Accessibility links

Жаңаөзендік әйел ерінің жазықсыз екенін айтады


Жалғас Шалғынбаев - қамауда отырған жаңаөзендік азамат.

Жалғас Шалғынбаев - қамауда отырған жаңаөзендік азамат.

Жаңаөзендік Майра Тұрсынәлиева «күйеуіме жала жабылды» деп шағымданады. Оның зайыбы Жалғас Шалғынбаевқа тағылған ең басты айып – Жаңаөзенде көз жұмған 17 адамның бірі Атабай Құлқайыровтың өліміне байланысты.


Жаңаөзендегі УОС-2 мекемесінде машинист болып жұмыс істейтін 30 жастағы Жалғас Шалғынбаевтың абақтыда жатқанына бір жарым айдай болған. Ол әйелінің айтуынша «кісі өлтірді», «біреудің көлігін ұрлады», «бұзақылық шабуыл жасады, заңсыз қару ұстады» деп айыпталған.

ТҰТҚЫНДАУ

Жалғас Шалғынбаевтың жұбайы Майра Тұрсынәлиева күйеуін желтоқсанның 24-і күні түнде алып кеткенін айтады.

- Алдымен күндіз күйеуімді іздеп, өздерін «жедел іздеу тобы қызметкерлеріміз» деп таныстырған Адай Үмбетов, Руслан Дәулетбайұлы келді. Олар Жалғасты бір қылмысқа байланысты іздеп жүргендерін айтқанмен, басқа ештеме ашып мәлімдемей кетіп қалды. Сол күні кешке Жалғас келгенде өзін полицейлер іздеп жүргенін естіп таң қалып, «ертең барып білермін неге іздегенін» деген еді, – дейді Майра.

Арнайы полиция жасағы Жалғас Шалғынбаевты сол күні, желтоқсанның 24-інде кешкі сағат тоғыздар шамасында тұтқындаған.

- Біз бала-шағамызбен ұйқыға дайындалып жатыр едік. Жалғас мәйкішең сыртқа Қамауда отырған Жалғас Шалғынбаевтың зайыбы Майра Тұрсынәлиева мен балалары. Жаңаөзен, 2012 жыл.

Қамауда отырған Жалғас Шалғынбаевтың зайыбы Майра Тұрсынәлиева мен балалары. Жаңаөзен, 2012 жыл.

шығып кеткен. Бір кезде «Майра» деген ащы дауыс шықты. Сыртқа атып шықсам, есік алдында бетперде киген, қолдарында шоқпары, қаруы бар 30 шақты адам тұр. Олар Жалғасты бүкшитіп қолын қайырып, кісен салып үлгеріпті, – дейді Майра Тұрсынәлиева.

Оның айтуынша, өзін «тергеуші Нұрлан Таңатаров» деп таныстырған қара папкалы кісі «мынау сенің үйіңді тінтуге әкелінген қағаз» деп Майраның қолына бір жапырақ қағаз ұстатқан. Ол қағазда «17. 12.2011 жылы күндізгі сағат 11.30-да «Арай-1», 1-көшедегі 43-үйдің маңында «Мазда-626» көлігінде болған кісі өліміне байланысты қылмыстық іске қатысы бар деп сезікті деп табылған Жалғас Шыңғысбаевтың үйін тінтуге рұқсат қағаз» деп жазылған.

Майраның сөзіне сүйенсек, үйді тінткен адамдар ешнәрсе таба алмаған.

- «Жалғастың киімін, жеке бас куәлігін әкел» деді. Тонының қалтасынан әмиянын шығара бергенім сол еді, бір спецназ әлгі әмиянға жармасты. Оның ішінде сол күні банкоматтан чегімен қоса алынған 150 мың теңге ақша бар еді. «Мынау ұрланған ақша ма?» деді. Көршілерім жабылып, чегін көрсетіп, әзер алып қалдық, - дейді Майра Тұрсынәлиева.

«Күйеуім ереуіл күні үйде болған»
Ол Жалғастың киімін беруге қайта шыққанда бір «Нива» көлігімен және бір автобус толы арнайы жасақ келгенін көрген.

- «Киімін кигізіңдерші» дей беріп едім, оны шоқпармен пергілеген, бұған дейін үйіме келіп кеткен Адай Үмбетов деген полиция қызметкері «киім кигізіп отыратын уақытымыз жоқ» деп алып жөнелді. Тек пакетті лақтырып үлгердім, - дейді Майра Тұрсынәлиева.

Ол тінтушілер есік алдында тұрған «Волга» автокөлігінің аккумуляторын да суретке түсіріп алғанын айтады.

- Әлгі тергеуші маған «ертең Жаңаөзен ішкі істер бөліміне, 314-кабинетке кел» деп шақырып кетті. Күйеуімнің ереуіл күні үйде болғанын дәлелдемек болған әрекетімнен түк шықпады, - дейді жаңаөзендік әйел.

ОН ЖЕТІ КУӘ

Майра Тұрсынәлиева күйеуі Жалғас Шалғынбаевтың 16-17 желтоқсан күндері демалыс болған соң Жаңаөзеннен 40 шақырым жердегі Сенек ауылындағы үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтады.

- 16 желтоқсанда біз ештемеден хабарымыз жоқ, үйімізде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанбыз. Сол күні үйге келген көршім Асылай қалада ереуілдің соңы атысқа ұласып, көк түтін болып, банкоматтар шағылып, тоналып жатқанын естігенін айтып кетті. Ертесінде жездемді кездестіргенімде, ол адамдардың азық-түлікті Ақпанның 23-і күніне жоспарланған тұтқындағы балалары мен туыстарын босатуды талап ететін шеру өткізуге рұқсат сұрап, әкімге өтініш жазып жатқан аналар. Жаңаөзен, 13 ақпан 2012 жыл. Фотоны Дина Байділдаева түсірген.

Ақпанның 23-і күніне жоспарланған тұтқындағы балалары мен туыстарын босатуды талап ететін шеру өткізуге рұқсат сұрап, әкімге өтініш жазып жатқан аналар. Жаңаөзен, 13 ақпан 2012 жыл. Фотоны Дина Байділдаева түсірген.

қапшықтап тасып жатқанын айтты. Біз де дереу дүкенге барып, үйімізге қап-қап ұн, жуа, картоп тәрізді керекті тамақтарымызды жиып алдық. Кезекте тұрғандардан «көшеде әскерлер қаптап жүр, бейсауат жүргендердің қолдарындағы заттарын, ақшаларын тартып алып жатыр екен» деген әңгіме естіп келдік. Жалғас жұмысқа 20 желтоқсанда шықты, - дейді Майра Тұрсынәлиева.

Алайда Майра Тұрсынәлиева Сенектің дүкенінде кезекте бірге тұрған 17 адамды куәлікке тартса да, оның себі тимегенін айтады. Тергеуші Жалғас Шалғынбаевтың екі айға қамалғанын, енді онымен кездесуге рұқсат берілмейтінін хабарлапты. Майра Тұрсынәлиева содан кейін адвокат жалдаған екен.

«БӘРІБІР ТҮРМЕГЕ КЕТЕСІҢ!»

- Күйеуімді сол беті алып кетісімен апарып Жаңаөзеннің ішкі істер басқармасының ішінде еденге жатқызып, әбден тепкілеген. Оны содан соң бір айдан аса, қаңтардың 31-і күні Ақтауда бір көрдім. Бар болғаны 15 минут сөйлестім. Үстінен сау-тамтық жоқ. «Мені неге қинап жатқанын түсінбеймін. «Өлтірген адамыңды мойныңа ал» деп жатыр. Мен кімді мойныма аламын? Целлофанды басыма орап, ауа жеткізбей қылқындырғаннан есім ауып құладым» деді. «Мұның бәрін істеген кім?» десем, Қуаныш Байзақов деген полиция қызметкері екен, «мойында» деп зорлап отырған ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Бақытқалиұлы екен, - дейді Майра Тұрсынәлиева.

«Мойныңа ал» дейді. Кімнің өлімін мойныма аламын? Басыма целлофан орап, қылқындырғанда есім ауып құладым»
Оның сөзінше, Жалғас Шалғынбаев басқарма бастығының орынбасары Ерлан Бақытқалиұлының «Сен бала, мойныңа алсаңшы! Бәрібір түрмеге кетесің. Ол жақта саған жағдай жасаймыз, әйеліңмен кездестіреміз» деген ұсынысты қайталай бергенін айтқан.

Бас прокурор Асхат Дауылбаев 25 қаңтарда ресми мәлімдеме жасап, бір топ полиция қызметкерлерінің жауапқа тартылғанын хабарлаған еді. Олардың арасында Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ерлан Бақытқалиұлы да бар.

- Кейбір әйелдер күйеулерін бүйрегінен соғып, жүре алмай жатқандарын естігендерін айтып жылап тұрды. Олардың арасында азаптауға шыдамай жаланы мойынына алғандар да бар. Бірақ менің күйеуім «жасамаған затымды мойындап жер басып жүре алмаймын. Сірә, мені қорлап жатырсың ғой, өлтіре ғой, істейтініңді істей ғой» деп мойындамаған, - дейді Майра Тұрсынәлиева.

«Бүйрегінен ұрғанда жүре алмай қалғандар, азаптауға шыдамай жаланы мойынына алғандар да бар»
Оның айтуынша, Жалғас Шалғынбаевтың ісі енді прокуратура тергеуінен өтеді, одан соң сотта қаралады.

ҚЫЗЫЛ «МАЗДА»

Майра Тұрсынәлиева күйеуінің «кісі өлтіргенін көрген» куәлер бар екенін естігенде таң қалғанын айтады.

- 17 желтоқсан күні қызыл «Мазда» мінген, қоңыр курткалы, джинс шалбарлы жас жігіттің бір адамды көшеге лақтырып кеткенін дүкенге бара жатқан ерлі-зайыпты адамдар кездейсоқ көрген екен. Кейін қылмысқа куә адамдар бар екенін естіген полицейлер оларды үйлерінен ұстап әкетіп, азаптап, ұрып-соғып, «өлтірген осы жігіт» деп жаздырған. Сол ер адам кейін босап шыққан соң жездеме хабарлап айтып, кешірім сұрайды. Сөйтсек, олар біз бұрын үй жалдап жүрген жылдардағы көршілеріміз болып шықты. Беттесу кезінде Жалғасты танитынын айтқан, - дейді Майра Тұрсынәлиева.

Ол күйеуінде де түсі қызыл «Мазда» көлігі бар екенін айтады.

Майраның айтуынша, жаңағы куәлік берген ерлі-зайыптылар қазір Жаңаөзендегі үйлерін тастап, қорқыныштан Қызылтөбе ауылындағы туыстарына кетіп қалған.

Жаңаөзен оқиғасы кезінде оқ тиіп құлап жатқан адам. 16 желтоқсан 2011 жыл.

Жаңаөзен оқиғасы кезінде оқ тиіп құлап жатқан адам. 16 желтоқсан 2011 жыл.

«Ал «Жалғас Шалғынбаевтың қолынан өлді» делінген марқұм Атабай Құлқайыров ереуілге қатысы жоқ, өз бетімен жүрген намазхан болған» дейді Майра Тұрсынәлиева.

- Мен марқұмның әйелінің арызын оқыдым. Желтоқсанның 17-сі күні қонаққа келген қызын бала-шағасымен үйіне апарып тастауға шыққан күйеуінің сол беті оралмағанын жазыпты. Кейін желтоқсанның 19-ы күні оған хабарласқан тергеушілер марқұмның көлігінің даладан табылғанын, аккумуляторы жоқ екенін айтқан. «Өлтірген қылмыскерді тауып беріңіздер» деп жазыпты, - дейді Майра Тұрсынәлиева.

Майра Тұрсынәлиева ақпанның 13-і күні Қазақстан ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың, Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті бастығы Аманжол Қабыловтың атына арыз жазып, күйеуін полицейлердің азаптағанын айтып шағымданды.

«ӘРИНЕ, ӘЙЕЛІ КҮЙЕУІН АҚТАЙДЫ»

Жалғас Шалғынбаевтың адвокаты Ережеп Төлеуқұлов істің ақпанның 13-інде Жаңаөзен ішкі істер басқармасына қосымша тергеуге қайтарылғанын айтады.

- Менің бұған дейін істі қосымша тергеу жөніндегі талап арызымды Жаңаөзен қалалық прокуратурасы қанағаттандырған жоқ. Содан Маңғыстау облыстық прокуратурасына шағымдандым. Себебі «Жалғастың кісі өлтіргенін көрдім» деп куәлік берген ерлі-зайыпты Қалыш Нұрбекова мен Түгелбай Шалкеловтар кейін өздерін Адай Үмбетов, Қуаныш Байзақов, Руслан Дәулетбайұлы деген Жаңаөзен ішкі істер басқармасы полицейлерінің ұрып-соғу арқылы мәжбүрлегеніне шағым түсірген еді. Олардың арызы іске тіркелгенмен, тергелген жоқ. Іс қазір Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасы тергеу бастығының үстелінде жатыр, - деді адвокат.

«Куәлік бергендер полицейлердің ұрып-соғу арқылы мәжбүрлегеніне шағым түсірген еді»
Жаңаөзенге барған Азаттық тілшісі Жаңаөзен қаласы прокурорының көмекшісі Шардарбек Спановтан осы іс жайлы сұрады.

- Жалғас Шалғынбаевқа Қазақстан қылмыстық кодексінің 251-бабы (заңсыз қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен құрылғыларды сақтау, сату, тарату, алып жүру) бойынша айып тағылды. Оның ісін сот қарап, қайта тергеуге жіберген. Енді бұл іс бойынша ақпараттарды Жаңаөзен қаласының ішкі істер басқармасының бастығы Амангелді Досахановтан ала аласыздар, - деді Шардарбек Спанов.

251-бап бойынша екі жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру шарасы қарастырылған.

Ал Жаңаөзен қаласының ішкі істер басқармасының бастығы Амангелді Досаханов Жалғас Шалғынбаевтың ісіне байланысты:
Назарбаев полицейлерден Жаңаөзен оқиғасы болған күні қызметтерін қалай атқарғанын сұрап тұр. Жаңаөзен, 22 желтоқсан 2011 жыл.

Назарбаев полицейлерден Жаңаөзен оқиғасы болған күні қызметтерін қалай атқарғанын сұрап тұр. Жаңаөзен, 22 желтоқсан 2011 жыл.

- Біз қазір Шалғынбаевты «кінәлі» деп айта алмаймыз. Өйткені сот оның ісін қайтадан тергеуге жіберді. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Ал өзі Жаңаөзен қаласының уақытша қамау абақтысында отыр. Әйелі «мойындату үшін Шалғынбаевқа қысым жасалып жатыр» десе... Әрине, әйелі күйеуін ақтайды: тағылған айыптарды «жала» деп, сол айыптарды «мойнына ілу үшін қысым жасалып жатыр» деп айтады. Бұрын Шалғынбаев күдікті болған, қазір - айыпталушы. Тергеу құпиясын жарияламау мақсатында әзірге осыны ғана айта аламын. Бәрін тергеу шешеді, - деді.

Жалғас Шалғынбаев 2011 жылы желтоқсанның 24-і тұтқындалды, ал одан бір ай өткенде, 2012 жылы қаңтардың 25-інде бас прокурор Дауылбаев Жаңаөзен оқиғасына қатысты мәлімдеме жасады.

Онда Сақтағанов, Жарылғасынов, Ермуханов, Досмағамбетов, Өткелов және Төлетаева тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушы ретінде аталып, 23 белсенді қатысушы мен бүліншілік пен тонаушылық жасаған 11 адамның анықталғаны айтылды. Дауылбаев олардың аты-жөнін хабарлаған жоқ.

«Күйеуім «жасамаған затымды мойындап жер басып жүре алмаймын. Мені қорлап жатырсың ғой, өлтіре ғой, істейтініңді істей ғой» деп мойындамаған»
Мәлімдемеде аты-жөні аталмаған «белсенді қатысушыларға» қатысты «олар жаппай тәртіпсіздіктерге алдын-ала дайындалғандарын, осы мақсатта жастар тобын тартқанын, олар жанғыш құраммен бөтелкелерді әзірлеп, қолда бар заттармен қаруланғанын көрсетті» деген сөздер болды.

Дауылбаев «Жаппай тәртіпсіздіктердің басқа да ұйымдастырушылары мен қатысушыларын анықтау және іздеу шаралары жалғаса беретінін» айтқан еді.

(Мақала Азаттықтың Жаңаөзенде жүрген тілшісі Қазис Тоғызбаевтың қатысуымен дайындалды)

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG