Accessibility links

Қырғыз-қытай шекарасында атыс болды


Қызыл шеңбермен белгіленген тұс - Қырғызстан мен Қытай шекарасындағы атыс болған жер.
Қызыл шеңбермен белгіленген тұс - Қырғызстан мен Қытай шекарасындағы атыс болған жер.

Қырғызстанның Қытаймен шекарасында өткен түні қырғыз шекарашылары мен белгісіз қарулы топ арасында атыс болды.

Қырғызстан шекара қызметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23 қаңтар күні қырғыз азаматын өлтіріп, Ыстықкөл шекара заставасы әскерлерімен атысқан қарулы топ жойылған.

Қарулы топ қырғыз-қытай шекарасынан 40 шақырым жерде бекініп алып, шекарашыларға берілуден бас тартқан дейді арнайы қызмет. Қаза тапқан адамдардың кімдер екені тексеріліп жатыр.

Бұл оқиға кезінде бір қырғыз шекарашысы жеңіл-желпі жараланған.

Бұған дейін Қырғызстан шекара қызметінің баспасөз хатшысы Гүлмира Борубаева "қарулы сегіз адам Ыстықкөл облысындағы шекара заставасы маңында жергілікті орманшыны өлтіріп, шекарашыларға оқ атты, атыстан шабуыл жасаушылардың екеуі қаза тапты" деп хабарлаған еді.

Борубаеваның сөзіне қарағанда, қарулы адамдар Қырғызстанға қырғыз-қытай шекарасы арқылы өткен болуы мүмкін.

Қырғыз премьер-министрі Жантөрө Сатыбалдиев елдің солтүстігіндегі Ыстықкөл облысына ұшып барды.
XS
SM
MD
LG