Accessibility links

«Өзенмұнайгаздағы» ереуіл белсендісі екі айға түрмеге қамалды


Жаңаөзен қаласының атауы жазылған белгі. (Көрнекі сурет)
Жаңаөзен қаласының атауы жазылған белгі. (Көрнекі сурет)

Маңғыстау облыстық аппеляциялық соты жаңөзендік мұнайшылар белсендісі Ақжанат Әминовті қамауда қалдыруға шешім шығарды.


Шілденің 5-і күні Ақтау қаласындағы Маңғыстау облыстық аппеляциялық соты маусымның 30-ы күні қамауға алынған жаңаөзендік мұнайшылар белсендісі Ақжанат Әминовтің аппеляциялық шағымын қанағаттандырмады.

СОТ ШЕШІМІ ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛДЫ

Бұл жайлы тұтқынға алған әріптестеріне қолдау көрсетуге Ақтау қаласына арнайы келген мұнайшылардың бірі хабарлады. Олардың мәлімдеуінше, «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының жүзге жуық мұнайшысы сот отырысына қатысу үшін арнайы келген.

– Сот жабық жағдайда өтті. Адвокаттардан басқа ешкімді кіргізген жоқ. Бұрынғы шешімді өзгертпей, Ақжанатты екі айға қамауда қалдырғанын естідік. Біз қазір басқа мұнайшылармен ары қарайғы іс-қимылымызды ақылдасауға кетіп барамыз, – деді мұнайшылар Азаттық тілшісіне.

Адвокат «заң жүзінде Әминовтің қамауға алынуы дұрыс емес, бұл бір жоғары жақтан болған тапсырыс болып отыр» дегенді айтты деседі
"Өзенмұнайгаздың" мұнай сорғысы. Маңғыстау облысы, 2008 жылдың мамыры. (Көрнекі сурет)

мұнайшылар.

Бірақ Ақжанат Әминовтің адвокаты Азаттық тілшісімен сөйлесуге құлықсыздық танытты, «ақпаратты туыстарынан алыңыз» деді.

ҚАМАУДАҒЫ МҰНАЙШЫ ИНСУЛИНГЕ ЗӘРУ

«Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалына қарасты УОС-5 мекемесінің әлеуметтік бөлім бастығы Ақжанат Әминов маусымның 30-ынан шілденің 1-іне қараған түні қамауға алынған еді. Ол Қылмыстық кодекстің 334-бабы бойынша («Жиналыс, митинг, пикет, көше шерулерi мен демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн бұзу») айыпталып, екі айға абақтыға жабылған болатын.

Ақжанаттың жұбайы Айымжан Дүйсенбаеваның айтуынша, сот отырысы түн ортасында өтіп, бірден шешім шыққан. Ол күйеуінің денсаулығы туралы анықтаманы әкелгенімен, құқық қорғау орыны қызметкерлерінің қабылдамай отырғанын айтады.

Айымжан Дүйсенбаеваның сөзіне сүйенсек, Ақжанат Әминов – екінші дәрежелі сусамыр дертіне шалдыққандықтан инсулиннің көмегімен жүрген адам. Бес күннен бері еріне тиісті дәрі-дәрмегі мен басқа қажетті заттарын бере алмай отырғанын айтып шағымданады Айымжан Дүйсенбаева.

– Үйде күнделікті бақылауға алып жүргеннің өзінде ағзасындағы қант мөлшерінің төменгі деңгейі 14,5-15 болатын еді. Бізді жолықтырмайды,
Үйде күнделікті бақылауға алып жүргеннің өзінде ағзасындағы қант мөлшерінің төменгі деңгейі 14,5-15 болатын еді.

дәрі-дәрмегін бергізбейді. Ал ол нақты бір уақытта күн сайын инсулин алып отыруы керек. Аяғын кір сабынмен жуып, өзін күтіп отырған адам ғой. Ендігі аяғы жара болып кеткен болар. Өйткені екі күн жуылмай қалса, аяғын жара басып кететін еді, – деп уайымдайды Айымжан Дүйсенбаева.

Жаңаөзендегі мұнайшылар наразылығы мамырдың 26-сынан бері жалғасып жатыр. Олар келісім шартқа енгізілген өзгерістерді бұзып, өздерінің тиісті аймақтық және салалық коэфициенттерді қалпына келтіруді талап етіп отыр. Олар «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалы басшысын орнынан босатып, «Қазмұнайгаз» барлау-өндіру компаниясын таратуды немесе Ақтау қаласына көшіруді де басты талаптары ретінде мәлімдеп келеді.
XS
SM
MD
LG