Accessibility links

Қазақстанның шикізаты қызықтыратын Саркози 2010 жылы Астанада өтетін ЕҚЫҰ-ның саммитіне келуге уәде етті


Франция президенті Николя Саркози Қазақстанда.Астана, 6 қазан, 2009 жыл.
Франция президенті Николя Саркози Қазақстанда.Астана, 6 қазан, 2009 жыл.

Франция президенті Николя Саркозидің Қазақстандағы сапары басқа салалардағы қарым-қатынас мәселелерінен гөрі елдің экономикалық мүдделерін көбірек көздегендей болды. Бірқатар екіжақты келісімдер жасалды, ал адам құқтары мәселесі сырт қалып қойды.

Ақордадағы кездесу мен журналистер алдындағы баспасөз-мәслихатынан кейін екі ел президенттері бизнес-форумға қатысты.

Қазақстан мен Франция кәсіпкерлерінің бизнес форумында сөйлеген сөзінде Николя Саркози:

"Бізді сіздердің қуат көздеріңіз, шикізаттарыңыз қызықтырады. Бізде әлемдегі ең озық үлгілі кәсіпорындар бар және сіздер бізге сенім артады деп білеміз. Біз сіздердің шахталарыңыз бен кен орындарыңызды пайдаланамыз, ол үшін біздің жеткілікті тәжірибеміз бар. Біз сіздердің бұл аймақта қандай саяси маңызды роль атқаратындарыңызды білеміз,- деп атап көрсетті.
Франция президенті Николя Саркози және Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Астана, 6 қазан 2009 жыл.


Сапар қорытындысында мемлекет басшылары аймақтық қауіпсіздік, жерсерігі, энергетикалық, атом өнеркәсібі, әскери техникамен қамтамасыз ету, транспорт және байланыс секілді нақты жобаларға қол қойды. Сондай-ақ Қазақстанда мұнай құбырын салатын франциялық кәсіпорын жөніндегі мәселелерді сөз еткендерін айтты.

Сонымен бірге президенттер жылына өздері бір рет бас қосып тұратын «Назарбаев – Саркози» комиссиясы құрылғанын да жеткізді.

Бүгінде Қазақстанда 40-тан астам франсуз компаниясы тіркелген. Екі ел арасындағы сауда айналымы 6 млрд. доллардың үстінде. Ал Францияның Қазақстанға құйған инвестициясының көлемі 5 млрд. доллардан асады. Ал Қазақстан өз кезегінде Францияға 3 млрд. доллар көлемінде инвестиция берген.

Қазақстанда тіркелген француз компанияларының дені мұнай-газ, атом өнеркәсібі саласында жұмыс істейді. Атап айтқанда, Еуропаның энергетика саласындағы ең ірі франциялық «Тоталь» және «Газ де Франс» компаниялары қазақ жеріндегі «Хвалынское» мұнай кенішін игеруге қатысатын болады. Яғни, аталмыш кеніштің 25 пайызы жоғарыда аталған франциялық компаниялардың үлесіне тиесілі. Сонымен бірге франциялық «Кожема» компаниясы «ҚазАтомПроммен» бірге Мойынқұмдағы уран кенішінде жұмыс істеп жатыр.

Айта кету керек, адам құқығын қорғаушы «Хьюман Райтс Вотч» ұйымы Николя Саркозиға ресми сапары барысында Қазақстанды адам құқығы талаптарын сақтауға шақыруға кеңес берген еді.
Франция президенті Николя Саркози қазақ-француз бизнес-форумында. Астана, 6 қазан 2009 жыл.

- Орталық Азия елдерінің демократиялық құндылықтарына қатысты сыни пікірлер аз емес. Бұл елдерге сын айту үшін, расында тарихына, дәстүріне назар аудару керек. Мен Қазақстан президентімен жеке кездесу барысында көптеген мәселені көтердім. Демократиялық құндылықтарда проблема бар. Ең дұрыс жол – қордаланған проблеманы реттеу керек. Бұл тақырыпта біз президентпен сөйлестік. Бұл үйрету үшін келді деген сөз емес. Дос ретінде келіп, проблеманың шешу жолына көмек беру. Ең бастысы Қазақстанда ұмтылыс бар. Осы тұрғыдан, дамыған мемлекеттер қатарына ұмтылушы ел ретінде мен Қазақстанға қолдау білдіремін, - деген Франция президенті Николя Саркози Қазақстан президентіне 2010 жылы Астанада өтетін ЕҚЫҰ-ның саммитіне келіп, қатысуға уәде етті .

-Біздің міндет Орталық Азия аймағын Батыспен жақындастыру. Қазір барлық пост советтік мемлекеттер ЕҚЫҰ-ға қарсы. Себебі, ЕҚЫҰ шенеуніктері тек адами өлшеммен ғана айналысып кетті. Бірақ одан да маңызды қауіпсіздік, экономика, экология тақырыптары бар ғой. Тек бір жақты қарамау керек, - деп тұжырымдады өз сөзін Қазақстан президенті.
XS
SM
MD
LG