Accessibility links

Жаңаөзенге қатысты билікті айыптағандарды полиция ұстап әкетті


Полиция Хасен Қожахмет (сол жақта екінші) пен бірнеше адамды ұстап әкетті. Алматы, 17 желтоқсан 2011 ж.

Полиция Хасен Қожахмет (сол жақта екінші) пен бірнеше адамды ұстап әкетті. Алматы, 17 желтоқсан 2011 ж.

Алматыда Жаңаөзендегі оқиғаға президент Назарбаевты айыптап, билік партиясына бармақ болған бірнеше адамды полиция ұстап әкетті. Ішкі істер министрі Жаңаөзендегі "тәртіпсіздіктердің басып-жаншылғанын" айтып, жұма күнгі оқиғаларға қатысты бұрынғы мұнайшыларды кінәлады.


Сенбі күні Алматыда бірнеше адамды әр жерден полиция ұстап әкетті. Ұсталғандар Жаңаөзендегі жұма күні оқиғалар үшін Қазақстан билігін айыптаған еді.

АЛМАТЫДА БІРНЕШЕ АДАМ ҰСТАЛДЫ

Желтоқсанның 17-і күні таңертең Алматыдағы Сәтбаев және Желтоқсан көшелерінің қиылысындағы Желтоқсан құрбандарына орнатылған ескерткіш маңына ондаған адам жиналды. Олардың арасында 1986 жылы желтоқсанда Алматыда халық наразылығына қатысқандармен бірге президентшіл «Руханият» партиясының төрағасы Серікжан Мәмбеталин, ақын Мұхтар Шаханов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов және басқа адамдар көзге шалынды.

Бұл жерде ескерткішке гүл қою шарасына алдын ала дайындық болғаны байқалады: әскери оркестр ойнап тұрды, ескерткіштің маңайы қызыл лентамен қоршалған.

Жиналған топ бұдан тура 25 жыл бұрын дәл осы күні Алматыдағы орталық алаңға Мәскеудің шешіміне наразылық білдіріп шыққан қазақ жастарының ерлігіне тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойып, құрбан болғандардың рухына құран бағыштады.

Жиналғандардың бірі, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін сотталған советтік Қазақстан диссиденті, композитор Хасен Қожахмет жұма күні Жаңаөзен қаласында құрбан болғандарға да бағыштап құран оқу туралы ұсыныс айтты. Содан кейін қайтадан құран оқылды.

Бұдан кейін жиналған топтың бір бөлігі орталық алаңдағы Тәуелсіздік ескерткішін бетке алды. Дәл осы кезде олардың алдынан тағы бір топ – Жалпыұлттық социал-демократиялық партия қайраткерлері қарсы жолықты. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 25 жылдығына орай Тәуелсіздік ескерткіші алдына жиналғандардың арасында оппозиция белсенділері де болды. Алматы, 17 желтоқсан 2011 ж.

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 25 жылдығына орай Тәуелсіздік ескерткіші алдына жиналғандардың арасында оппозиция белсенділері де болды. Алматы, 17 желтоқсан 2011 ж.

Бұлар Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойып, енді Сәтпаев және Желтоқсан көшелерінің қиылысындағы ескерткішке бара жатқан еді.

Ал алдыңғы топ Тәуелсіздік ескерткіші алдына келген соң тағы да құран бағышталды. Осы жерде сөйлеген бірнеше адам 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы мен 2011 жылы желтоқсанның 16-сы күні Жаңаөзенде болған оқиғаны салыстырып, олардың екеуінде де биліктің өз халқымен санаспай, күш қолдануы кесірінен қан төгілді деп мәлімдеді.

Қоғам қайраткері Жасарал Қуанышәлин, Хасен Қожахмет, Серік Сапарғалиев Жаңаөзендегі адам қазасы үшін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты айыптады.

Бұдан соң Хасен Қожахмет жиналғандардарды Жаңаөзендегі оқиғаларға қатысты наразылық пикетін өткізу үшін "Нұр Отан" саяси партиясының Алматыдағы кеңсесі алдына баруға шақырды.

Ол соңына ілескен бірнеше адаммен Күләш Байсейітова көшесімен төмен түсіп, Абай көшесіне жеткен сәтте олардың алдын полиция күші кес-кестеп, ақыры бірнеше адамды автобусқа күштеп тиеп, алып кетті. Ұсталғандардың арасында Хасен Қожахмет, Серік Сапарғалиев те бар.


ПӘТЕРДЕН ҰСТАП ӘКЕТТІ

Сенбі, желтоқсанның 17-і күні Алматыда оппозиициялық ұйымның бірнеше белсендісін полиция пәтерден ұстап әкеткені туралы Азаттық радиосына қоғамдық белсенділердің бірі Жанна Байтелова хабарлады.

- Бүгін таңертең маған Лариса Бояр хабарласып, өзін полиция бөліміне алып кетіп бара жатқандығын айтты. Оның сөзінше, бірінші Дмитрий Тихоновты Полиция Күләш Байсейітова атындағы көшенің бойында бірнеше адамды ұстап әкетті. Алматы, 17 желтоқсан 2011 ж.

Полиция Күләш Байсейітова атындағы көшенің бойында бірнеше адамды ұстап әкетті. Алматы, 17 желтоқсан 2011 ж.

алып кеткен екен. Дима ол туралы Ларисаға хабарласып үлгерген екен. Қазір екеуінің де телефондары сөніп тұр, - деді Жанна Байтелова.

Ол өзінің пәтеріне де біреулер келіп есігін қаққанын айтты.

- "Полицияданбыз, есік ашыңыз, сөйлесуіміз керек" деді. Бірақ мен есікті ашпадым, егер керек болса санкциямен келіңіздер деп айттым. Олар қазір де мені аулада қарауылдап тұр. Полицей және қызметтік машиналар да тұр, - деді Жанна Байтелова.

Сол сияқты осы күні оппозициялық белсенді Арман Ожаубаев пен тағы бір адамды полицияның ұстағаны туралы ақпарат тарады.

Бұларға қатысты Алматы қалалық полиция департаментінен түсінік алуға тырысқан Азаттық тілшілеріне ол мекемеден ешкім жауап бермеді.


МИНИСТР ЕРЕУІЛШІЛЕРДІ КІНӘЛАДЫ

«Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктер басып-жаншылды, қаладағы ахуал қалыпқа түсті, алаңда ешкім жоқ», – деген Қалмұханбет Қасымов.

Полицияның деректері бойынша, тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен 70-ке жуық адам тұтқындалған.

Министр Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, Жаңаөзенде желтоқсанның 16-сы күні болған тәртіпсіздіктер салдарынан 10 адам қаза тауып, 75 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Олардың алтауы - құқық Жұмысшы киіміндегі адам президентшіл «Нұр Отан» партиясының плакатын отқа тастап жатыр. Жаңаөзен, 16 желтоқсан, 2011 ж. К+ телеарнасы бейнехабарынан алынған скриншот.

Жұмысшы киіміндегі адам президентшіл «Нұр Отан» партиясының плакатын отқа тастап жатыр. Жаңаөзен, 16 желтоқсан, 2011 ж. К+ телеарнасы бейнехабарынан алынған скриншот.

қызметкерлері, біреуі - хал үстінде жатыр деген министр.

Генерал Қасымов Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктерге бұған дейін жұмыстан шығарылған мұнайшылар кінәлі деп мәлімдеген. Еске сала кетейік, бұған дейін Азаттық радиосына берген сұқбатында Жаңаөзенде ереуілде тұрғандар «ауызша-жазбаша ескертуімізге қарамастан билік арандатуға барып отыр» деп айтқан еді.

Жұманың кешінен телефон байланысынан ажыратылған Жаңаөзен қаласынан хабар алу қиынға соғып отыр. Сонымен бірге Қазақстанда интернет пайдаланушылар бірқатар тәуелсіз БАҚ сайттары мен Twitter әлеуметтік желісінің ашылмай тұрғанын айтады.

«Әділ сөз» ұйымының хабарламасында Маңғыстау облысының орталығы Ақтаудан журналистер Жаңаөзенге бара алмаған, өйткені қала жабық.

Ресми мәліметтерге бойынша жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан Жаңаөзенде 10 адам құрбан болған.

Сондай-ақ, сенбі күні кейбір жолаушылар Алматыдан Ақтауға әуе қатынасы уақытша тоқтатылғаны туралы естіп, әуежайдан кейін қайтуға мәжбүр болған.

Жаңаөзен тұрғыны 2011 жылы 16 желтоқсанда болған оқиға туралы:




"ХЬЮМН РАЙТС УОТЧ" ӘДІЛ ТЕРГЕУ ЖҮРГІЗУГЕ ШАҚЫРДЫ

"Хьюман Райтс Уотч" халықаралық құқыққорғау ұйымы Қазақстанның құқық органдарын Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында тәртіпті қалпына келтіру кезінде адам құқығын сақтауға шақырды.

"Тіпті тәртіпсіздіктер мен зорлық-зомбылық уақытында да, полиция тәртіпті қалпына келтіру барысында артық күш қолданбауы керек", - деді халықаралық ұйымның Орталық Азия бойынша ғылыми қызметкері Михра Риттман.

Ол әзірге қандай да бір қорытынды жасауға ерте екендігін айтып, "Қазақстан билігі күш қолданған кезде халықаралық нормалар мен стандарттарды бұзбауы керек" деп атап өтті.

"Хьюман Райтс Уотч" ұйымы Қазақстан билігін Жаңаөзендегі болған оқиғаларды мұқият және әділ зерттеп-тергеуге, ал зорлық-зомбылыққа кінәлілерді сот ісін жүргізудің халықаралық нормаларына сай жауапқа тартуға шақырды.

Қазақстанның бас прокуратурасы желтоқсанның 16-сы күні Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында жаппай тәртіпсіздіктер болып, кемінде 10 адам қаза тапты деп хабарлаған болатын. Бас прокурор Асхат Дауылбаев "бұзақылар тобы" бейбіт тұрғындарға шабуылдап, көліктерді қиратты деген.


2011 жылы 17 желтоқсанда Алматыда ұсталғандар туралы видеоны қараңыз:


Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG