Accessibility links

«Хабар» Жаңаөзен оқиғасына қатысушыларды «құтырған итке» теңеді


Полицей қала тұрғынын тексеріп тұр. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл.

Полицей қала тұрғынын тексеріп тұр. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған үндеуінен кейін ресми бұқаралық ақпарат құралдары айыптау науқанын бастады. Бұл іске республикаға белгілі тұлғалар да қосылды. Кейбір интеллигенция өкілдері бұның 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасындағы айыптаулармен ұқсастығын айтады.


Жаңаөзен оқиғасына орай желтоқсанның 17-сі күні өткен қауіпсіздік кеңесінің отырысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын «біздің еліміз үшін жат әрекетті айыптауға» шақырды.

Осы үндеуінде Жаңаөзенде «тәуелсіздік тойын мерекелеу үшін алаңға жиналған бейбіт азаматтар бұзақылардан құралған топтың шабуылына ұшырағанын, «басбұзар» топтың заңсыз әрекеті салдарынан жаппай тәртіпсіздік орын алғанын» айтып өткен еді.

Желтоқсанның 18-і күні, яғни Назарбаевтың үндеуінен кейін Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдары Жаңаөзен оқиғасын айыптау сарынындағы материалдар таратып, әдеттегідей зиялы қауым өкілдеріне сөз берді.

Сол күні жазушылар одағында Алматыда оқып жатқан Жаңаөзен жастары мен зиялы қауым өкілдері кездесіп, ақын-жазушылар жастарға Маңғыстаудағы қазіргі оқиғаның «саяси мақсаты жоғын» айтты.

«ЕШТЕҢЕГЕ ЖАНЫ АШЫМАЙТЫНДАР...»

«Егемен Қазақстан» газеті жексенбі, желтоқсанның 18-індегі номерінде «Құқықтық сауатсыздық, азаматтық жауапсыздық» деген тақырыппен Әбіш Кекілбаев бастаған бір топ танымал адамдардың сөзін басты.

Әбіш Кекілбаев: «Күйрету, қирату, бүлдіру, өз қолыңнан шыққан жасампаздыққа өзің қол көтеру сияқты әрекетке ешкімге, ештеңеге жаны ашымайтындар ғана бара алады. ...Бүкіл халық қуанып, тойлап жатқан мерекенің шырқын бұзу – ел естіп Орталық алаңдағы ереуілшілер. Жаңаөзен, 16 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Орталық алаңдағы ереуілшілер. Жаңаөзен, 16 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

көрмеген сұмдық» десе, Ғарифолла Есім: «Мұндай шектен шыққан әрекеттерге барушылықты ешкім құптамайды, бұл оқиға той шырқын бұза алмайды» деді.

Әнші Алтынбек Қоразбаев Жаңаөзен оқиғасын «қателік, ел ішіне іріткі салатын бірен-саран жат ойлы қаскөйлердің ісі» деп санайтынын айтты. Ал бұрынғы мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Камал Бұрханов «қазақ мемлекетін бүкіл әлемге паш ететін күні өзінің пендешілік проблемаларымен көшеге шығуы адамның ақылына сыймайды» деп санайды.

Мақтай Сағдиев бұл оқиғаны нағыз бұзақылық, бейбастақтық, қанқұйлы қылмыс» деп бағалады. Философ Алтай Тайжанов «140-тан астам ұлт пен ұлыс мекендейтін еліміздің 20 жылдағы ерен табысына кір келтіріп, іріткі салмақ болған, керітартпа күштердің байбаламы» деп түйді.

Бұл пікірлер «Егемен Қазақстаннан» басқа да ресми ақпарат құралдарында жарық көріп, республикалық телеарналардан бір күнде бірнеше рет қайталап көрсетілді.

«СІЛІМТІКТЕР» МЕН «ҚҰТЫРҒАН ИТТЕР»

«Хабар» агенттігі желтоқсанның 18-і, жексенбі күнгі «Жеті күн» апталық қорытынды бағдарламасында Жаңаөзен оқиғасына президент Назарбаевтың үндеуіне сай келетін, тіпті одан да асып түсетін баға берді.

«Қазақстан тәуелсіздіктің 20 жылында азаматтық соғыс пен ұлтаралық қақтығыстарға ұрынбады, билігін төңкермей, парламентін атқыламай-ақ ересен табыстарға қол жеткізді» деп басталған апталық шолу әуелі «Қырғызстан, Грузия, Оқ тиіп жараланған жаңаөзендік Аманжол Ақжігітов Ақтау ауруханасында тұр. Ақтау, 18 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Оқ тиіп жараланған жаңаөзендік Аманжол Ақжігітов Ақтау ауруханасында тұр. Ақтау, 18 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Тәжікстанда 90-жылдардағы тұрақсыздық жалғасып келе жатқанын, ал Қазақстан мұның біріне ұрынбай аман өткенін» еске салды.

Апталық шолудың екінші жартысында ғана Жаңаөзен мәселесіне ойысқан журналист «қалың жұртшылық Жаңаөзендегі жүгенсіздік бірден-ақ айыптағанын» айтты. Оған дәлел ретінде «Жаңаөзен тұрғыны едім, бұл адамдарға жұмыс тауып берсем де бас тартты», «онсыз да 200 мың теңгеден асатын жалақыларын бірнеше есе көбейтуді талап етіп отыр» дейтін интернет-сайттардағы кейбір «пікірлерді» тізіп шықты.

Жаңаөзеннен ақпарат берген «Хабар» журналисі «балалардың көз алдында бассыздық жасаған құтырған тобыр әр ұлттың ішінде өз сілімтіктері бар деген сөздің рас екенін тағы бір дәлелдеді», «қала тұрғындары арандатушылардың барлығы есірткі шегіп алған деп отыр» деп хабарлады.

«Құтырған иттер» жалпы алғанда 46 нысанды, 20 автокөлікті өртеп, тонады. Соның ішінде «Өзенмұнайгаз» директорының үйіне де өрт қойды» деді «Хабар» агенттігінің журналисі.

«БҰРЫНҒЫ МЕН БҮГІНГІНІҢ АЙЫРМАСЫ ЖОҚ»

Журналист Мырзан Кенжебай «ақыл-есі түзу адам 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы мен қазіргі желтоқсан оқиғасының айырмашылығы жоқ екенін көріп отыр, екеуінің сценарийі – бірдей» дейді.

– 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы кезінде де қазақтың зиялы қауымы дәл осылай Қаладағы арнайы жасақ сарбаздары. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Қаладағы арнайы жасақ сарбаздары. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

сөйлеген. Оларды интеллигенция дегеннен гөрі «жантықтар» деп атар едім. Сонау Жаңаөзенде тағдыры итке таланып жатқан адамдарға Алматыда отырып, төрелік айтуға кімнің құқығы бар? Мұрат Жұрынов 8 айдан бері Жаңаөзенге барып па? Фариза Оңғарсынова жағдайларын сұрап па? Әбіш Кекілбаевтың атын да атағым келмейді. Міне. қазақ интеллигенциясының сиқы осы, – дейді Мырзан Кенжебай.

«1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын қазақ баспасөзі «бұзақылар, наркомандар, маскүнемдер» деп көрсетті. Қазіргі ақпарат құралдары соны тағы қайталап отыр. Билік тарапынан арандатушылар бар екенін қазақ баспасөзі біледі, бірақ айта алмайды. Биліктің оң қолына айналған қазақ баспасөзі қазір жеке басқа табынуды қалыптастырып келе жатыр» деп санайды журналист Мырзан Кенжебай.

«ҰЛТТЫҚ ТРАГЕДИЯ»

Ақын Темірхан Медетбек те 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында, 1989 жылғы Жаңаөзен оқиғасында, биылғы Жаңаөзен оқиғасында ұқсастықтар көптігін айтады. Ол кешегі Жаңаөзен оқиғасын ұлттық трагедия деп атады.

– Ұлттық трагедия тұсында осыншалықты төмендеп, билік не айтса соның атқанына көне қойып сөйлегендеріне қарным ашты. Бұл мәселе енді тексеріліп жатыр. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті ілінген баннер. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті ілінген баннер. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Арандатушылардың кім екені әзір белгісіз. Оны арандатып отырғандар сыртта емес, өз ішімізде. Қанша адамның өлгенін анық білмей тұрып, ол зерттелмей, тексерілмей тұрып әйтеуір айыптай беруге болмайды, – дейді Темірхан Медетбек.

«1986 жылғы баспасөз бен бүгінгінің арасында айырма жоқ. Мемлекетік баспасөздер биліктің сөзін сөйлеп отыр. Билік өзін ақтау үшін осылай сөйлетеді. Ал бірақ сол биліктің баспасөзінде жұмыс істейтін адамдардың амал жоқтықтан солай жасауға мәжбүр болып отыр. Әйтпесе қабырғасы қайысып, омыртқасы майысып жүрген жігіттер көп» дейді Темірхан Медетбек.

Ол «Жаңаөзен оқиғасы кезінде халық толық ақпарат ала алмады, тек биліктің ақпаратымен ғана танысты» дейді.

«АҚЫЛҒА СЫЙМАС ІС»

Тарихшы Бейбіт Қойшыбай да Жаңаөзен оқиғасына орай айтылып жатқан сөздер 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына бастапқыда берілген бағамен ұқсас болып шықты деді.

– Алайда 1986 жылы жастарға суық су шашты деп билікті кінәлағанбыз. Ал мына жолы суық су шашпақ түгілі бірден атып тастауы ақылға сыймас іс болды, – дейді Бейбіт Қойшыбай.

«Зиялы қауым Жаңаөзен мәселесіне бұрын араласқан жоқ. Сондықтан біржақты кінәлау дұрыс емес. Халықты тыныштыққа шақырған дұрыс болар, бірақ шындықты айтып шақыру керек қой» дейді Бейбіт Қойшыбаев. Ол «ресми бұқаралық ақпарат құралдары биліктің сөзін сөйлеп, әділ ақпарат таратпай отырғанын» да айта кетті.
  • 16x9 Image

    Асылхан МАМАШҰЛЫ

    1973 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. 1994 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда пединститутын бітірген. 1997-2000 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасында оқыған. "Қазақ энциклопедиясы" баспасында (2001-2007), республикалық "Ана тілі" газетінде (2007-2009) , "ABDI-press" орталығында (2009-2010) жұмыс істеген. 2011 жылдан Азаттық радиосының тілшісі.

    Тарихи, саяси мәселелер тақырыбында жазады, белгілі тұлғалардың саяси портреттерін жасайды. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG