Accessibility links

Жаңаөзендегі оқиғаға саяси ұйымдар да алаңдап отыр


Жұмысшы киімін киген адам «Нұр Отан» партиясының плакатын отқа тастап жатыр. Жаңаөзен, 16 желтоқсан, 2011 жыл. (К-плюс телеарнасы бейнехабарынан алынған скриншот).

Жұмысшы киімін киген адам «Нұр Отан» партиясының плакатын отқа тастап жатыр. Жаңаөзен, 16 желтоқсан, 2011 жыл. (К-плюс телеарнасы бейнехабарынан алынған скриншот).

Билікке жақын партиялар мен саясаткерлер «Жаңаөзендегі оқиғаға алаңдады», оппозицияшыл саясаткерлер билікті айыптап, тәуелсіз қоғамдық комиссия құру туралы ұсыныс айтты.


Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында 2011 жылы желтоқсанның 16-сында болған оқиға БҰҰ, Еуропа одағы, халықаралық адам құқық ұйымдарында да сөз болды.

«ҚАРУ ҚОЛДАНБАУҒА ШАҚЫРАМЫЗ»

Еуропа одағының сыртқы саясат жөніндегі өкілі Кэтрин Эштон «Жаңаөзендегі оқиғаға қатты алаңдап отырғанын, Қазақстан билігі оқиғаны жедел тексеріп, ереуілшілер талабын әлеуметтік келісім арқылы шешеріне сенетінін» мәлімдеді.

Халықаралық Human Rights Watch («Хьюман Райтс Уотч») құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін күш қолданбауға, халықаралық құқық Қала алаңындағы адамдар. Жаңаөзен, 16 желтоқсан 2011 жыл. (Стан.кз бейнепорталының суреті).

Қала алаңындағы адамдар. Жаңаөзен, 16 желтоқсан 2011 жыл. (Стан.кз бейнепорталының суреті).

нормаларын сақтауға, оқиғаны әділ тексеріп, айыптыларды халықаралық заңға сәйкес жазалауға шақырды.

Ал Қазақстанда «Әділет», «Ауыл» және «Руханият» партиялары Жаңаөзендегі оқиғаға орай алаңдайтындарын айтты. «Руханият» партиясының басшысы Серікжан Мәмбеталин Жаңаөзендегі оқиға жайлы желтоқсанның 16-сы күні пікір білдіріп, билікті бейбіт шерушілерге қарсы қару қолданбауға шақырды.

Желтоқсанның 17-сі күні «Әділет» партиясы мен оның жетекшісі Мақсұт Нәрікбаев жұртшылық атынан президент Назарбаевқа ашық хат жазып, Жаңаөзендегі оқиғаны тексеруді «президенттің тікелей өзі бақылауы керегін» айтты. Мақсұт Нәрікбаевтың Азаттық тілшісіне айтуынша, «ол хатта мұнайшылар мен жұмысшылар кәсіподағы қозғалыстарының мәселесін шешуге байланысты бірнеше ұсыныс жазылған».

«ИНТЕРНЕТ ПЕН ТЕЛЕФОНДЫ ҮЗІП СЫНАУ»

Жаңаөзендегі оқиғаға орай тәуелсіз саясаттанушы, журналист, құқық қорғаушы, саясаткерлер де өз пікірлерін айтты.

Журналист Сергей Дуванов «Жаңаөзенге байланысты ақпараттың бәрі неге тосқауылға ұшырайды», «қалада неге телефон және интернет Журналист Сергей Дуванов. Алматы, 1 шілде 2011 жыл.

Журналист Сергей Дуванов. Алматы, 1 шілде 2011 жыл.

байланысы жоқ» деген сауал қойып, «биліктің, әсіресе президент Назарбаевтың беделіне нұқсан келтіретін кез-келген мәліметті жасыру - үйреншікті іс» деген ойын айтты. Оның пікірінше, билік интернет пен телефон байланысын үзіп тастаудың қаншалықты тиімді боларын Жаңаөзенде сынап жатуы мүмкін.

Қазақстандағы ресми билік Жаңаөзеннің байланыссыз қалғанын сымдардың үзілгенінен деп түсіндірді. «Өзіміз де соған душар болдық. Телефон, интернет байланысы дұрыс болмады. Тәртіпсіздік кезінде байланыс желілері үзілген болуы керек» деп мәлімдеді Қазақстан бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков.

Ал журналист Дувановтың ойынша, Жаңаөзендегі оқиға ереуілші мұнайшылармен тең дәрежелі келісім жасаудан бас тартқан биліктің кесірінен болған. «Жаңаөзенде қарулы қақтығыс болмай қоюы неғайбыл еді. Өйткені билік әу бастан өз пікірінен танбай, ереуілшілермен санаспай, оларды жұмыстан шығарып, әртүрлі арандатуға душар еткен. Сондықтан бұл оқиғаға да биліктің арандатуы себеп болуы мүмкін» дейді журналист.

«СҰМДЫҚ АПАТ»

Central Asia Monitor газетінің бас редакторы Бигелді Ғабдуллин мен бұрынғы сенат депутаты, қазіргі мәжіліс депутаттығына кандидат Қуаныш Сұлтанов Жаңаөзендегі оқиға жайлы пікір айтудан бас тартты.

Газет редакторы оқиғаның егжей-тегжейін түгел білмейінше ештеңе демейтінін, «бірақ қазір Маңғыстауға тілші жібергенмен оны оқиға орнына өткізе қоярына күмәні барын» айтты.

Ал Қуаныш Сұлтановтың ойынша, «Жаңаөзендегі оқиғаның анық-қанығын арнайы орындар анықтап, солар айтуы керек».

«Азат» ЖСДП тең төрағасы Болат Әбілов Жаңаөзендегі оқиғаны «сұмдық апат» деп атап, оған билік жауапты дейді. Ол «бұзақылар тобы» туралы ресми мәлімдемеге сенбейтінін, «жеті ай ыстық-суықта әбден ширығып Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның тең төрағасы Болат Әбілов. Алматы, 26 қараша 2011 жыл.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның тең төрағасы Болат Әбілов. Алматы, 26 қараша 2011 жыл.

тұрған адамдарға биліктің кеше концерт қоймақ болғаны» артық екенін айтты.

ТӘУЕЛСІЗ КОМИССИЯ ҚҰРУ ҰСЫНЫСЫ

«Азат» ЖСДП тең төрағасының пікірінше, Жаңаөзендегі оқиғаға биліктің арандатуы да араласқан. Ол бұл пікіріне дәлел ретінде биліктің кейбір тәуелсіз сайттарды бұғаулағанын, интернет пен ұялы байланысты үзгенін, Жаңаөзенге кіретін жолдарды жапқанын айтты.

«Азат» ЖСДП Жаңаөзендегі оқиғаны зерттейтін арнайы комиссия құру туралы ұсыныс жасады. Ол бастаманы Қазақстандағы адам құқы және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюроның басшысы қызметін атқарушы Роза Ақылбекова да қолдады.

Партия басшылары билікті «бұл комиссияның құрылуына кедергі келтірмеуге, әуелі Жаңаөзенде кешегі оқиға кезінде қаза тапқан адамдардың толық тізімін жариялауға» шақырды.

Азаматтық қоғам мен оппозиция өкілдері Зәуреш Батталова, Серікбай Әлібаев, Владимир Макалкин бүгін ішкі істер министрлігіне барып, Жаңаөзендегі бүлікті басу кезінде адам өлімі болғанына қатысты түсініктеме берулерін сұрады.

Олар Жаңаөзендегі жағдайды тексеретін, вице-премьер Өмірзақ Шүкеевтің басшылығымен құрылған үкіметтік комиссия қатарына өздерін де қосуды талап етті.

Шетелдегі қазақ оппозициясы бюросының өкілі Бали Мажец те бүгін мәлімдеме таратып, Қазақстан билігін Жаңаөзендегі оқиғаны оппозиция және халықаралық сарапшылармен біріге отырып тексеруге шақырды.

«ПОЛИЦЕЙЛЕР ЗАҢ АЯСЫНДА ӘРЕКЕТ ЕТТІ»

Болат Әбіловтің айтуынша, Жаңаөзендегі оқиғада 70-тен астам қаза тапқан. Ал Қазақстан бас прокуратурасының соңғы мәлімдемесіне қарағанда, 11 адам көз жұмған.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау орындары қызметкерлерінің ісі заңға сай болғанын айтады. «Полицейлер қызметтік парыздарын мүлтіксіз атқарып, заң рұқсат еткен өкілеттері аясында әрекет етті» деп мәлімдеді ол сенбі күні өткен Қауіпсіздік кеңесі мәжілісінде.

Қазақстан президенті Жаңаөзенде 2011 жылдың 17 желтоқсанынан 2012 Қазақстан компартиясының бұрынғы басшысы Cерікболсын Әбділдин Азаттық радиосының Алматыдағы бюросында. 8 желтоқсан 2011 жыл.

Қазақстан компартиясының бұрынғы басшысы Cерікболсын Әбділдин Азаттық радиосының Алматыдағы бюросында. 8 желтоқсан 2011 жыл.

жылдың 5 қаңтарына дейін төтенше жағдай жариялаған қаулыға қол қойды.

«ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ МЕН ЖАҢАӨЗЕН ОҚИҒАСЫНЫҢ ҰҚСАСТЫҒЫ»

Қазақстан коммунистік партиясының бұрынғы басшысы Серікболсын Әбділдин Жаңаөзендегі оқиғаны 25 жыл бұрын Алматыда болған Желтоқсан оқиғасымен салыстыра келе, «ол күннің ширек ғасырдан кейін қайталануы кездейсоқтық емес» дейді.

Серікболсын Әбділдиннің айтуынша, бұл екі оқиға да бір адамның – Қазақстанның қазіргі президентінің саясаты мен ісіне тікелей байланысты.

«Маңғыстау облысындағы мұнайшылардың қарсылық акциясы бір адамның қате саясатынан пайда болды» дейді саясаткер.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG