Азат» қозғалысының мүшесімін» деп таныстырған Азат Көкеннің айтуынша, Хасен Қожа-Ахмет бастаған «Жаңаөзенді қолдау комитеті» бүгін осы жерге жиналып, әрі қарай «Нұр Отан» партиясының кеңсесіне барып, ой-пікірін жеткізбек болыпты.

Жиынға келген жұртшылық даладағы аяздан қашып, жазушылар одағының ғимаратына тығылып, бірінші қабаттағы бос орынға шоғырлана берді. «Жұмыссыздар мен жұмысшылар орталығы» ұйымының, коммунистік партияның өкілдері де келді. Адам қарасы көбейген сайын әр жерден пікір айтушылар да көбейді.

Жазушылар одағының дәлізінде өткен жиыннан видео:



«ҚАНДАЙ ДІНИ ТОПТА ЕКЕНДЕРІҢДІ МОЙЫНДАҢДАР!»

Алғашқылардың бірі болып сөз алған қоғамдық белсенді Халелхан Әділханов «Жаңаөзен оқиғасына және осы суықта Ақтау алаңына жиналып тұрған 500-дей адамға қолдау көрсету үшін» жиналғанын айтты.

– 1986 жылы сумен атып, таяқпен ұрды, енді тура 25 жылдан кейін өз әскеріміз қарусыз қазақ жігіттерін автоматпен атты. Оған кім бұйрық берді? Қолымызда Ынтымақ алаңындағы арнайы жасақ сарбаздары. Ақтау, 20 желтоқсан 2011 жыл.

Ынтымақ алаңындағы арнайы жасақ сарбаздары. Ақтау, 20 желтоқсан 2011 жыл.

«Ақтауда 500-ге жуық адамды жертөлеге қамап, үстеріне су құйып, азаптап жатыр» деген ақпарат бар. «Қандай діни топта екендеріңді мойындаңдар» дейтін көрінеді. Ақтау Алматыдан алыс жатыр, әйтпесе халық көтерілуге дайын. Ақтау Алматыға елеңдеп, бізден көмек күтіп тұр, – дейді ол.

«ЕГЕР БИЛІК ХАЛЫҚПЕН САНАСПАСА...»

«Руханият» партиясының мүшесі Ғалия Ермұқанова Жаңаөзен туралы ресми ақпарат құралдары таратып жатқан ақпараттарға сенбейтінін, «осы оқиға кезінде 70 адам жерленгені туралы естігенін» айтады.

– Сегіз айдан бері ереуілдеп жатқан жұмысшылардың жан айқайларына ешкім мән берген жоқ. Халық ашынды. «Аш бала тоқ баламен ойнамайды» деген осы. Әр мұнайшының артында олардың бала-шағасы бар. Бұзақылар дегені – олардың туған-туысқаны, бала-шағасы. 2 миллиард теңге бөлеміз деп жатыр. Кеше неге бөлмеді соны? Бұл оқ – қазақ халқына атылған оқ. Егер билік халықпен санаспаса, барлық жерде осындай наразылық күшейе түседі. Бұл билікке ешқандай жақсылық әкелмейді. Оққа ұшып жатқан – басқа емес, қазақ халқы, билік осыны ойлауы керек, – дейді Ғалия Ермұқанова.

«МҰНАЙШЫЛАРДЫҢ ТАЛАБЫ ОРЫНДЫ»

Жиынға жазушы Сапабек Әсіп те келді. Ол кісінің айтуынша, «Жаңаөзендегі оқиға дүниежүзін дүр сілкіндерген оқиға болып тұр. Мұнайшылар билікке ондаған хат жазды. Талап-тілектерін айтты. Бірақ ешкім құлақ аспады. Олар сондықтан бас көтеруге мәжбүр болды. Сырттан біреу басқарып жатыр дейді. Ешкім де жоқ».

– Біздің билік мақтанды жақсы көреді. «Президент Назарбаев гении от бога и природы» деп мақтайды. Осының бәріне сене беруге болмайды. Президент Президент Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген баннер. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет).

Президент Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген баннер. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет).

«Қазақстанда тұратын кез-келген ұлттың құқығы бірдей» деген еді. Шеттен келген жұмысшылар жалақыны көп алады, ал жергілікті жұмысшылар аз алады. Қайда теңдік? Мұнайшылардың талабы – орынды. Ал сол жердің иесі кім? Бір бөлігіне қытайлар қожа болса, екінші бөлігіне Тимур Құлыбаев қожа, – деді Сапабек Әсіп.

«Билік Жаңаөзен оқиғасын біржақты айыптап жатыр» дейді «Азат» қозғалысының мүшесі Азат Көкен:

– Сегіз ай далада жатып, аштық жариялаған мұнайшыларды президент көрмеді ме? «Қазмұнайгазды» басқарып отырған өзінің күйеу баласы білмеді ме? Премьер-министр Мәсімов сезбеді ме? Қазір арандатушыларды, кінәлілерді іздеп жатыр. Арандатушылар да, кінәлілер де – өздері».

«ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ЕМЕС – ЗИЯНДЫ ҚАУЫМ»

Жазушылар одағының дәлізінде өткен жиынды полиция жан-жағынан қоршап тұрды. Сонымен қатар бірқатар жазушылар да жоғарғы қабаттан қарап тұр еді. Жиын кезінде сөз сөйлегендердің бірі сөз ауанын солай қарай бұрды.

– Зиялы қауым дейді жазушыларды, бұлар – керісінше зиянды қауым. 1986 жылы да жазушылар одағының терезесінен сығалап қарап тұрған, тағы да сөйтіп отыр. Жаңаөзен тұрғыны Сандуғаш Аманжолова 16 желтоқсаннан бері хабарсыз кеткен күйеуін іздеп жүр. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет).

Жаңаөзен тұрғыны Сандуғаш Аманжолова 16 желтоқсаннан бері хабарсыз кеткен күйеуін іздеп жүр. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет).

«Біз сабырға шақырып отырмыз» дейді. Адам қырылып жатқанда қайдағы сабыр? Құрметті жазушылар, қандай сабырлылық? Сіздердің жағдайларыңыз жақсы, жылы жерде отырсыздар билікті мақтап қойып. Халық жағына қашан шығасыздар сіздер? – деген дауыстар естілді көпшілік арасынан.

Жазушы, «Қазақ «әдебиеті» газетінің жауапты хатшысы Еркін Жаппасұлы қарсы жауап бергенімен, сөз ушығып бара жатқан соң оны біреулер екінші қабатқа алып кетті.

Жазушылар одағының дәлізінде өткен жиынға келгендер «Жаңаөзенде тұтқынға алынған белсенділерді екі күннің ішінде босатпаса, салдары ауыр боларын» ескертіп қойды.

«Жаңғыру» ұлттық өркендеу орталығының атынан сөйлеген Дәурен Сатыбалды «Жаңаөзенде қайтыс болған азаматтардың ата-аналары Алматыға аттанды» деп хабарлады.

Журналистер «сөйлеген белсенділерді полиция әдеттегідей алып кетер ме екен» дескен еді, алайда сақадай сай тұрған полиция бұл жолы ешкімге тиісе қоймады.
  • 16x9 Image

    Асылхан МАМАШҰЛЫ

    1973 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. 1994 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда пединститутын бітірген. 1997-2000 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасында оқыған. "Қазақ энциклопедиясы" баспасында (2001-2007), республикалық "Ана тілі" газетінде (2007-2009) , "ABDI-press" орталығында (2009-2010) жұмыс істеген. 2011 жылдан Азаттық радиосының тілшісі.

    Тарихи, саяси мәселелер тақырыбында жазады, белгілі тұлғалардың саяси портреттерін жасайды. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG