Accessibility links

«Шәкерім әндерін 70-жылдардан айтқан» әнші


Әнші Жәнібек Кәрменов. 1972 жыл. (Сурет отбасылық альбомнан алынды).
Әнші Жәнібек Кәрменов. 1972 жыл. (Сурет отбасылық альбомнан алынды).
22 маусым күні әнші Жәнібек Кәрменовтің дүниеден өткеніне жиырма жыл толады. «Ол тек әнші, орындаушы, зерттеуші ғана емес, Шәкерім әндерінің алғашқы насихатшысы болды» деп еске алады бүгінде оның көзін көргендер.

Әншінің жары Тұрар Тұрсынханованың айтуынша, Жәнібек Кәрменов Шәкерім әндерін ертеден айтып жүрген.

– Біз 1972 жылы үйлендік. Оған дейін таныс-біліс болдық. Сол жылдары ол қатты мұңайған, күйзелген сәттерінде Шәкерімнің «Ең қызық жастық» деп аталатын әнін Абайдың «Сегізаяғына» салып орындайтын. Жас болдым, оның үстіне әнге онша әуестігім де жоқ болды. Сондықтан оның Шәкерімнің әні екенін де білмейтінмін. Бірақ осы әнді жиі айтатындықтан есімде қалып қойыпты да, кейін барып білдім ғой, – дейді әншінің зайыбы.

«ЖӘНІБЕКТІҢ ҮШ БАҒЫТЫ»

Зерттеуші Тұрсын Жұртбай «Жәнібек Кәрменовтің күллі шығармашылығын үш бағытта қарастыратынын» айтады.

–Біріншіден, Ақан, Біржан, Жүсіпбектер айтқан әндердің бояуын шәкірттеріне қаныға орындатты. Және ол осы бағыттағы Жүсекеңнің дауысын тікелей
Әнші Жәнібек Кәрменов Шар су қоймасында қайықпен серуендеп жүр. (Сурет отбасылық альбомнан алынды).
Әнші Жәнібек Кәрменов Шар су қоймасында қайықпен серуендеп жүр. (Сурет отбасылық альбомнан алынды).
жалғастырған, сол мектептің үзілмей бүгінге жетуіне үлес қосты, – дейді.

Тұрсын Жұртбайдың айтуынша, «әншінің екінші бір бағыты – қазақы терме-толғауларды күй ырғағымен өңдеуі».

– 80-жылдары Ақселеумен тіл табысып, Ақтамберді толғауларының, Әсет пен Кемпірбайдың қоштасуының елге кең таралуына тікелей себепші болды. Осы арқылы қазақ ән дәстүрінің бағытытын жаңа деңгейге көтерді, – дейді Тұрсын Жұртбай.

Зерттеуші «Жәнібек Кәрменов өмірден өтерден бір жарым-екі жыл бұрын шығармашылығының үшінші бір бағытын айқындағанын» айтады.

– Ол бұрын айтылмаған, дауыс ырғағы да, бояуы да, тақырыбы мен орындалу ырғағы да мүлдем бөлек концерттік бағдарлама дайындап жүр еді. Біз айтып отырған, Шәкерім шығармашылығына арналған концерті осы үшінші бағыттың бір бөлімі ғана болатын. Бірақ өмірдің қиын-қыстау кезеңіне тап болды да, көктемде өтуге тиіс концерт күзге шегерілді, – деді Тұрсын Жұртбай Азаттық тілшісіне.

"Әсет пен Кемпірбайдың қоштасуы"
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:26 0:00
Жүктеп алу

«ОЛ УАҚЫТТА ШӘКЕРІМ ӘНДЕРІН ТАБУДЫҢ ӨЗІ ҚИЫН БОЛАТЫН»

Шәкерім әндерін Жәнібек Кәрменовтің ел алдында алғаш ашық орындаған кезі – 1989 жыл.

– 1989 жылы Шәкерім атамыз ақталғаннан кейін Абай жерінде ақынның 130 жылдық мерейтойы аталып өтті. Сол тойдан кейін Жәнібек қасына марқұм Келденбай Өлмесековті ертіп жүріп, бүкіл Семей өңірін аралап, бір ай бойы «лекция концерт» берді. Оған жолдаманы Семейдің филармониясы берген еді, – деп еске алады Тұрар Тұрсынханова.

Абайдың әні "Бойы бұлғаң"
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:08 0:00
Жүктеп алу

Ғалым Тұрсын Жұртбайдың пікірінше, «Шәкерім ақталғаннан кейін оның әндерін телеэкран арқылы халыққа таныстырған да – Жәнібек».

– 1970-жылдары Шәкерімнің «Бұл ән – бұрынғы әннен өзгерек», «Қай жерде, қай сайда қалады басымыз?» секілді әндерін әр жерлерде айтып жүретін. Бірақ ақын
Әншілер Жәнібек Кәрменов (оң жақта) пен Қайрат Байбосынов. (Сурет отбасылық альбомнан алынды).
Әншілер Жәнібек Кәрменов (оң жақта) пен Қайрат Байбосынов. (Сурет отбасылық альбомнан алынды).
ақталған тұста жазушылар одағында жазушы Мұхтар Мағауиннің жүргізуімен ​Шәкерім әндеріне арналған алғашқы концертін берді. Ол концертті «Қазақстан» телеарнасы толығымен жазып алып көрсетті, – дейді Тұрсын Жұртбай.

Әнші Қайрат Байбосыновтың айтуынша, «Шәкерімнің ақталып, аты аталған тұс Жәнібектің Абай әндеріне бой ұрып, соны зерттеп, іздеп жүрген кезіне тап келген».

– Ол уақытта Шәкерімнің әндерін табудың өзі қиын – біреу біледі, біреу білмейді. Бұрын көп жерде жасырып айтып келді. Айтуға қорықты дегендей. Сондықтан да ақынның әндерін зерттеуге Жәнібек енді кірісіп жатқан кез еді, бірақ көп нәрсеге үлгере алмай кетті, – дейді әншінің әріптес досы.

Бір өкініштісі, Жәнібек Кәрменовтің орындауындағы Шәкәрім әндері жазылған үнтаспалар еш жерден табылмады.

"Ағажай, Алтай" халық әні
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:38 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG