Accessibility links

«Желтоқсандықтардың» саяси-құқықтық мәртебесі туралы заң қажет


1986 жылы желтоқсан оқиғасы кезінде Алматының орталық алаңына бара жатқандар. (Мемлекеттік орталық мұрағаттан алынған фотокөшірме)

1986 жылы желтоқсан оқиғасы кезінде Алматының орталық алаңына бара жатқандар. (Мемлекеттік орталық мұрағаттан алынған фотокөшірме)

Қазақстан парламенті сенатының депутаты Мұрат Мұхаммедов үкіметке 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандардың саяси-құқықтық мәртебесін анықтайтын заң жобасын дайындау жөнінде ұсыныс жасады.

Желтоқсанның 14-і күні Қазақстан парламенті сенатының жалпы отырысында депутат Мұрат Мұхаммедов 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысты арнайы заң жобасын дайындау жөнінде мәселе көтерді.

– Бүгін желтоқсан оқиғасына 25 жыл толады. Бірақ осы күнге дейін желтоқсан оқиғасы мен оған белсенді түрде қатысқандардың саяси-құқықтық мәртебесі әлі анықталған жоқ. Сондықтан желтоқсаншылардың мәртебесін анықтайтын заң қабылдау қажет деп ойлаймын, – деді Қазақстан премьер-министрінің атына депутаттық сауал жолдаған Мұрат Мұхаммедов.

Ол ел үкіметі құрамына парламент депутаттары, ішкі істер министрлігінің, ұлттық қауіпсіздік комитетінің, бас прокуратураның, әділет министрлігі мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіретін комиссия құруы керек деп санайды.

Ал, парламент сенатының төрағасы Қайрат Мәми депутат Мұхаммедовтың орынды мәселе көтеріп отырғанын, бірақ «өз пайым-пікірін айтқан кезде абай болуы керектігін» депутатқа ескертуді жөн санады.

– Мәселені жете талдау керектігі – бұл дұрыс. Бірақ, сіз айтып отырғандай, осы күн көтеріліс болғаны себепті Тәуелсіздік күні деп жарияланған жоқ, мен бұны дұрыс емес деп санаймын. Дәл осы күні тәуелсіздік туралы декларация қабылданғандықтан Тәуелсіздік күні деп жарияланған. Сондықтан, саяси қателік болмасы үшін тағы да қарап шығыңыз, – деді Қайрат Мәми.

1986 жылы желтоқсанның 17-і мен 18-і күндері советтік Қазақстанға сырт жақтан жаңа басшы тағайындау туралы Мәскеудің шешіміне қарсылық білдіріп, қазақ жастарының бейбіт талаптармен Алматының орталық алаңына шыққанына осы аптаның соңында 25 жыл толады. Совет билігі сол кезде халық наразылығын милияция жасағы және әскердің күшімен қатаң басып-жаншыды, кейін бірнеше ондаған адам қылмыстық жауапқа тартылып, сотталды.

Ал 1991 жылы желтоқсанның 16-сы күні Қазақстан парламенті тәуелсіздік туралы декларция қабылдаған еді.

Парламент сенатының депутаты Мұрат Мұхаммедовпен сұқбатты тыңдаңыздар:

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG