Accessibility links

Сарбөпеев төңірегінде алып-қашпа әңгіме көп


Жаңаөзен қаласының әкімі Орақ Сарбөпеев. 19 желтоқсан, 2011жыл.
Жаңаөзен қаласының әкімі Орақ Сарбөпеев. 19 желтоқсан, 2011жыл.

Қазақстан агенттіктері Жаңаөзеннің әкімі Орақ Сарбөпеевтің қайда екендігі туралы қарама-қайшы ақпараттар таратуда. Ал оппозициялық саясаткерлер Жаңаөзен оқиғасына қатысты "жазықтылар" қатардағы шенеуніктер екеніне алаңдаулы.


Бүгін өз ақпарат көзіне сілтеме жасаған «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі Сарбөпеев қаржы полициясына шақыртылды деген хабар таратса, осы мекеменің кезекшісі Азаттық тілшісіне жексенбіде ешкімнің жұмыста жоқ екенін айтты.

Маңғыстау облысындағы желтоқсан айында жаппай тәртіпіздіктер болған Жаңаөзен қаласының әкімі Орақ Сарбөпеев 5 ақпан күні қаржы полициясы департаментіне баруды міндеттейтін шақырту алды деп хабарлаған «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне жексенбі күні өзінің сенімді ақпарат көзі.

«Бүгін түнде әкім емделіп жатқан Ессентукиден ұшып келді. Әуежайда шекара қызметі құжаттарын тексерген соң жіберген. Әкім қазір облыс орталығы Ақтау қаласында. Оның қолында бүгінгі күнге қаржы полициясына шақыртқан повестка бар»,- деген агенттіктің бұлақ көзі.

Қазақстанның кейбір ақпарат агенттіктері Жаңаөзен қаласы әкімінің қайда екендігі туралы сенбі күні ғана қарама-қайшы ақпараттар таратқан болатын. Олардың бірі Орақ Сарбөпеевті Ақтау әуежайында қамауға алды десе, енді бірі әкім Ессентукиден әлі оралған жоқ деген хабарлар берді.

Бүгін өз ақпарат көзіне сілтеме жасаған «Интерфакс-Қазақстан» Сарбөпеевтің қаржы полициясына шақыртылғанын жазды.

Азаттық радиосының тілшісі жексенбі күні Маңғыстау облыстық қаржы полициясына телефон шалып көрген еді. Мекеменің кезекші қызметкері "бүгін жұмыста ешкім жоқ. Сарбөпеев жөнінде ешнәрсе білмеймін" деген жауап берді.

Ал оппозициялық саясаткерлер болса, Жаңаөзен оқиғасына қатысты жауапқа тартылып, "жазықты" болып жатқандар қатардағы шенеуніктер дей келе, нағыз кінәлілерге құрық салынбай жатыр, "бейбіт шерудегі адамдарға оқ атуға бұйрық берген адамның аты аталсын, жауап берсін" деген алаңдаушылықтарын білдіріп жатқаны белгілі.

16-17 желтоқсан күндері Жаңаөзен мен Шетпедегі толқуларда ресми деректер бойынша 17 адам құрбан болып,100-ден астам адам жарақаттанды.

Жаңаөзенде 31 қаңтарға дейін төтенше жағдай тәртібі енгізілді.
Қаңтар айының яғында Қазақстан бас прокуроры Асхат Дауылбаев Жаңаөзен оқиғасы бойынша тергеу амалдарының барысы жайында айта келіп, Жаңаөзеннің бұрынғы және қазіргі әкімдері Жалғас Бабаханов пен Орақ Сарбөпеев «Жанашыр», «Жарылқау» деп аталатын қоғамдық қорлар арқылы қаржы ұрлаған деп мәлімдеген-ді.

«Осы аталған қорларда «Қазмұнайгаз Барлау-Өндіру» АҚ-ның қала тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған демеушілік қаржысы жинақталған»,-деп атап көрсеткен еді бас прокурор.

Кейіннен Жалғас Бабахановтың ұсталғаны жөнінде хабарланды.
Ал әзірге дейін Жаңаөзеннің демалыстағы әкімі Орақ Сарбөпеевтің қайда екендігі турасында ресми ақпарат жоқ.
XS
SM
MD
LG