Accessibility links

Құрманбек Бакиев өмірлік түрме жазасына кесілді


Құрманбек Бакиев жақтастары алдында сөйлеп тұр. Ош, 15 сәуір 2010 жыл.

Құрманбек Бакиев жақтастары алдында сөйлеп тұр. Ош, 15 сәуір 2010 жыл.

Қырғызстанда 2010 жылғы сәуір оқиғасы бойынша үш жарым жылға созылған сот бүгін аяқталды. Бұл іс бойынша айыпталған азаматтарға ауыр жазалар берілді.

Бішкек гарнизонының әскери соты шілденің 25-і күні Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевті, ол президент қызметін атқарған кезеңде мемлекеттік күзет қызметінің жетекшісі болған бауыры Жаныш Бакиевті, сол кездегі премьер-министр Данияр Үсеновті өмір бойы түрмеде отыру жазасына сырттай кесті.

Бұл үшеуіне «2010 жылы сәуір айында билікке наразылық білдіріп, алаңға шыққан азаматтарды атуға бұйрық берді» деген айып тағылған.

Қырғыз соты Құрманбек Бакиев тұсында президент аппараты жетекшісі болған Қаныбек Жороевты, президент кеңесшісі болған Елмырза Сатыбалдиевті, бас прокурор болған Нұрлан Тұрсынқұловты 10 жылға бас бостандығынан айырды. Олар сот залында қамауға алынды.

Бұл істе 28 адамға айып тағылған еді. Бүгінгі үкім бойынша олардың біразы ұзақ мерзімдегі түрме жазасына кесілді.

БАКИЕВТІҢ ПРЕЗИДЕНТТІК ҒҰМЫРЫ

Құрманбек Бакиев билікке Қырғызстандағы 2005 жылғы төңкерістен кейін келген еді. Сол жылы көктемде сайлау нәтижесіне наразы халықтың оңтүстікте басталған толқуынан кейін ел президенті Асқар Ақаев қызметінен бас тартып, Мәскеуге шұғыл кеткен.

Құрманбек Бакиев билікке ие бола бір жылдан аса-ақ Қырғызстанның белгілі саясаткерлері оның жоғары лауазымды туыстарынан қысым көре

Билікке қарсы шеру. Бішкек, 7 сәуір 2010 жыл.

Билікке қарсы шеру. Бішкек, 7 сәуір 2010 жыл.

бастағаны айтылды. «Асқар Ақаевтың өзі мен отбасы мүшелерінің дүние-мүлкін тексеретін парламенттік комиссия құру керек» деген Құрманбек Бакиев көп ұзамай-ақ Қырғызстанда саяси реформа жасау ниетінен айнып қалды. Бакиев Ақаевтан да асып түсті» деп пікірлер айтылды.

Екі жыл өтпей Бакиевке қарсы халық наразылығы шерулерге ұласты. Наразылық білдірушілер «Құрманбек Бакиев президенттік билікті нығайтуға тырысты, конституцияны өзіне ыңғайлап өзгертті, саяси реформа жүргізіп, сыбайлас жемқорлықты тоқтатуды талап еткен оппозициялық күштерді жаппай қудалады, белгілі саясаткерлердің өлтірілуіне себеп болды» деген ұран тастаған.

Құрманбек Бакиев биліктен кетерінен бірер апта бұрын еліндегі «Батыс үлгісіндегі демократияны қайта қарайтын уақыт келгенін», «адам құқықтары мен сайлаулар негізіндегі демократия Қырғызстан үшін бұдан былай қажет болмауы мүмкін» екенін айтқан.

2010 жылы сәуір айында бірнеше күнге созылған, 77 адам оққа ұшып, 300-дей адам жараланған халық наразылығынан кейін Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев қызметінен қуылған.

Ол 2010 жылы сәуірдің 15-і күні президенттік қызметінен бас тартып, өзінің отбасымен бірге қазақстандық әскери ұшақпен Тараз қаласына ұшып келген. Ертеңіне баспасөз мәслихатын өткізген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан көрші елді азаматтық соғыстан аман сақтап қалғанын, Құрманбек Бакиевті Жалал-Абадтан алып шыққан ұшқыштарды наградаға ұсынғандығын» мәлімдеген.

Құрманбек Бакиев елінен қашып шыққан соң Беларусьте баспасөз мәслихатын өткізіп отыр. Минск, 23 маусым 2010 жыл.

Құрманбек Бакиев елінен қашып шыққан соң Беларусьте баспасөз мәслихатын өткізіп отыр. Минск, 23 маусым 2010 жыл.

Қырғыз соты 2010 жылғы қанды оқиғадан кейін Құрманбек Бакиев пен жақындарына қарсы іс қозғап, бірнеше туысын сырттай соттаған.

2010 жылдың сәуір айынан бері кей жақындарымен бірге Беларусьте тұратын Құрманбек Бакиевтің 2013 жылы маусым айында ақпарат құралдарына берген сұқбатында өзінің сол ел азаматтығын алғанын, сондықтан Қырғызстанға экстрадициялануы мүмкін еместігін, ал 2010 жылы сәуір оқиғасы кезінде қаза болғандар үшін өзінен кейін билікке келгендер жауап беруі тиіс екендігін мәлімдеген.

Беларусь билігі Бішкектің талабы «саяси мақсатты көздейді» деп, Бакиевтерді Қырғызстанға беруден бас тартқан.

  • 16x9 Image

    Асылхан МАМАШҰЛЫ

    1973 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. 1994 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда пединститутын бітірген. 1997-2000 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасында оқыған. "Қазақ энциклопедиясы" баспасында (2001-2007), республикалық "Ана тілі" газетінде (2007-2009) , "ABDI-press" орталығында (2009-2010) жұмыс істеген. 2011 жылдан Азаттық радиосының тілшісі.

    Тарихи, саяси мәселелер тақырыбында жазады, белгілі тұлғалардың саяси портреттерін жасайды. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG