Accessibility links

Пекин алаңындағы өрт


Пекин алаңындағы өрт
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:42 0:00

Куәгерлердің айтуынша, дүйсенбі, 28 қазан күні таңертең Қытай астанасы Пекиндегі бас алаң – Тяньаньмэньде жүрген жұрт арасына кіріп кеткен автокөлік алдымен жарылып, сосын жана бастаған. Оқиға алаңның солтүстік бөлігінде, «Жабық қалаға» кіретін қақпаға жақын тұстағы Мао Цзе Дуньнің үлкен суреті ілінген маңда болған. Жергілікті БАҚ оқиға салдарынан автокөлікте отырған үш адамның қаза болғанын хабарлады. Сонымен бірге бірнеше жаяу жүргінші зардап шеккен, арасында туристер де бар. Оқиға орнына полиция, өрт сөндірушілер мен дәрігерлік жедел жәрдем жеткен. Полиция алаңды қоршап, ол жерге журналистер мен фотографтарды жібермеді. Билік орындары бұл оқиға туралы әзірге ешқандай түсінік берген жоқ.

XS
SM
MD
LG