Accessibility links

Ошқа кімнің әкім болатынын сайлау шешеді


Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош қаласының әкімі Мелис Мырзакматов. 26 қазан 2011 жыл.

Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош қаласының әкімі Мелис Мырзакматов. 26 қазан 2011 жыл.

Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош қаласының әкімі, осы өңірде 2010 жылы болған этникалық қақтығыстан кейін басы дауға іліккен Мелис Мырзакматовтың қазіргі орнында қалар-қалмасы қалалық кеңес сайлауынан кейін белгілі болады.


Наурыздың 4-і күні Ош тұрғындары қалалық кеңес депутаттарын сайлайды. Бұл – осы аймақтағы 2010 жылғы маусым оқиғасынан бергі бірінші сайлау. Қалалық кеңестегі 45 орыннан 8 партияның 706 кандидаты үмітті. Қалалық кеңестен көп орын алған партияның өкілі әкім болады.

15 МЫҢ ҚОЛДАУШЫНЫҢ ШЕРУІ

Ош әкімі Мелис Мырзакматовті сынаушылар «ол осыдан екі жыл бұрынғы этникалық қанды қақтығыстың алдын алмады» дейді. Егер «Ұлт бірлігі» партиясы қалалық кеңестен басым орын ала алмаса, әкім Мелис Мырзакматов орнынан кетуі керек.

Қырғыз билігі Мелис Мырзакматовты көптен бері қызметінен кетіре алмай жатыр Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың социал-демократ партиясы мен премьер-министр Өмірбек Бабановтың республикашылар партиясы Ош қаласының басшысына қарсы бірнеше ай бойы науқан жүргізген еді.

Ал кеше, наурыздың 1-і күні Мелис Мырзакматовтың 15 мыңнан аса жақтаушысы Ош қаласындағы шеру. 1 наурыз 2012 жыл.

Ош қаласындағы шеру. 1 наурыз 2012 жыл.

шеру өткізіп, үкіметтің орнынан кетуін талап етті. Оштың бұрынғы аймақтық полициясы басшысы Абдилда Карапов жиналған жұрт алдында сөз сөйлеп, «Ош қаласы толығымен әкімнің жағында» екенін айтты.

– Бәріміз Мелис Мырзакматовтың Ош әкімі болғанын қолдаймыз, – деді Абдилда Карапов.

Оштағы өзбектер Мырзакматов пен оның «Ұлт бірлігі» партиясын қырғыз ұлтшылдары деп қауіптенеді. Оштағы 2010 жылғы 400-ден аса адамның өмірін қиған этникалық қақтығыстардан кейін қырғыз бен өзбектің арасы суыған еді.

Осы дағдарысты реттеп, оның салдарын жою істеріне қатысты қала әкімі Мырзакматовтың тікелей өзіне көп сын айтылып жүр. Алайда «әкім қаланы сақтап қалды» деп, оны қорғаушылар да бар. Солардың бірі, Қырғызстанның коммунистік партиясы ақпан айында қалалық кеңеске өз кандидаттарын қатыстырмай, әкімнің партиясын қолдап шығатындарын мәлімдеген.

БІШКЕКПЕН ДҮРДАРАЗ ӘКІМ

Мелис Мырзакматовты сынаушылар «маусым қақтығысы басталғанда, оны тоқтатуға полицияны дер кезінде тартпай, Бішкектен түскен бұйрықты қабылдамай қойды» деп айыптайды.

– 2010 жылдың сәуір-мамыр айларындағы оқиғалар кезінде Мелис Мырзакматов Бішкекке бағынбады. Ол өзінің әрекетін дұрыс деп ойлады. Кейінгі оқиғалар сол кезде Мырзакматовтың іс-әрекеті дұрыс болғанын көрсетті. Ол өз адамдарын жақсы біледі. Содан бері «Мырзакматовтың бұрынғы билікпен байланысы болуы мүмкін» деген күдік туса да, қазіргі билік оны қызметінен ала алмай қойды, – дейді саясаттанушы Асқарбек Мамбеталиев.

Сол қақтығыс кезінде Роза Отунбаева жетекшілік еткен Қырғызстан билігі «елдің оңтүстігін билікке қарсы шығармақ болған бұрынғы президент Құрманбек Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев (ортада) және Ош қаласының әкімі Мелис Мырзакматов (оң жақ шетте) тұрғын үйдің ашылу шарасы кезінде. Ош, 17 ақпан 2012 жыл.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев (ортада) және Ош қаласының әкімі Мелис Мырзакматов (оң жақ шетте) тұрғын үйдің ашылу шарасы кезінде. Ош, 17 ақпан 2012 жыл.

Бакиевпен байланысы бар» деп, Мырзакматовты айыптаған еді. Бакиев 2010 жылдың сәуірінде биліктен айырылып, басқа елге бас сауғалар алдында туған жері Ош өңірін паналаған.

Мелис Мырзакматов Бакиевтің биліктегі партиясының негізгі адамдарының бірі болды. Ол 2007 жылы парламент депутаты, 2009 жылдан әкім болды. Бакиев Қырғызстанның оңтүстігіне қашқан кезде онымен кездескенін мойындағанымен, маусымдағы қақтығысқа ешбір қатысы жоғын айтқан.

Оштағы қантөгістен кейін сол кездегі президент Роза Отунбаева Ош әкімін орнынан кетірмек болды. Бірақ Мелис Мырзакматовтың 5 мыңдай қолдаушысы шеру өткізіп, Бішкек пен Бакиев жақтастарының арасындағы жаңа бір шиеленістің шетін шығарды – сол кезде қырғыз үкіметті де райынан қайта қойды.

Басы дауға іліккен Мырзакматов қақтығыстан қирап, өртенген Ош қаласын тезірек қалпына келтіруге күш салды. Талқандалған аудандарда көп қабатты пәтерлер салу жоспарына баса назар аударды. «Бірақ жаңа пәтер алғандардың көбі – баспанасыз қалған өзбектер емес, қырғыздар» дейді бақылаушылар.

Жексенбі, наурыздың 4-і күні Ош қаласында өтетін сайлауда сегіз партияның қайсысы жеңіске жететінін сауалнама жүргізген сарапшылар да болжай алмай отыр.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG