Accessibility links

Жаңаөзендіктер оқтан келген қайғыны айтты


Байбек Құбайдуллаев ұлы Нұртаспен бірге. Жеке мұрағаттағы сурет.

Байбек Құбайдуллаев ұлы Нұртаспен бірге. Жеке мұрағаттағы сурет.

Жаңаөзен оқиғасына бір жыл толды. Кемінде 17 адамның өмірін қиған қайғылы оқиға кезінде жүзден аса адам жараланып, кейбіреуі өмір бойы мүгедек болып қалды.

ОҢАЙГҮЛ АПАНЫҢ ЕКІ ҰЛЫ

Жаңаөзен тұрғыны Оңайгүл Досмағамбетова 26 жастағы ұлы Қайраттың емі жылға созылғанын, қазір ол ақырындап өзі жүре бастағанын айтады.

– Ұлым менен «Апа, менің енді балам бола ма?» деп сұрады. Алматыдағы қараған дәрігерге «Жаным, сұрағаныңды берейік, баламның денсаулығын қалпына келтіруге барыңды салшы» деп өтіндім. Ол ештеме айта алмады, тек «күту керек» деді. Қайратыма қарай алмаймын, жүрегім ауырады, – деді анасы.

Жаңаөзендегі оқиғада шабынан оқ тиген Қайрат Досмағамбетов алдымен жарты Оңайгүл Досмағамбетова. Жаңаөзен, 13 желтоқсан 2012 жыл.

Оңайгүл Досмағамбетова. Жаңаөзен, 13 желтоқсан 2012 жыл.

жыл Ақтаудағы облыстық ауруханада, содан соң бір ай Алматыдағы №12 клиникалық ауруханада ем қабылдаған.

– Қайрат қарынын айнала тесіп өткізген түтіктермен қозғала алмай қатты қиналды ғой. Қасында талай ұйқысыз түндерді өткіздім, – дейді Оңайгүл Досмағамбетова.

Жаралының отбасына үкіметтен 500 мың теңге беріліпті. Алайда бұл қаржы Қайратты емдеуге жұмсалған шығынның бір бөлігіне ғана жеткен.

– Қайратқа күн сайын бір рет қана қолданатын катетерлер алу керек болды, мысалы: оның тек біреуі 6500 теңге тұрады, ал ол алты ай жатты ғой, – дейді анасы.

12 бала өсірген Оңайгүл Досмағамбетованың тағы бір ұлы Мақсат Досмағамбетов - Жаңаөзен оқиғасы бойынша жауапқа тартылған 37 адамның бірі. Ол Ақтау сотының үкімімен алты жылға бас бостандығынан айырылып, қазір Атырау түрмесінде жазасын өтеп жатыр.

Бұған дейін оның адвокаты Гүлнәр Жуаспаева Мақсат Досмағамбетовтың жағдайының өте нашар екенін, бірақ емделуге арызданбай отырғанын айтқан. Қайраттың жағдайы жанын жүдеткен анасы Мақсаттың да денсаулығын уайымдайды.
Мақсаттың сот үкімін естігенде жыламадым. Оның әділетсіз сот екенін бәрі біледі.
– Мақсаттың сот үкімін естігенде жыламадым. Оның әділетсіз сот екенін бәрі біледі. «Мақсатым, балам, қайда жүрсең де аман бол. Жеті ай бойына алаңда қандай тәртіппен тұрсаңдар, түрмеде де сол тәртібіңді ұста» дей беріппін, – деп еске алады Оңайгүл Досмағамбетова.

Ол Қайраттың биыл мектепке барған қызы мен Мақсаттың екі баласы өсіп жатқанын, солардың киім-кешегіне көмекке мұқтаж екенін айтады.

– Соларға киімдеріне мектептен көмектессе деп ойлаймын. Желтоқсанның 17 күні Ақтаудағы Қайраттың баласы оқитын мектепке барып сұрайын деп отырмын. Жағдайымыз келмеген соң келінді төркініне жібердік, «бара тұр шырағым, өз баласын өзегінен теппес, Қайрат аяғынан тұрып алсын» деп, – дейді Оңайгүл Досмағамбетова.

Жұбайы Роман Досмағамбетовпен бірге осы Жаңаөзеннің іргесі қаланғаннан бері тұрып келе жатқан Оңайгүл Досмағамбетова 1989 жылғы ереуілге де қатысқандарын, былтырғы оқиға туралы «К-плюс» телеарнасына сұхбат бергені үшін бірталай қиындыққа тап болғандарын да айтып берді.

Ресми ақпарат бойынша, Жаңаөзен мен Шетпеде былтырғы оқиғаларда 187 адам жараланған. Алайда жарақат алғандардың саны бұдан көп дейді тұрғындар.

МАҢДАЙҒА ТИГЕН ОҚ

Жаңаөзендегі №4 ықшам ауданындағы көпқабатты үйдің бірінде тұрған 22 жастағы Байбек Құбайдуллаевтың соңында бір жарым жасар ұлы Нұртас пен жас жары Әсем қалды.

– Мен ешқайда бармаймын, күйеуімнің орнында қаламын ғой. Нұртасқа әкесінің суретін көрсетіп, ол туралы үнемі айтып отырамын. Балама әкесінің қандай адам болғанын ұғындырып өсіремін, – деді Әсем.

Құбайдуллаевтар отбасында үш ұлдың үлкені болған Байбекке былтыр желтоқсанның 16-сы күні маңдайынан оқ тиген. Әсем екеуінің үйленгеніне бір жылдан енді ғана асқанда мерт болды.

«БАЛАМДЫ ТІРІЛЕР АРАСЫНАН ІЗДЕДІМ»

Жаңыл Раджапова баласы Нұрлан Мұналбаевтың кездейсоқ қазасынан кейін бұрыннан дімкәс денсаулығы одан сайын нашарлай түскенін, қазір сағат сайын дәрі ішетінін айтады.

– Мен баламды ақырына дейін тірілер арасынан іздедім. Сол күні алаңға қарай барып келеміз деп келінім екеуі кетіп еді. Кейін бір-бірінен адасып қалып, бірнеше Нұрлан Мұналбаев Жаңаөзенде 16 желтоқсан 2011 жылы қаза болды. Жеке мұрағаттағы сурет

Нұрлан Мұналбаев Жаңаөзенде 16 желтоқсан 2011 жылы қаза болды. Жеке мұрағаттағы сурет

күн іздеумен болдық. Сөйтсек, оның денесі мәйітханада жатыпты, – деп еске алады анасы.

Отбасының жалғыз асыраушысы болған Нұрлан Кендірлі туристік аймағында кабель тарту жұмыстарымен айналысқан. Автокөлік институтында сырттай оқыған. Анасы оны «ақкөңіл, аңқылдақ, қолы ашық еді» деп сипаттайды.

– Ол ереуілге қатысып, алаңда тұрған жоқ. Бірақ «Мама, сен де алаңға барып, көрпеңді апарып, мұнайшы жігіттерге аз да болсын қолдауыңды білдір. Біз Жаңаөзенде тұрған соң ол ереуілге қатысуымыз керек» дейтін. Мен «Балам, сен де барма, мен де бармайын, аман болайық» дегенімде «Жоқ, болмайды, қолдауымыз керек» деуші еді, – дейді Жаңыл Раджапова.

Марқұм Нұрлан Мұналбаевтың отбасында қазір анасы Жаңыл мен 14 жастағы інісі Нұрғиса қалыпты. Нұрғиса ағасының суреттерін үнсіз қарап отырды. Нұрланның жұбайы Ақтаудағы ата-анасына кетіп қалыпты.

– Келінім жас, 22-де ғана. Әлі үйлену тойларын да өткізбеген едік. Соған дайындалып жүргенбіз, – дейді Жаңыл Раджапова.

Былтыр Жаңаөзендегі оқиғада 30 жастағы Нұрлан Мұналбаев желкесіне тиген оқтан көз жұмған.

«ӨЗІНЕ ЖЕТПЕСЕ ДЕ, ӨЗГЕГЕ ҚАМҚОР ЕДІ»

Жаңаөзен оқиғасында қаза болған Жанар Әбдікәрімованың соңында қалған төрт баланың үлкендері Жәнібек пен Мөлдір қаладағы «Каспий» колледжінде оқып жүр. Бұрын ақылы бөлімде оқитын балаларды анасының қазасынан соң әкімдіктің Жанар Әбдікәрімованың жұбайы Аманжолмен соңғы түскен суреті.

Жанар Әбдікәрімованың жұбайы Аманжолмен соңғы түскен суреті.

көмегімен тегін оқу бөліміне ауыстырыпты.

Жаңаөзенге Өзбекстанның Қоңырат ауылынан қоныс аударған отбасының үйі де жоқ, жатақхананың бір бөлмесінде тұрып келген. Қаралы отбасына Жаңаөзен қалалық әкімдігі бірсыпыра қолдау жасапты. Жатақханадан тағы бір бөлме қосып берген. Үйдің кезегіне қойыпты. Жанардың жұбайы Аманжолды жұмысқа алыпты.

– «Өзенмұнайгаздың» бөлімшесіне жұмысқа алды, ол дәнекерлеуші ғой. Соны естіп қуанып отырмыз, – деді Жанардың енесі Күләш Алдашова.

65 жастағы Күләш Алдашованың айтуынша, келіні Жанар Әбдікәрімова былтыр желтоқсанның 16-сы күні қазіргі «Атланта», бұрынғы «Шолпан» азық-түлік дүкеніндегі Жанар Әбдікәрімованың енесі Күләш Алдашова. Жаңаөзен, 13 желтоқсан 2012 жыл.

Жанар Әбдікәрімованың енесі Күләш Алдашова. Жаңаөзен, 13 желтоқсан 2012 жыл.

банкоматтан күйеуінің жалақысын қарап келмек болып шығыпты.

– Банкоматта ақша түспегенін көрген соң кетіп бара жатқанда №6 мектептің жанында оқ тиіп құлаған. Жанарға оқ басынан екі жерден тиген. Біреудің үйінен шықпасын деп Өзбекстанға апарып жерледім, – дейді енесі.

Күләш Алдашова 38 жасында көлденең қазаға ұшыраған келіні өте мейірімді, өзгеге қайырымды жан болғанын айтып берді.

– Өзі жетіспей жүрсе де өзгеге жәрдем беруші еді. Медициналық колледждің асханасында өзімен бірге істейтін келіншек жастайынан жетім өскен екен. «Мама, оған көйлек тігіп берейікші» деп қамқорлық жасап жүретін, – деп еске алады Күләш апа.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG