Accessibility links

Біржан мен Бақыттың айтысы


Біржан Байтуов. Шымкент, 15 наурыз 2013 жыл.

Біржан Байтуов. Шымкент, 15 наурыз 2013 жыл.

Шілденің 8-9-ы күндері Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында «Ел, Елбасы, Астана» деген атпен ақындар айтысы өтті. Алғашқы күні айтысқан 20 ақынның арасынан іріктеліп шыққан он адам екінші күні бес жұп болды. Екінші күні бесінші жұпта Біржан Байтуов пен Бақыт Жағыпарұлы айтысты.

Сөз бастаған Біржан Байтуов айтыстың тақырыбын – Астана қаласын өлеңге қосты.

– Астана Сарыарқамның сәні болды,
Алаштың қалықтаған әні болды.
Көркіне көз тоймайтын кербез шаһар,
Қуанышқа кенелтті қалың елді.
Бәйтерегі бүр жарып қақ төрінде,
Берекелі бейбіт күн таңы келді.

Оның қарсыласы Бақыт Жағыпарұлы Қазақстандағы өзге қалаларды да Бақыт Жағыпарұлы. Астана, 8 шілде 2013 жыл.

Бақыт Жағыпарұлы. Астана, 8 шілде 2013 жыл.

сипаттады:

– Астана – абаттанған нұрлы қала,
Қарағанды – көмірлі, ұнды қала.
Жасыбайдың жағасын жатқа берген,
Павлодар – Ертістай сулы қала.
Өгейдей Өскеменге жалтақтайды,
Семейдей қасіретке нулы қала.
Ұшырған «Протоны» күнде құлап,
Байқоңыр болып кетті улы қала.
Оқжетпес қолжетпеске айналмасын,
Көкшетау – қарағайлы нулы қала.

Қазылар алқасы бұл айтыста Біржан Байтуов жеңді деген шешім қабылдады.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG