Accessibility links

Бакиев дәуіріндегі кісі өлімі Қырғызстандағы жаңа сайлауға көлеңке түсіріп тұр


Қырғызстан президенті әкімшілігінің бұрынғы жетекшісі Медет Садырқұловты жерлеу рәсімі. Қырғызстан, 12 сәуір 2009 ж.

Қырғызстан президенті әкімшілігінің бұрынғы жетекшісі Медет Садырқұловты жерлеу рәсімі. Қырғызстан, 12 сәуір 2009 ж.

Бакиевтің билігі тұсында қаза болған саясаткер Медет Садырқұловтың жұмбақ өліміне қатысты тергеу Қырғызстанда президент сайлауы қарсаңындағы шиеленісті жағдайға отқа май құйғандай әсер етіп отыр.


ТОСЫН ҚАЗА

2009 жылдың наурызында Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің тұсында аппарат жетекшісі болған өте беделді саясаткер Медет Садырқұловтың өлі денесі жанып кеткен көлік ішінен табылған еді. Жанған көліктің ішінен оның әріптесі мен жеке жүргізушісінің мүрдесі де шыққан.

Арада екі жылдан астам уақыт өткенде осы қанды оқиға 30 қазанда Медет Садырқұлов.

Медет Садырқұлов.

болатын президент сайлауына көлеңке түсіре бастады.

Медет Садырқұловты әуелі әбден қинап, тұншықтырып өлтірген соң денесін жеңіл көлікпен бірге өртеп жібергені айтылып отыр. Бакиев өкіметі бұл оқиғаны кездейсоқ көлік апаты деп жариялаған еді. Бірақ білетіндердің көбісі Садырқұлов содан бір апта бұрын қызметінен кетіп, саяси оппозициялық одақ құрмақ болған ниеті үшін тапсырыспен өлтірілді деп есептейді. Дәл осы оппозиция Бакиевті биліктен кетіруге үлкен үлес қосты.

Арада екі жарым жыл өткенде тергеушілер осы қанды оқиғаға қатысы болуы мүмкін деген күдікпен Медет Бакиев кезіндегі 30-дан аса шенеунікті қыспаққа алды. Бірнеше адам қамалып, басқалары шетінен тергеліп жатыр.

КҮДІКТІЛЕР

Бірақ өлімге қатысы бар негізгі қылмыскерді табу қиынға соғып тұр. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Мэлс Тұрғанбаевтың айтысына қарағанда, осы қастандықты ұйымдастырды және негізгі куәгер болды деген күдік 2010 жылғы көтеріліс кезінде үйін тастап, шетелге қашып Медет Садырқұлов (ортада) Қырғызстанның сол кездегі президенті Құрманбек Бакиевпен (сол жақта) бірге.

Медет Садырқұлов (ортада) Қырғызстанның сол кездегі президенті Құрманбек Бакиевпен (сол жақта) бірге.

кеткен Құрманбек Бакиевтің туған бауыры Жаныш Бакиевке тағылып отыр.

Мэлс Тұрғанбаевтың айтуынша, қазір Беларусь елінде тұрып жатқан Құрманбек Бакиев те күдікті болып шығуы әбден мүмкін.

– Жаныш Бакиев осы қылмыстық іс бойынша негізгі ұйымдастырушы ретінде белгілі. Қастандықты ұйымдастырған ол осы мақсат үшін арнайы қылмыстық топ құрған. Біз Құрманбек Бакиевке қатысты мәліметтердің бәрін қазір қарастырып жатырмыз және одан тергеу амалдары кезінде жауап алу үшін қажетті материалдарды дайындау үстіндеміз. Біз бұл қылмысқа тапсырыс берген соның өзі деп әзірше кесіп айта алмаймыз. Бірақ бұл елде қылмыстың мұндай түрлері оның мақұлдауынсыз жасалуы мүмкін емес екендігін ескеру керек, – деді Мэлс Тұрғанбаев.

ЕКІ ТҮСТІКТІҢ АРАСЫ

Көптеген мамандар ел онсыз да солтүстік және оңтүстік боп екіге жарылып, қауіпті жағдайда тұрғанда марқұм Садырқұловтың ісі 30 қазанда өтетін президент сайлауының алдындағы шиеленісті жағдайды одан ары асқындырып жіберуі мүмкін деп қорқады.

Тергеу кезінде қарауылға ілінген ресми адамдардың барлығына жуығы бір кезде Бакиевке қорған болған оңтүстік өңірдің азаматтары. 30 қазандағы Апат салдарынан екі адаммен қоса Медет Садырқұлов жанып кеткен делінетін автокөліктің қаңқасы табылған жер. 13 наурыз 2009 ж.

Апат салдарынан екі адаммен қоса Медет Садырқұлов жанып кеткен делінетін автокөліктің қаңқасы табылған жер. 13 наурыз 2009 ж.

сайлаудың бірінші айналымында нәтиже анық болмай қалса онда бұл жайт солтүстікте туып өскен премьер-министр Алмазбек Атамбаев пен оңтүстікте құрылған «Ата жұрт» партиясының жетекшісі Қамчыбек Тәшиевтің арасындағы текетірес одан ары күшейтіп жібермей ме деген алаң да бар.

Алмазбек Атамбаев жақын одақтасы ішкі істер министрі Зарлыбек Ырсалиев арқылы осы қылмыстық істі пайдаланып беделін өсіріп жатыр, президенттікке кандидат қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы хатшысы Адахан Мадумаровты «Садырқұловтың ісіне қатысы бар» деген сылтаумен тергеуге шақыртып, оның кандидатурасын әдейі әлсіретіп жатыр деп сынайтындар бар.

Мадумаровты парламент депутаттары аз ғана уақыт бұрын Ош облысында Жаныш Бакиевпен жасырын кездесіп тұрған деп айыптағанына қарамастан, ол барлық айыпты жоққа шығарды. Олардың талаптары мен таққан айыптары дәлелденген жоқ.

ТЕРГЕУ

Алмазбек Атамбаев пен қазіргі уақытша президент Роза Отынбаева екеуі де оппозияцияның мүшесі болып тұрғанда 2009 жылы Медет Садырқұловтың өлімін әділетті жолмен тексеріңдер деп талап еткен адамдардың алғашқылары болатын. Алайда қазір олардың кейбір жақтаушылары марқұмның ісі «саяси шоуға» айналып кетті дейді.

Енді біреулері қылмыстық істің қозғалғанын дұрыс деп санайды. Президент Роза Отынбаеваның әкімшілік басшысы және «Қанды жол» деп Болжам бойынша, жанып кеткен осы екі автокөліктің бірінің ішінде Медет Садырқұлов болған. 13 наурыз 2009 ж.

Болжам бойынша, жанып кеткен осы екі автокөліктің бірінің ішінде Медет Садырқұлов болған. 13 наурыз 2009 ж.

аталатын көркем шығарманың авторы Еміл Қаптағаев та Садырқұловтың өлімі бойынша қозғалған істің кейбір жайттарына назар аудартады. Құрманбек Бакиевтің билігі кезінде кісі өлімін жасырып, істі біржола жауып тастауға атсалысқан басшылардың барлығын биліктің жауапқа тартуы өте әділетті деп санайды.

– Біріншіден, біз қылмыстың болғанын анықтадық. Екіншіден, қылмысты кімдердің және қалай жасағандарына көз жеткізіп отырмыз. Олардың екеуі ірі тұлға: біріншісі – милиция офицері, екіншісі – Жаныш Бакиев. Енді бұл қылмыстың екінші жағы анықталып жатыр. Шындықты жасырып, елге ақиқат ақпараттарды жариялаудан жалтарып келген адамдардың бәрінің осы іске белгілі бір дәрежеде қатысы бар. Олар да жауап беруі керек. Бұл тергеу ісінің екінші кезеңі болмақ және біз ол жұмыстарды таяу күндері жүзеге асырамыз, – дейді Еміл Қаптағаев.

САЯСИ ӨЛІМ

Садырқұловтың ісі - Бакиев режимі кезінде болған оншақты саяси өлімнің бірі ғана. Мемлекеттік комиссия өткен көктемде Бакиев басқарған бес жыл ішінде 30-ға жуық адамның арнайы тапсырыс бойынша жер жастанғанын жариялады. Қылмыстық істердің көбісі сол күйі ашылмай қалған.

Медет Садырқұловпен бірге оппозицияға кетпес бұрын Құрманбек Билікке қарсы бас көтерген наразы жұрт президент Құрманбек Бакиевтің суретін өртеп жатыр. Бішкек, 8 сәуір 2010 ж.

Билікке қарсы бас көтерген наразы жұрт президент Құрманбек Бакиевтің суретін өртеп жатыр. Бішкек, 8 сәуір 2010 ж.

Бакиевтің қол астында премьер-министрдің орынбасары болып қызмет атқарған Елмира Ибраимованың сөзінше, Бакиевтің үй-іші өздерінің қатігездіктерін жасырып та әуре болмаған.

Ол осы талқыланып жатқан өлім Қырғызстанды өркениетті бағытқа бұру үшін ертең сайлауда дауыс берушілерге сабақ болса екен деп үміттенетінін айтады.

– Біздің елде кез-келген жағдай тууы мүмкін. Өкінішке қарай, тарихтың кез-келген сәтте басқа арнаға түсіп кететініне талай мәрте куә болдық. Мен елдің даналығына үміт артам. Олар Бакиев сияқтылардың қандай да бір түрде болса да, бұл елге қайта оралуына мүмкіндік бермеуі керек, – дейді Елмира Ибраимова.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG