Accessibility links

«Жасың ұлғайған сайын түп-тамырыңды тануға тырысасың»


Мәдениеттанушы Зира Наурызбаева. Сурет әлеуметтік желіден алынды.

Мәдениеттанушы Зира Наурызбаева. Сурет әлеуметтік желіден алынды.

Мәдениеттанушы Зира Наурызбаева Азаттыққа берген сұхбатында «қазақ мәдениетінің қайнар көзін жыраулардың дүниетанымынан іздеу керек дейді.

Мәдениеттанушы әрі сценарист Зира Наурызбаева Азаттықпен сұхбатында «Қазақтың мәңгілік аспаны» (кітап орыс тілінде жазылған, орыс тіліндегі атауы - «Вечное небо казахов» - Азаттық) кітабында тұжырымдалған ойлары - Қазақстандағы мәдениеттану ғылымының даму ерекшеліктері, қазақ мәдениетінің түпкі тарихына қатысты ізденістері туралы әңгімелейді.

Азаттық: «Меломан» сауда желісі деректеріне сәйкес, сіздің «Қазақтың мәңгі аспаны» атты кітабыңыз жуырда Қазақстан бестселлерлері тізіміне кірді. Бұл кітабыңыз, ондағы зерттеу не жайлы?

Зира Наурызбаева: Мен Алматы қаласында туып-өстім, орыс мектебінде оқыдым. Орыс, Еуропа, Үнді, Қиыр Шығыс елдері мен халықтары мәдениеті туралы көп оқыдым. Ал қазақ мәдениетінен хабарым аз болыпты. Бірақ жасың ұлғайған сайын адам өзінің түп-тамырын түсінуге тырысады екен. Зерттеулерім арқылы осы бастауларға оралуға тырыстым. Бұл - 20 ғасырдың екінші жартысы мен 21 ғасырдың басында өмір сүрген қазақтардың көбіне тән жағдай.

Меніңше, «Қазақтың мәңгі аспаны» кітабының интеллектуалдық, рухани тұрғыдан менімен тағдырлас оқырмандары да қазақ мәдениеті туралы көбірек білгісі келеді. Кітап қазақ халқының мифтері мен салт-жораларына, нақтырақ айтқанда, оларды қайта жаңғыртуға, зейіндеуге, талдап түсіндіруге арналған. Мен қазақ мәдениетінің жауынгер музыканттары мен жыраулардың ішкі дүниесін көрсетуге тырыстым. Кітапта олардың дүниетанымы, әлемнен өз орнын табуға ұмтылысы, салт-жоралары суреттелген. Бұл салт-жоралардың мифологиялық негізін де талдауға тырыстым.

Азаттық: Кейбір сыншылар «кітаптағы идеялар шынайы өмірмен жанаспайды, тілі тым күрделі» дейді. Бұған не дер едіңіз?

Заира Наурызбаева: Рас, кітапта күйдің метафизикалық болмысы, семиотикалық қырлары сияқты қарапайым тілдің ырқына көнбейтін күрделі тақырыптар бар. Бірақ жеңіл тақырыптарға арналған көптеген тараулары көпшілік журналдар, интернет басылымдарына арналған мақала сияқты жазылды. Жалпы, кітапты тұтас оқып шығу Зира Наурызбаева (сол жақта) мен мәдениеттанушы Мұрат Әуезов (сол жақтан - екінші) "Қазақтың мәңгілік аспаны" кітабының тұсаукесерінде отыр.

Зира Наурызбаева (сол жақта) мен мәдениеттанушы Мұрат Әуезов (сол жақтан - екінші) "Қазақтың мәңгілік аспаны" кітабының тұсаукесерінде отыр.

міндетті емес. Жеке-жеке тақырыпты қамтыған тараулардың ішінен ең қызықты және түсініктісін таңдап оқуға болады. Ал «шынайы өмірмен жанаспайды» деген сыншыларға «жақсы теориядан ыңғайлы ештеңе жоқ» деген бұрыннан белгілі сөзді айтқым келеді.

Азаттық: Қазақстандағы мәдениеттану ғылымының жалпы дамуын қалай бағалар едіңіз?

Зира Наурызбаева: Ешкімді ренжіткім келмейді, бірақ меніңше, Қазақстандағы мәдениеттану ғылымы негізінен ғылыми институттардан тыс ортада дамып келеді. Бұл ретте мифология, лингвистика, тарих, тарихи география, фольклористика ғалымдарын ұштастыра зерттеген ғалым Серікбол Қондыбайды (1968-2004) атасақ жетеді. Сондай-ақ, батыс жұрты жақсы баға берген, бірақ өзімізде онша таныс емес семиотиканың жаңа концепциясын жасаған Әлібек Малаевты атауға болады. Жоғарғы оқу орындары мен институттарда талай қызықты зерттеулер жүргізілгенімен, оның нәтижелерімен сырт адам таныса алмайды. Ілуде бірі ғана қызықты мақалалар тиражы шағын ведомстволық басылымдарда ешкімге көрінбей қалады.

Азаттық: Сұхбатыңызға рахмет.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG