Accessibility links

Зейнетақы жүйесі туралы заң жобасы мақұлданды


Парламент сенаты, Астана. Көрнекі сурет.
Парламент сенаты, Астана. Көрнекі сурет.
Сенат 16 мамырда "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденовтің айтуынша, заң жобасында біртұтас жинақтаушы зейнетақы жүйесін құру, әйелдердің зейнетке шығу жасын біртіндеп 63 жасқа дейін ұлғайту мәселесі қамтылған.

"Бұған қоса ауыр әрі зиянды жағдайда жұмыс істейтіндердің зейнетақы қорына жалақысының 5 пайызы көлемінде міндетті кәсіби зейнетақы жарнасын аудару да қарастырылып отыр" дейді ол.

Заң жобасында әйелдердің зейнет жасын 2014 – 2023 жылдар аралығында жыл сайын 6 айдан өсіру көзделген.

14 мамырда бір топ белсенді сенатқа зейнетақы реформасына наразылық білдірген хат тапсырған еді. Хатқа Қарағанды мен оның маңындағы қалалардың 30 мыңға тарта тұрғыны қол қойған.

Қазақстанда қазір ерлер зейнет демалысына 63 жаста, ал әйелдер 58 жаста шығады.
XS
SM
MD
LG