Accessibility links

Астанадағы айтыс: Рүстем мен Мейіржан


Рүстем Қайыртайұлы, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 жыл.
Рүстем Қайыртайұлы, айтыскер ақын. Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы, 15 қыркүйек 2011 жыл.

Желтоқсаннның 2-сі мен 4-і аралығында Астанада Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Тәуелсіз елдің таңы жарық» деген ақындар айтысы өтті.


Алматылық Рүстем Қайыртайұлы мен астаналық Мейіржан Әлібеков айтыстың екінші күні кездесті.

Қос ақын да өздеріне дейінгі айтыскерлер секілді Астананың көркін жырлауға баса мән беріп отырды.

Сөз бастаған Рүстем Қайыртайұлы тәуелсіз елдегі тәуелділік мәселесін былай астарлап айтты:

–Қожасы болсақ-тағы бұл даланың,
Біреу келді «төріңе озамын» деп.
Біреу келді «кеніңді қазамын» деп,
Біреу келді «қолымды созамын» деп.
Режиссер болғым келеді менің кейде,
Меңгере алмасам да о жағын көп.
Бір кино түсірер ем тым болмаса,
Назарын өзгелердің аударар көп.
Күн сайын көрсетер ем әлгілерге,
«Біліңдер, бұл жерге мен қожамын!» деп.

Ал Мейіржан Әлібеков қоғамдағы рушылдық мәселесін сөз етті:

– Жұмыс сұрап жолықсаң кей бастыққа,
Ойлайды тамыр-таныстық қуып жүр деп.
«Қай жерде білім алдың?» деп сұрамай,
Деп сұрайды «Қай жерде туылдың?» деп.
«Танысым боп шыға ма?» деген оймен,
Онан кейін сұрайды «руың кім?» деп.

Айтыстың радио нұсқасын әр аптаның сейсенбісінде, сағат 19.30-20.00 аралығында Азаттық радиосының әуе толқынынан тыңдай аласыздар.
please wait

No media source currently available

0:00 0:29:33 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG