Accessibility links

Үйлерін су басқан тұрғындар наразы


Тұрғындар су басқан үйлерінің маңына шатыр тігіп алды. Жезқазған, 1 қазан 2012 жыл. (Суретті Наталья Соколюк берген).

Тұрғындар су басқан үйлерінің маңына шатыр тігіп алды. Жезқазған, 1 қазан 2012 жыл. (Суретті Наталья Соколюк берген).

Жезқазған тұрғындары бір ай бұрын топан су басқан үйлерінің әлі жөнделмегенін, әр үйге берілген 150 мың теңге қайырымдылық ақшасы екенін айтады.

Жезқазғанда қыркүйектің 29-ы күні нөсер жаңбырдан сел жүріп, Қостанкелді ықшам ауданында жүзден астам үйді топан су басқан еді. Апаттан екі адам көз жұмған. Қазір 131 үй күрделі және жартылай жөндеуден өтуі тиіс. Алайда тұрғындар оған қаржы жоқ екенін айтады.

БІР АЙДА ЖЕТКЕН МЫҢ ДОЛЛАР

Өспейжамал Мәулетова – үйі апаттан қатты зардап шеккен тұрғындардың бірі. Оның айтуынша, бес бөлмелі үйінің барлық қабырғасы жарылып кеткен.

– Комиссия көріп, түсіріп алып кеткен. Әлі үн жоқ. Үйдің ішіндегі суды насоспен шығардық. Су кеткенімен әлі сазда жатырмыз. Шатырымыз жабық, бірақ ол бір жаққа қарай ауып кетіп барады, - деп кейіді 60 жастағы қарт ана.

Өспейжамал Мәулетованың сөзінше, бірнеше күн бұрын зардап шеккен тұрғындарға 150 мың теңге (1000 АҚШ доллары) көлемінде қаржы берілген.

– Әр үйге 150 мыңнан берді. Ал біз бір үйде 18 адам тұрамыз. Он немерем, Су тасқыны. Жезқазған, 29 қыркүйек 2012 жыл.

Су тасқыны. Жезқазған, 29 қыркүйек 2012 жыл.

келіндерім мен ұлдарым бар. Бұл ақша қай жыртығымызға жамау болады? Бір куб ағаш тие ме? Менің бес бөлмеме жете ме? Қабырғалары жарылмағандар өз күштерімен үйлерін жөндеп, кіріп алды. Ал мен секілділер отырмыз. Немерелерім – туыстарымыздың үйінде, бір ұлым Марғұлан – ауруханада, – деді әжей.

Оның айтуынша, ұлы Марғұлан көмектен күдер үзіп, наразылық ретінде палатка құрып, сонда тұрған екен. Алайда екінші күні қан қысымы көтеріліп, жедел жәрдеммен ауруханаға түскен.

– Өзінің бұрыннан да қан қысымы бар еді. Екінші күні қысымы 240-қа жетіп, ауруханаға түсті. Басына қан үйып, бірнеше күн бұрын операция жасады. Пластмасса салады дейді тағы да, – дейді Өспейжамал Мәулетова.

«ӘКІМДІКТЕН КӨМЕК АЛМАДЫҚ»

Жезқазғанның тағы бір тұрғыны Наталья Соколюк осымен бесінші рет топан судың астында қалғанын айтты. «Қанша апатқа дайындалып, алдын-ала қамданғанымен, екі-үш жыл сайын су астында қаламыз» дейді ол.

– Көктем сайын еріген қардан сескеніп, үйде бір, аулада екінші насос орнатқан едік. Күзде мұндай болады деп кім ойлаған. Үйдегі барлық тұрмыстық техника істен шықты, жиһазымызды қоқысқа тастауға тура келді. Жөндеп, кәдеге Су тасқынынан соң. Жезқазған, 29 қыркүйек 2012 жыл.

Су тасқынынан соң. Жезқазған, 29 қыркүйек 2012 жыл.

жарататындарын алып қалдық. Осы жолғы апаттан шыққан шығынды өтеу үшін 700 мың теңге керек екен. Ал бізге 150 мың беріп отыр. Әкім қосымша құжаттар жинап, қала бюджетінен тағы 100 мың теңгеден береміз деп отыр. Ал қалғанын мен қайдан аламын, – деді ол Азаттық тілшісіне.

Наталья Соколюктің айтуынша, зардап шеккен тұрғындар әкімдіктен әлі көмек ала алмай отыр.

– Зардап шеккен 131 үйге берілген 150 мың теңге бізде құрылған «Демеу» қайырымдылық қорына келіп түскен қаржыдан беріліп отыр. Қорға барлығы 22 миллион теңге жиналған екен. Қорға қарапайым тұрғындар, корпорация мен мемлекеттік қызметте жүрген жұмыскерлер қаржы жинаған. Сол 22 миллионның 2 миллионнан астамы көмір алуға жұмсалыпты. Сөйтіп бізге екі тоннаға жуық көмір түсіріп берді. Алайда о баста әр отбасына үш тонна көмір тегін беріледі деп айтылған еді, – дейді Наталья Соколюк.

Ол кісі де өзге тұрғындар секілді үйін толығымен жөндеп алғанша қызы мен немересін туыстарына жіберуге мәжбүр болғанын айтты. Қазір үйінің еденін өз күшімен ауыстырып жатыр.

Азаттық тілшісі бұл мәселеге қатысты Жезқазған қаласының әкімі Бауыржан Шыңғысовқа хабарласқанда ол өзінің жиналыста отырғанын айтып, кейін сөйлесуімізді өтінді. Алайда жұмыс күні аяқталғанша әкім ұялы телефонының тұтқасын көтермеді.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG