Accessibility links

Йеменде қарулы топтың шабуылынан төрт сарбаз қаза болды


Полиция шерушілерге қарсы су атты. Таиз қаласы, Йемен, 29 мамыр 2011 жыл.
Полиция шерушілерге қарсы су атты. Таиз қаласы, Йемен, 29 мамыр 2011 жыл.
Бүгін Йеменнің оңтүстігіндегі Зинджибар қаласына жақын маңда тұтқиылдан жасалған шабуылдан үкімет армиясының төрт сарбазы қаза болып, бірнеше адам жараланды.

Бұған дейін екі күнде осы аймақта әскери қызметкерлер мен бейбіт тұрғындар (20-дан астам адам) мерт болғаны туралы хабар тараған еді.

Жексенбі күні бірқатар әскерилер елді отыз жылдан астам үздіксіз басқарып отырған президент Әли Абдолла Салехтің биліктен кетуін талап еткендерге қосылды.

Билік Зинджибар қаласын исламшыл экстремист бүлікшілер басып алды деп мәлімдеді. Оппозиция президент Әли Абдолла Салехті қаланы қарулы топқа әдейі беріп, бұл іске «әл-Каиданың» қатысы бар деп көрсеткісі келеді деп айыптайды.

Бұған дейін президент Салех егер өзі биліктен кететін болса оның соңы исламшыл экстремистердің бас көтеруіне ұласады деп мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG